Білімділер поралы

Қазақ тілі бойынша сөз таптарына арналған грамматикалық тапсырмалар

Қазақ тілі бойынша сөз таптарына арналған грамматикалық тапсырмалар
Мұғалімдерге арналған дидактикалық құрал

Білімге бет бұру – өмір талабы
Н. Ә. Назарбаев

Бұл әдістемелік құрал қазақ тілі пәнінің мұғалімдеріне арналып отыр. Ұсынылып отырған әдістемеліктің мақсаты қазақ тілінен сөз таптары саласын өткенде оқушыларға осы жаттығуды орындату. Бұндағы берілген тапсырмалар оқушылардың танымдық ой - өрістерін кеңейтуге бағытталған. Тіл үйренуге қажетті грамматикалық материал сурет, кесте түрінде ықшамды етіп берілген. Грамматикалық тапсырмалар мәтіннен алынып, оқулықтағы тапсырмаларға, коммуникативтік жаттығуларға негіз болады. Әрбір тапсырманың соңында суреттермен жұмыс берілген. Сол суреттер арқылы оқушылардың дұрыс оқу, ойлау, сөйлеу, жазуларын аңғаруға болады.
Тіл үйрету – күнделікті, қиын әрі қызықты іс. Сәт сапар, құрметті әріптестер!

