Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Абайдың мұражай - үйі. Морфологиядан өткенді қайталау

20 қаңтар 2014, Дүйсенбі
Сабақтың тақырыбы: Абайдың мұражай - үйі. Морфологиядан өткенді қайталау
Сабақтың мақсаты:
Абайдың өмірі, шығармашылығы туралы білімдерін тексере отырып, «Абайдың мұражай - үйі» туралы мәлімет беру; морфология тарауы бойынша алған білімдерін қайталай отырып, сөз құрамына талдау дағдыларын арттыру.
Сабақтың міндеттері:
Мәтінді сауатты, түсініп оқуға дағдыландыру, бұрынғы өткен сабақтан алған мәліметтерін тереңдету, ойда қалғандарын нақтылау; сөз таптарын практикалық жолмен меңгерту;
Оқушылардың өз бетінше білім алу мүмкіндігіне сүйене отырып, олардың танымдық қызығушылығын арттыру;
Сауаттылыққа, дұрыс сөйлей білуге, адами қасиеттерге тәрбиелеу;
Күтілетін нәтиже:
Абайдың өмірі мен шығармашылығы, мұражай - үйі туралы түсініктері кеңейеді.
Мәтінмен танысып, сөздікпен жұмыстану арқылы сөздік қорлары көбейеді.
Түрлі тапсырмаларды орындау арқылы талдау дағдылары жетіледі.
Сабақтың түрі: Жаңа білімді меңгерту.
Сабақтың әдісі: сұрақ - жауап, баяндау, әңгімелеу, топтық жұмыс, ой қозғау, түсіндіру, топтастыру.
Сабақтың көрнекілігі: интерактивті тақтадағы слайдтар, грамматикалық кестелер, суреттер.
Пәнаралық байланыс: қазақ әдебиеті, бейнелеу өнері.

Сабақтың барысы:
I Ұйымдастыру кезеңі:
Сәлемдесу, оқушыларды түгелдеп, сабаққа назарларын аудару.
- Балалар, біздер бүгінгі сабағымызда мұражайлар, Қазақстандағы мұражайлар тақырыбын одан әрі жалғастырамыз. Абайдың мұражай үйімен танысып, морфологиядан өткенді қайталаймыз.

II Үй тапсырмасын тексеру:
Ғылыми - мәдени орталық. Әуезов үйі.
Мәтін мазмұнын сұрақ - жауап арқылы бекіту.
Пысықтау сұрақтары:
1. Әуезов үйі қандай ғылыми - мәдени мекеме?
2. Орталық неше бағытта жұмыс жүргізеді?
3. Мұражайда нелер бар?
4. М. Әуезовтің қандай көлемді шығармасын білесіңдер?
(«Абай жолы» романы)

III Жаңа сабақ:
Абайдың мұражай - үйі. Морфологиядан өткенді қайталау.
Ой қозғау.(Қазақ әдебиеті пәнімен байланыстыру)

- Абай кім?
- Абайдың шын есімін ата.
- Қай жылы, қай жерде туған?
- Абайдың қандай әндерін білесіңдер?
- Қандай поэмалары бар?
- Қанша қара сөзі бар?
- Абайдың қандай өлеңдерін білесіңдер?(өлеңдерінен үзінді оқу)
(Оқушы жауаптарын толықтырып өту)
Мұғалімнің кіріспе сөзі:(тарихи деректер, слайдпен жұмыс)
Абайдың әкесі Құнанбай 1840 жылы Жидебайға қоныс тепті. Кейін Абайдың інісі Оспанның еншісіне қалдырып, Құнанбай өзі Ақшоқыға көшеді. 1894 жылы Оспан қайтыс болған соң, бұл қыстау Абай жайына айналады.
Абай шығармашылығының Жидебай кезеңіне тоқталар болсақ, Жидебайда ақын өмірінің 10 жылы өтті. Осы 10 жыл ішінде 75 - 76 лирикалық өлеңі, 45 қара сөзінің 27 - сі, Лермонтов, Крылов шығармаларының аудармалары жасалып, 2 әні дүниеге келген еді. Абай үшін Жидебай ақындық шабыт пен философиялық толғаныстардың қайнар көзі болды.
1945 жылы ұлы ақынның туғанына 100 жыл толу қарсаңында арнаулы мемлекеттік комиссияның шешімімен Жидебайдағы Абай қыстауы оның мұражай - үйіне айналды.
1970 жылы күрделі жөндеуден өткізілді.

