Білімділер поралы

Ас – адамның арқауы. Қос сөздер

5 сынып
Сабақтың тақырыбы: Ас – адамның арқауы
Сабақ негізделген оқу мақсаттары
- мәтіндердің тақырыбын, мазмұндық құрылымын салыстыру;
- шағын көлемді мәтіндердің мазмұнына жоспар құру, соған сүйеніп баяндау.
Тілдік құзіреттілік: Мәтіннің тақырыбы мен ондағы негізгі ойды анықтау.
Ресурстар: Оқулық, суреттер, топқа бөлуге арналған кеспе қағаздар және әртүрлі заттар, топтық тапсырмалар, кері байланыс, стикер.
Әдіс - тәсілдер: Сұрақ - жауап, әңгімелеу, түсіндіру, ойын, көрнекілік. Рефлексия.
Пәнаралық байланыс: Музыка, қазақ тілі.

Жаңа білім 10 минут
Оқушылардың жаңа сабаққа деген қызығушылығын ояту мақсатында оқулықтағы
1 - тапсырманы орындатады. «Сатып алайық» ойынын ұйымдастырады. 4 — 4 - тен топ құрғызады. Әр топқа бір сатушы тағайындайды, ал қалғандары сатып алушы болады.
Ә) Ой шақыру сұрақтарын қояды:
— Балалар, сендер қандай тағамдарды ұнатасыңдар? Жартылай дайын өнімдер дегеніміз не? Оның адам ағзасы үшін пайдасы бар ма?

Ортасы 10 минут
Ас – адамның арқауы
Сөздік
Тамақ - еда, пища
өсімдік - растение
Ағза - организм
сұйық май – растительное масло
Ақуыз - белок
құрам - состав
көмірсутек - углеводород
тәулік - сутки
қамтамасыз ету – обеспечить
Қаймақ - сметана - sour cream
Сүт - молоко - milk
Жұмыртқа - яйцо - eggs
Ет - мясо - meat
Алма - яблоко - apple
Нан - хлеб - bread
Айран - кефир - yogurt
Май - масло - butter

1. Мәтінді түсініп оқып, мазмұндап беріңдер.
Ас – адамның арқауы
Адам әр уақытта тамақ ішпей тұрмайды. Ол алуан түрлі болады. Тамақ арқылы ағза қажетті мөлшерде ақуызбен, маймен, көмірсутегімен, минералды заттармен, дәрумендермен, сумен қамтамасыз етіледі. Әдетте тауық жұмыртқасы, ірімшік пен сүзбе таза ақуыздан тұрады. Ет пен балықта да ақуыз көп болады. Майлар да әртүрлі болады. Өсімдіктен алынатын сұйық майлар да аз емес. Қант пен крахмалда, ботқада, нанда, картопта, жеміс жидектердің құрамында көмірсутек көп болады. Адамға тәулік сайын күніне жүз грамм ақуыз, сексен бес грамм май, төрт жүз грамм көмірсутек қажет.
2. Мәтін бойынша берілген сұрақтарға жауап беріңдер.
1. Тамақтану арқылы адам өз ағзасын немен қамтамасыз етеді?
2. Қандай тамақтар таза ақуыздан тұрады?
3. Көмірсутек қандай тамақтардың құрамында көп кездеседі?
4. Адамға тәулік сайын қанша ақуыз, май, көмірсутек қажет?
5. Суреттегі тамақтардың түрлерін атап, олармен сөз тіркестерін құрастырыңдар.

Мұғалімнің аты-жөні: Толеушова К. Е.
Ас – адамның арқауы. Қос сөздер. жүктеу
Материал рейтингісі:
  • 0
барлық дауыс бергендер: 0
Басқа жаңалықтарды оқу:
Загрузка...
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Үздік жаңалықтар
Жаңалықтар бөлімі
Соңғы пікірлер
  • aiboll
    Жазған: aiboll
  • nurislam0
    Жазған: nurislam0
    Мына жаңалықта: Ақша. Монета
  • raya94
    Жазған: raya94
    Мына жаңалықта: Ақша. Монета
  • jupar
    Жазған: jupar
  • Dulat90
    Жазған: Dulat90
    Мына жаңалықта: Биологиядан тест
  • aiboll
    Жазған: aiboll
  • Orken agay
    Жазған: Orken agay
  • aiboll
    Жазған: aiboll
  • Гүзал
    Жазған: Гүзал
  • aiboll
    Жазған: aiboll
    Мына жаңалықта: Ана әлемді тербейді
Өз пікіріңді білдір
Білімділер порталына қандай бөлім жетіспейді?
Интернет дүкен (магазин)
Хабарландыру тақтасы
Онлайн оқыту бөлімі
форум
Тестілеу орталығы
Сайтта кім бар
Барлығы: 10
Қолданушылар: 0
Қонақтар: 10
Роботтар: 2
Ілмек сөздер
Сайт статистикасы
Яндекс.Метрика