Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Сын есімнің мағыналық түрлері

28 мам 2015, Бейсенбі
Ақтөбе облысы, Мұғалжар ауданы,
Құмжарған негізгі мектебінің қазақ тілі әдебиет пәні мұғалімі
Балгарина Айзада Романовна

Сабақтың тақырыбы: Сын есімнің мағыналық түрлері
Сабақтың мақсаты:
а) Білімдік: Сын есімдердің мағыналық ерекшеліктерін таныту, жасалу жолдарын ажырата білуді меңгерту.
ә) Дамытушылық: Оқушылардың ой қабілетіне әсер ету арқылы өздігінен жұмыс әрекеттерін дамыту, тапқырлық, іздемпаздық, алған білімдерін пайдалана білу қабілеттерін арттыру.
б) Тәрбиелік: Сөздің мағынасына мән беруге тәрбиелеу, білім алуға, оқуға деген құштарлық сезімінің артуына ықпал ету.
Сабақтың типі: жаңа сабақ
Сабақтың түрі: аралас сабақ
Сабақтың әдісі: сұрақ - жауап, талдау, топтастыру
Сабақтың көрнекілігі: кеспелер, слайд

Сабақ барысы
Ұйымдастыру оқушылармен амандасып, түгендеп, зейіндерін сабаққа аудару
Үй тапсырмасын сұрау
Үй тапсырмасын бекіту
1. Сын есім дегеніміз не?
2. Тұлғасы жағынан сын есім нешеге бөлінеді?
3. Негізгі сын есім дегеніміз не?
4. Туынды сын есім дегеніміз не?

Жаңа сабақ
Мағынасына қарай сын есім сапалық сын есім және қатыстық сын есім болып екіге бөлінеді. Сапалық сын есім мен қатыстық сын есімнің айырмасы, ең алдымен, білдіретін мағынасына байланысты болады.
Заттың түр - түсін, сын - сапасын тікелей анықтайтын сын есімді сапалық сын есім дейміз. Мысалы: жақсы сөз
Ал заттың сын сипатын, әр түрлі белгісін басқа сөз табының қатысы арқылы білдіретін сын есімді қатыстық сын есім дейміз. Мысалы: өнерлі жі - гіт - өнердің неше түрін білетін жігіт.
Сын есім мағынасына қарай
Сапалық сын есім
Түбір күйінде заттың сынын тікелей білдіретін сын есім жақсы, үлкен, сүр, қызылдау

Қатыстық сын есім
Басқа сөз таптарынан жасалған сын есімдер өнер - лі, аш - ық, ас - палы, бой - шаң
Оқулықпен жұмыс.
• Сапалық сын есімдер
Ақшыл, жасыл, тәтті, үлкен, қымбат, жаман, қызылды - жасылды, кең, ұзын, қысқа.

• Қатыстық сын есімдер
Аттылы, сазды, балалы, жігерлі, отты, егінді, иманды, еріншек, айтқыш, көргіш, білгір, шексіз, жазғы, күзгі, былтырғы, алғыр, мінезді.

Семіз
Қысқа
Ақылды
Қоңыр

Өлеңдерді оқып, тақырыбын анықтап, соған қатысты мақал жазу, сын есімдерді ажырату.
Шығамын тірі болсам, адам болып,
Жүрмеймін бұл өмірде жаман болып,
Жатқаным көрде тыныш жақсы емес пе?
Жүргенше өмір сүріп надан болып.

Жарық көрмей жатсаң да ұзақ, кен тілім,
Таза, терең, өткір, күшті, кең тілім.
Тарап кеткен балаларыңды бауырыңа,
Ақ қолыңмен тарта аларсың сен, тілім!

«Бір сөзбен айтқанда» Сын есімдерді тауып, мағынасына қарай ажырату.
1. Айтқанға көне салатын, еш нәрсені байқамайтын адам
(аңқау – сапалық сын есім)
2. Тез ашуланатын адам (ашушаң – қатыстық сын есім)
3. Көрінгенге соқтыға беретін адам (сотқар – сапалық сын есім)
4. Керексіз көп сөйлейтін адам (мылжың – сапалық сын есім)
5. Бойы ұзын адам (бойшаң – қатыстық сын есім)
6. Әркімнің сыртынан жаман сөз айтып жүретін адам
(өсекші – қатыстық сын есім)

Кеспемен жұмыс
Мақал - мәтелдерден сын есімдерді тауып, мағынасына қарай ажырат
1. Талапты ерге нұр жауар.

2. Алыс жол атты сынайды,
Ауыр жол ерді сынайды.

3. Ақылды жігіт атқа да мінер,
Таққа да мінер

Төмендегі сын есімдерді қатыстырып сөйлем құра
Салмақты, ұзақ, көрікті, бағалы.

Төмендегі сөздерді тиісті сын есіммен тіркестір
Жазғы үй
Сары ырым
Ауыр бала
Биік дауыс
Жаман балапан
Әдепті демалыс
Көтеріңкі жүк
Өлең шумағынан сын есімдерді тауып, мағынасына қарай ажырат.
Жақсының жүзі жылы, сөзі майда,
Халқымның қалың жүнді көрпесіндей.
Жақсы болар баланың жүзі жақсы,
Орыстың күймей піскен бөлкесіндей.
Жақсыға үлкен - кіші бәрі жақсы,
Жасынан бірге өскен еркесіндей.

Сабақты бекіту
Венн диаграммасы. Сапалық және қатыстық сын есімдерді салыстыру
Бағалау.
Үй тапсырмасы:
15 383
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Сын есімнің мағыналық түрлері
Сын есімнің мағыналық түрлері
Сын есімнің мағыналық түрлерін біледі, сөйлем ішінен таба алады.
Сын есімнің мағыналық түрлері
Сын есімнің мағыналық түрлері
Сын есімнің мағыналық түрлері туралы мағлұмат бере отырып, ұқсас қосымшаларды, бір - бірінен ерекшелігін ажырата білуге үйрету. Танымдық қызығушылықтарын ояту.
Сын есімді қайталау
Сын есімді қайталау
Ешбір жұрнақсыз түбір күйінде айтылатын сын есімді негізгі сын есім дейміз. Жұрнақ арқылы жасалған сын есімді туынды сын есім дейміз.
Сан есімнің емлесі. Сан есімді қайталау
Сан есімнің емлесі. Сан есімді қайталау
Қызылорда облысы, Жаңақорған ауданы, № 163 орта мектебінің қазақ тілі пәні мұғалімі Ысмайылова Алтынсара
Сын есімнің мағыналық түрлері
Сын есімнің мағыналық түрлері
Сабақтың тақырыбы: Сын есімнің мағыналық түрлері
Сын есімнің мағыналық түрлері
Сын есімнің мағыналық түрлері
Қостанай облысы, Қостанай ауданы, Озерный орта мектебінің қазақ тілі мен әдебиет пәнінің мұғалімі: Искакова Айнұр Хасенқызы
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×