Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Елбасымыз Н. Ә. Назарбаевтың «Тәуелсіздік толғауы»

12 қараша 2017, Жексенбі
Қазақ тілі 11 сынып
Сабақтың тақырыбы: Елбасымыз Н. Ә. Назарбаевтың «Тәуелсіздік толғауы»
Сабақтың мақсаты: «Тәуелсіздік толғауы» туындаған Уақыт пен Кеңістіктің қазіргі сипатын білгізе отырып, оқушылардың «Толғауда» көтерілген мәселелерді сараптап талдай алуына қол жеткізу және Елбасының әр сөзіндегі мағынаны ұғып, ой қорытындысын жасауға мүмкіндік туғызу. Сөз иесі – Елбасының шешендік толғамын пайымдап, шешеннің Тұлғалық бейнесін тану. Елбасының сөзінен туындайтын міндеттерді саралау, ол міндеттердің шешілу жолдарын өздігінен ұсыну.
Сабақтың түрі: аралас сабақ
Сабақтың әдісі: «Тәуелсіздік толғауында» қамтылған нысандардың жалпы белгілері мен қасиеттерін анықтауға мүмкіндік беретін жалпылау ойлау әдісі; халқымыздың ұлы көшінде жасаған тарихи іс - әрекеттерінің маңыздылығын тануға көмектесетін тарихи таным әдісі; жеке қорытулар негізінде жалпы тұжырым жасауға мүмкіндік беретін жинақтау әдісі, ой қорыту әдісі т. б.
Сабақтың көрнекілігі: кеспе қағаздар
Пәнаралық байланыс: әдебиет, тарих

Сабақтың барысы:
а) Ұйымдастыру кезеңі:
Оқушылармен амандасу, түгелдеу, оқу құралдарын тексеру. Сыныптың тазалығына көңіл бөлу. Оқушылардың зейінін сабаққа аудару.

ә) Үй тапсырмасын пысықтау:
Үйге берілген тапсырманы сұраймын. Оқушыларға өткен тапсырма бойынша бірнеше сұрақтар қоямын.

Б) Сабақты өткізу әдісі:
Сыни тұрғыдан ойлауға үйрету. Сыни тұрғыдан ойлау «ойлау туралы ойлану» деп сипатталады. Ол «Тәуелсіздік толғауындағы» маңызды мәселелерді талқылауды және тәжірибені ой елегінен өткізуді қамтиды. Сыни тұрғыдан ойлау – қазіргі таңда Қазақстандағы білім беруді дамыту үшін маңызды болып табылатын ең басты педагогикалық түсінік. Бұл модуль оқушылардың да, мұғалімдердің де сыни тұрғыдан ойлауын саналы дамытуды және оймен қабылдауын көздейді.
Сыни тұрғыдан ойлау «Толғау» мәтінінің мазмұнын есепке ала отырып, бақылау мен тыңдау арқылы дәлелдер жинастыру және шешім қабылдау үшін талапқа сай өлшемдерді қолдану сияқты дағдыларды дамытуды қарастырады. Сыни тұрғыдан ойлау оқушылардың бұрынғы қалыптасқан бақылау, талдау, қорытынды, интерпретация дағдыларына сүйенеді.
Сыни тұрғыдан ойлау барысында оқушылар «Тәуелсіздік Толғауын» оқиды, ол туралы айтылған деректермен ақпарат көздерінен танысады, түрлі ақпарат көздерінен алынған дәлелдер арасындағы байланысты табады, әртүрлі пікірлердің ұқсастықтары мен айырмашылықтарына талдау жасайды, жинақталған ақпараттардың өзектілігін, маңыздылығын анықтайды. Дәлелдерді негіз етіп алынған болжамдарды, ұстанымдарды айқындайды.

б) Жаңа сабақты түсіндіру.
Халқымыздың қастерлі Тәуелсіздігі мен Мәңгілік Еліміздің болашағы мені үнемі толғандырады. «Тәуелсіздіктің өмірлік философиясы қандай болуы керек?» деген сауалды мен өзіме сәт сайын қойып отырамын. Осы жайындағы ой орамдарын қағазға түсіріп «Тәуелсіздік толғауы» деп атағым келді. Ол азат еліміздің күллі азаматтарына, жалынды жастарға бүгінгі буынның ерен істерін лайықты жалғастырып, ертеңгі ұрпаққа арналады.

Заман ағымы бізді Қазақстан Республикасы тұңғыш рет тәуелсіз ел ретінде әлемге әйгіленген тарихи дата - 1991 жылдың 16 желтоқсанынан күн сайын, сағат сайын алыстатып барады. Біз жыл өткен сайын сол бір тарихи таңдаудың сарқылмас құдыретін жан жүрегімізбен түсінеміз. Ол - егемен мемлекетте бейбітшілік пен келісімде, өзара сенімде азат өмір сүру таңдауы. Ол туған жеріміздің қазынасы мен қазба байлығына дербес иелік етіп, барша қоғамның игілігі үшін өз қалауымызбен жұмсау таңдауы. Ол - өз тағдырымызды өзіміз айқындау, болашағымызды өз қолымызбен жасау таңдауы. Біздің жаңа Қазақстанымыз жарық жұлдыз болып дүниеге келді. Баршамызды Тәуелсіздіктің Ұлы рухы жебейді, біріктіреді, бойымызға қуат беріп, сенімімізді нығайтады. Ол алтын күні жарқырап, алтын қыраны қалықтаған Қазақ Елінің ашық аспаны астында дүниеге келген әрбір сәбидің жүрегіне орнайды. Ол әрбір азаматтың жүрегінде, әр шаңырақтың төрінде, елімізде бой көтерген әрбір үйде, әрбір қала мен ауылда салтанат құралды. Ол біздің өсімімен, әрбір жаңа өндіріс орынымен, ұланғайыр Отанымызға төселген әрбір күре жолмен, дала төсіне өнген әрбір тонна алтын дәнмен нығаяды.

