Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Диктант (күнделікті сабақ жоспары)

21 қыркүйек 2016, Сәрсенбі
Қазақ тілі пәні бойынша жылдық күнтізбелік жоспар, 7 сынып
Күнделікті сабақ жоспары, қазақ тілі 7 сынып
Тақырыптар:
26. Диктант
27. Қатемен жұмыс
28. Сан есімнің түрленуі
29. Сан есімнің сөйлемдегі қызметі
30. Есімдік туралы түсінік


Қазақ тілі 7 - сынып
Сабақтың тақырыбы: Диктант
Сабақтың мақсаты:
а) Балалардың есте сақтау қабілетін дамыту, өз ойын еркін жеткізе білуге, сауатты жазуға дағдыландыру.
ә) Мұқият тыңдап, ұқыпты жаза білуге үйрету.
б) Өз ісіне ұқыпты, мейірімді, кешірімшіл болуға тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: қайталау
Сабақтың әдісі: баяндау
Сабақтың көрнекілігі: диктанттар жинағы

Сабақтың барысы:
а) Ұйымдастыру кезеңі:
Оқушылармен амандасу, түгелдеу, оқушылардың зейінін аудару.

Тақтағы бүгінгі күн мен диктанттың тақырыбын жазып қоямын.
ә) Жаңа сабақты түсіндіру;
терме диктант

Бір сәтте көл үстінде үлкен қызғылт шәлі жайыла қалып, сел толқынданып жатқан тәрізді көрінді. Жалт қарасам, жас шамалары менімен қатар бейтаныс екі бала, біреуі сәл бойшаңдау. Оның тіп - тік найза шыңдары, биік құздары бұрынғысынша көкке қол созады. Міне, терезе тұсындағы жусанды бозғылт дала артқа қарай жылдам сусып көше бастады. Жанна лып етіп төргі үйге қайта кірді де, шымқалпақты сөндіріп, бір бұрышқа көгілдір түсті бүркеме шам әкеліп жақты. Қыздың жүзін қызыл арай шырпып өтті. «Шынында Жанна жаман әйел болмас»,- деп ойлады Жәнібек. Тек қып - қызыл бетінің ғана шырайы таймапты. Кішкентай Гүлнаш далаңдап, Жәнібекке қарап, күліп қояды. Жәнібек жүрегі аттай соғып, екі бетінің ып - ыстық боп кеткенін сезді. Үстіне гүлді халат киіпті. Жаңа шыққан күн сәулесі қыздың жүзін қызыл шұғылаға бөлеп, нұрландыра түскен. Түу, айнала қалай қап - қараңғы. Өзі жап - жас кісі, бойжеткен немересі бар. Ағы - ақ, қызғылт өңінің әрі таймаған. Көлеңке болып көрініп, бозғылт тұмандай түрткілеп, мазасын алған алып күннің сұғанақтау саусақтарынан қымсынатындай. (149 сөз)

Тапсырма: Мәтіннің ішінен күшейтпелі шырайларды тауып астын сызады.
Үйге тапсырма: Сын есімнің түрленуін қайталау.

26, 27, 28, 29, 30 сабақты жүктеу

Толық нұсқасын жүктеу
13 633
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Зат есімнің жекеше және көпше түрлері
Зат есімнің жекеше және көпше түрлері
Сабақтың мақсаты: Зат есімнің жекеше және көпше түрлері туралы түсінік беру, сөйлем ішінен таба білуге үйрету.
Күнтізбелік - тақырыптық жоспары
Күнтізбелік - тақырыптық жоспары
Күнтізбелік - тақырыптық жоспар 3 сыныптарға арналған
Диктант (күнделікті сабақ жоспары)
Диктант (күнделікті сабақ жоспары)
Қазақтың ұлттық тағамдары. Сөк. Қуырған тарыны қазақ сөк деп атайды. Ол үшін тары жел өтіне суырылып, екшеленеді, тазаланады. Бірнеше рет таза суға жуылады. Дегдігенше оны аздап кептіреді де, қазанға су құйып, тарыны соған салып, қайнатады.
Осы шақ. Нақ осы шақ (күнделікті сабақ жоспары)
Осы шақ. Нақ осы шақ (күнделікті сабақ жоспары)
Осы шақ сөйлеп тұрған кездегі іс әрекетті білдіреді. Осы шақ мағынасы мен жасалуына қарай екіге бөлінеді. 1. Нақ осы шақ. 2. Ауыспалы осы шақ Нақ осы шақ қимылдың іс - әрекеттің сөйлеп тұрған сәтте болып жатқанын білдіреді.
Есімдіктің сөйлемдегі қызметі (күнделікті сабақ жоспары)
Есімдіктің сөйлемдегі қызметі (күнделікті сабақ жоспары)
Каспий суының жаңа ашылған кезі. Лай судың үстінде болбырлау сұрғылт сеңдер теңселе жылжиды. Оларды біздің қайығымыз қуып жетті де, басып озды. Сеңдер қайықтың жақтауына соқтығып, шатынай айырылып қалып жатты.
Сын есімнің түрленуі. Күнделікті сабақ жоспары
Сын есімнің түрленуі. Күнделікті сабақ жоспары
Өз бетінше ізденуге, ойлау қабілетін арттыруға ықпал ету, өз ойын еркін жеткізуге баулу, жылдам жауап беруге дағдыландыру, тіл, сөйлеу тілдерін жетілдіру, сөйлеу машықтарын, шығармашылық қабілеттерін дамытуға жол ашу, ойлау қабілеттерін, сөздік
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×