Сөз таптары орыс. части речи — өздеріне тән лексика - семантикалық, морфологиялық және синтаксистік ортақ белгілердің негізінде қалыптасқан категориялары бар сөз топтары. Сөз таптары үш түрлі белгісімен сипатталады:
• а) Белгілі топқа жататын сөздердің семантикалық жағынан бірыңғайластығы (мысалы, зат есімге заттық атаулар, етістікке қимылдық атаулар жатады);
• ә) Сөз түрлендіруші грамматикалық категорияларының ортақтығы;
• б) Синтаксистік қызметінің ұқсастығы. Бірақ бұл үш белгі сөз таптарының бәрінен бірдей табыла бермейді. Мысалы, зат есім, етістіктен үш белгінің үшеуі де табылады, ал одағайға екінші (морфологиялық) белгі тән емес.
Сөз таптарының саны тілдерде бірдей емес. Мысалы, қазіргі орыс тілі грамматикасында 10 сөз табы, ал қазақ тілінде 9 сөз табы көрсетіліп жүр:
1. Зат есім
2. Сын есім
3. Сан есім
4. Есімдік
5. Етістік
6. Үстеу
7. Еліктеу сөздер
8. Шылау
9. Одағай
Еліктеу сөздер қазақ тілінде бөлек сөз табы болса, орыс тілінде одағайлардың құрамына кіреді. Қазақ тілінде предлог жоқ, союз, частицы орыс тілінде бөлек сөз таптары, ал қазақ тілінде олар шылау сөзтабына біріктіріледі.
Сөз таптары толық мағыналы сөздер (зат есім, сын есім, етістік, үстеу) және көмекші сөздер (шылау, демеулік, частицы, артикль т. б.) болып табылады. Типологиялық тұрғыда есімдік пен сан есімді жеке сөзтабы ретінде қарастыру күмәнді деп есептеледі. Олар синтаксистік функциясы мен мағынасы жағынан әр текті және басқа сөз таптарына қатысты болып келеді. Кейбір тілдерде басқа сөз таптарының құрамында қаралады. Мысалы, үш, төрт есептік сан есімдері — зат есім - сан есімдер, үшінші, төртінші реттік сан есімдері сын есім - сан есім түрінде қаралады. Есімдік пен сан есім дәстүр бойынша толық мағыналы сөз таптарына жатқызылып жүр. Сөздерді тапқа бөлу мәселесі өте көне дәуірлерден басталады (Аристотель, т. б. грек ғалымдары, үнді ғалымдары Панини, Яска т. б.). Тіл біліміндесөз таптарын жіктеу мәселесі күні бүгінге дейін талас тудырып келеді. Оған байланысты проблемалар аз емес.
Сөз таптары
Сөздердің білдіретін мағынасына, түрлену тұлғасына, қойылатын сұрағына, сөйлемде атқаратын қызметіне қарай топталуын сөз таптары деп атайды.
Қазақ тілінде 9 түрлі сөз табы бар. Олар: зат есім, сын есім, сан есім, есімдік, етістік, үстеу, еліктеу сөздер, шылау, одағай.
Зат есім
Заттың атын білдіріп, кім?, не? деген сұраққа жауап беретін сөздер зат есім деп аталады. Мысалы: әке (кім?), оқушы (кім?), әнші (кім?), тау (не?), ауыл (не?), ақыл (не?), құс (не?) т. б.
Зат есім жалпы есім және жалқы есім болып екіге бөлінеді. Біркелкі заттардың жалпы атауы жалпы есім деп аталады. Заттардың ішіндегі бір түрінің өзіне ғана қойылған аты жалқы есім деп аталады. Мысалы: кісі, адам деген жалпы адам атаулыға тән болса, Марат, Анар дегендер адам атаулының бәріне емес, жеке кісілерге ғана қойылған. Жалқы есім, әдетте, жеке кісінің аты - жөні, мемлекет, республика, облыс, аудан, қала, көше, ұйым, мекеме, зауыт, фабриканың жеке аттары, географиялық(жер, су, т. б.) атаулар, әр түрлі шығарма (газет, журнал, кітап, ән, күй, би, т. б.) аттары, мал, құс, хайуанаттарға арнайы қойылған (Тайбурыл, Құлагер, Құтжол т. б.) аттар болып келеді. Жалқы есімдер бас әріппен жазылады.
Туынды зат есімнің жасалуы
Зат есімдер негізгі, туынды және күрделі зат есім болып үшке бөлінеді. Туынды зат есімдер жұрнақтар арқылы жасалады. Мысалы: күй - ші, ел - дік (зат есімнен), жақсы - лық ( сын есімнен), біл - ім, аялда - ма, мақтан - ыш (етістіктен) парс - ыл (еліктеу сөзден), қырқы (сан есімнен), т. б. Зат есімдер бірігу, қосарлану, тіркесу арқылы жасалады. Олар күрделі зат есімдер деп аталады. Мысалы: өнеркәсіп, белбеу, ашудас, Көкшетау, Сарысу, аяқ - табақ, азық – түлік, ауыл - аймақ, қант қызылшасы, қызыл отау, Арал теңізі.
Деректі және дерексіз зат есімдер
Айналадағы заттар мен құбылыстардың адамға танылуы әрқалай. Олардың бірін қолмен ұстап, көзбен көруге болады, ал енді бірін оймен, ақылмен ғана сезіп білеміз. Осындай ерекшелігіне байланысты олардың өзі деректі және дерексіз болып бөлінеді.

Нақтылы тануға болатын зат атаулары деректі зат есім деп аталады. Олар мектеп, қағаз, ағаш, қалам және т. б.
Көзе көрінбегенімен, адамның ойлауы нәтижесінде ғана танылатын құбылыс, ұғым атаулары дерексіз зат есімдер деп аталады. Мысалы: адамгершілік, ақыл, қуаныш, парасат, сезім және т. б.
Тапсырма №1
Өздерің білетін жалқы есімдерді естеріңе түсіріп, дәптерлеріңе жазыңдар.