Тәуелсіздік - сан буын бабалардың қасиетті жеріміздің әрбір қадамын қорғау үшін төгілген өлшеусіз қаны мен терінің өтеуі. Тәуелсіздік кешегі батыр бабалар өсиет еткеніндей, Қазақстанды қасық қаны қалғанша қорғау жөніндегі әрбір азаматтың қайсар шешімі. Біз жүргізіп отырған сыртқы және ішкі саясат – халықтың даналығы. Қазақстанды өркендету жолындағы күллі жауапты шешімдердің даналығы. Халқымыздың асқақ абыройының, қонақжайлылығы мен кең пейілінің даналығы. Тәуелсіздік дегеніміз - бұл жалпыға ортақ еңбек. Ғылым қуып, білім іздеген оқушылар мен студенттердің еңбегі. Еліміздің ұлттық байлығын еселей түсетін барша мамандық иелерінің еңбегі. Әрбір жас буынның жүрегіне Отанға деген шексіз сүйіспеншілік дарытатын қазақстандықтардың еңбегі,- деп атап өткен Нұрсұлтан Әбішұлы оның көкжиегін жаһандық деңгейге жайған сан қырлы мәдениеті бар екендігіне де тоқталып өтті.

- Оның ғылымға, инновациялар мен прогресске әрдайым айқара ашық есігі бар. Оның көздеген межелеріне қалайда жететін мәдениеті бар. Ал Мәңгілі Ел - Тәуелсіздіктің өмірлік философиясы. Бұл қағидаларды мүлтіксіз сақтай отырып, біз Отанымыздың көк байрағын нық ұстаймыз. Оны Қазақстан дамуының жаңа биіктерінде асқақтата желбіретеміз. Бұл - біздің мәңгілік ұстанымымыз! - деді Елбасы.

Білімді бекіту: Өткен тақырыптар бойынша бірнеше сұрақтар қоя отырып, түсінбеген сұрақтарына жауап беремін.
1. Тіл туралы Заң неше тараудан тұрады?
2. Неше баптан тұрады?
Бағалау: Сабаққа қатысып отырғандарына қарай білімдері бағаланады.
Үйге тапсырма: «Мен Тәуелсіз елдің ұланымын» ойтолғау жазу.

Елбасымыз Н. Ә. Назарбаевтың «Тәуелсіздік толғауы» жүктеу
13 896
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Елін сүйген Елбасы
Елін сүйген Елбасы
Елбасының өмірін, еңбек жолын үлгі - өнеге ете отырып, патриоттық сезімдерін арттыру.
Тұғырым биік тұңғыш президентім
Тұғырым биік тұңғыш президентім
Жас ұрпаққа ҚР президенті Н. Ә. Назарбаевтың туып - өскен, білім алған еңбек жолының басталуы туралы мағлұмат беру. Жас ұрпақты Елбасының еңбек жолынан үлгі алып, еліне деген патриоттық сезімдерін ояту, халқын сүюге білімділікке тәрбиелеу.
Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 25 жылдығына «Муратымыз - мәңгілік ел»
Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 25 жылдығына «Муратымыз - мәңгілік ел»
Біз тәуелсіздік мемлекет болғанымызға 25 жыл толды. 1991 жылы 16 желтоқсанда тәуелсіздік алдық. Содан бері біз өз алдымызға бір мемлекет болдық. Міне, содан бері 25 жыл болды. 1993 жылы төл теңгемізді енгіздік.
Президент жолдауы - халықтың қолдауы
Президент жолдауы - халықтың қолдауы
Ақтөбе қаласы, №32 орта мектеп гимназиясының тарих пәні мұғалімі Сатмағанбетов Берік Жақыпұлы
Елбасы - кемеңгер басшы
Елбасы - кемеңгер басшы
Батыс Қазақстан облысы, Теректі ауданы, Жаңа Өмір ауылы, Шаған жалпы орта білім беретін мектебі Коррекциялық /түзете дамыта оқыту /сыныбы мұғалімі Белхаирова Асемгул Мустахимовна Мақсаты: Бүгінгі жас ұрпаққа Елбасының ерекше қасиет-қадірін, тұлғалық
Тәуелсіздік таңы атты
Тәуелсіздік таңы атты
Қызылорда облысы, Қазалы ауданы, Қазалы ауылы, №100 орта мектебінің 8- сынып оқушысы Бақтыбай Бақтияр Мұғалімі: қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Қамбарова Сағира Тәуелсіздік таңы атты.
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×