1) Кісі аттары;
2) Мемлекет, республика, облыс, аудан, қала, ауыл, атаулары;
3) Ұйым, мекеме, зауыт, фабрика, ұжым атаулары;
4) Жер, су аттары;
5) Газет - журнал, кітап, ән, күй, шығарма аттары;
6) Жылқыға, сиырға, түйе, итке, т. б. хайуанаттарға қойылатын аттар.
Тапсырма №2
Берілген сөздерді орыс тіліне аударып, дара зат есімдерді бір бөлек, күрделі зат есімдерді бір бөлек топтап жазыңдар және олардың қайсысы жалпы есім, қайсысы жалқы есім екенін ажыратыңдар.
Ақпан, бойтұмар, Жасұлан, қала, Анар, ел, Отан, ата - ана, жайлау, тау, өзен, алтыбақан, көл, бала, әке, туған - туысқан, жұмыс, парта, қалам, кітап, дәптер, ауыл, Айша, Амангелді, Серік, Асқар, жолбарыс, Бекболат.
Тапсырма №3
Жұмбақтарды көшіріп жазып, зат есімдердің астын сызыңдар.
1. Аспанда бір анабар,
Маңы толған балалар.
(Ай мен жұлдыз)

2. Ұшып жүрген үл көрдім,
Қонғанда ұстап үлгердім.
(Көбелек)

3. Басып озып құсты,
Қанатын қақпай ұшты.
(Ұшақ)
Тапсырма №4
Төмендегі мәтінді орыс тіліне аударып, жалқы есімдердің астын сызыңдар.
Қазақ балалар әдебиетінің атасы – Ыбырай Алтынсарин. Балалардың көркем әдебиеті Сапарғали Бегалиннен, Өтебай Тұрманжановтан, Сейітжан Омаровтан басталады. Мұзафар Әлімбаев, Бердібек Соқпақбаев, Сансызбай Сарғасқаев, Мұқан Иманжанов, Әнуарбек Дүйсенбаев, Қастек Баянбаев, Сұлтан Қалиев, Әдібай Табылдиев, Марат Қабанбаев, т. б. шығармаларын балалар сүйіп оқиды. «Жыл он екі ай» альманахы, «Мөлдір бұлақ», «Айгөлек» т. б. журналдар беттерінде балалар үшін қызықты шығармалар жарияланады.
Тапсырма №5
Төмендегі берілген сөздерге тиісті - шы, - ші, - тық жұрнақтарын жалғап жазып, жасалу жолдарын анықта. Орыс тіліне аудар.
Ән, күй, домбыра, аң, кітапхана, азпаз, құрылыс, дүкен, оқыту, хат, мал, дос, жазу, би, жұмыс, бас, мүсін, балық, жүрізу.

Владимиров орта мектебінің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімдері
Нұрмағамбетова Алтынай Бейсенбайқызы
Нұрғазина Бибігүл Әмірғалиқызы

Қазақ тілі бойынша сөз таптарына арналған грамматикалық тапсырмалар жүктеу
Материал рейтингісі:
  • 0
барлық дауыс бергендер: 0
Басқа жаңалықтарды оқу:
Загрузка...
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Үздік жаңалықтар
Жаңалықтар бөлімі
Соңғы пікірлер
  • aiboll
    Жазған: aiboll
  • Мейрамгали Акниет
  • ramuk_b
    Жазған: ramuk_b
  • aiboll
    Жазған: aiboll
    Мына жаңалықта: Эвфемизм мен дисфемизм
  • aiboll
    Жазған: aiboll
    Мына жаңалықта: Адам және табиғат
  • Қамқа
    Жазған: Қамқа
    Мына жаңалықта: Менің Елбасым
  • aiboll
    Жазған: aiboll
    Мына жаңалықта: Қыс қызығы
  • jami
    Жазған: jami
    Мына жаңалықта: Су. Судың қасиеті
  • Кирбасова Асыл
    Мына жаңалықта: Ұл бала мен қыз бала
  • aiboll
    Жазған: aiboll
    Мына жаңалықта: Қауын мен қарбыз
Загрузка...
Өз пікіріңді білдір
Білімділер порталына қандай бөлім жетіспейді?
Интернет дүкен (магазин)
Хабарландыру тақтасы
Онлайн оқыту бөлімі
форум
Тестілеу орталығы
Сайтта кім бар
Барлығы: 159
Қолданушылар: 0
Қонақтар: 159
Роботтар: 2
Ілмек сөздер
Сайт статистикасы
Яндекс.Метрика