IV Мәтінмен жұмыс
Жаңа сөздермен таныстыру:
Мәдени мекеме - культурное заведение, учреждение
Шақырым - километр
Қыстау - зимовка
Күрделі жөндеу - капитальный ремонт
Мұрағат - архив
Мағлұмат - сведения, информация
Өлкетану мұражайы - краеведческий музей
1) Қазақ тіліне тән дыбыстарды тауып, дыбыстық талдау
2) Сұрақ қойып, сөз табын анықтау.
3) Сөз тіркесі, сөйлем құрастыру.
4) Антоним, синонимдерін табу.
Мәтінмен танысу. Абайдың мұражай - үйі

Абайдың Жидебайдағы мұражай - үйі - ақынның өмірі мен шығармашылық жолынан толық мағлұмат беретін мәдени мекеме. Ол Семей қаласынан 180 шақырым жерде орналасқан.
1945 жылы ұлы ақынның туғанына 100 жыл толу қарсаңында арнаулы мемлекеттік комиссияның шешімімен Жидебайдағы Абай қыстауы оның мұражай - үйіне айналды.

Ол 1970 жылы күрделі жөндеуден өткізілді. Мұражайдың бес бөлмесі мен үш залына орналастырылған заттар ұлы ақынның жақын туыстарынан, достары мен замандастарынан алынған. Құрылымы, сыртқы пішіні Абай заманындағы көрініс - келбетін сақтаған. Ұзын дәліздің сол жағындағы бірінші есіктен ас үйге кіреді. Ол - терезесі шығысқа қараған кең бөлме, кіеберісте - қазанаспа. Оған екі қазан орнатылған. Үлкенінде ет, кішісінде жеңіл тағамдар әзірленген. Қазанаспаның жанында екі самаурын тұр. Оң жақ босағада асадал мен күміс, мыс жалатылып сүйектен жасалған кішкене кебеже. 1885 жылы Абай осы екі бұйымды Семейдің өлкетану мұражайына өз қолымен өткізген.
Ас үйдегі мұнан өзге тарихи мұрағаттардың бірі - суреттер. Қонақ үйде Абайдың орыс достары Е. П. Михаэлис, С. С. Гросс, Н. И. Долгополовтың суреттері бар.
Мұражайдың температурасы жазы, қысы бірқалыпты. Оның қабырғалары таспен қаланған. (Қазақ энциклопедиясынан)
Слайд материалдарымен жұмыс

V Топтық жұмыс:
1 - топ Мәтін бойынша жоспар құра, жуан, жіңішке сұрақтар құрастыр. Сөйлемнен зат есімдерді тауып, сөз құрамына талда.
Мұражайдың қабырғалары таспен қаланған.
2 - топ Жоспар бойынша әңгімеле.
Мәтіннен сан есімдерді тауып, сөз құрамына талда.
3 - топ «Мұражайда» тақырыбына диалог құрастыр, сөйлемнен сын есімдерді тауып, сөз құрамына талда.

VI Бекіту.
- Сонымен балалар, Абайдың мұражай - үйі туралы не білдік?(қысқаша мәтін мазмұнын сұрау)
- Бүгінгі күннің Абайы деп кімді айтар едіңіз?
- Сөздер құрамына қарай нешеге бөлінеді?
- Сөз тұлғасы нелерден тұрады?
5 жолды өлең құрастыр.
1 - топ Абай 2 - топ Мұражай 3 - топ Ақын

VII Қорытынды
Асыл сөзді іздесең,
Абайды оқы, ерінбе!
Адамдықты көздесең,
Жаттап тоқы көңілге! – деп Сұлтанмахмұт Торайғыров айтқандай, Абай туған халқының, болашақ ұрпақтың өнегелі тәрбиешісі, ана
тілінің, қазақ поэзиясының өсіп - гүлденуіне зор үлес қосқан қамқоршысы.
VIII Үйге тапсырма:
Мәтіннің мазмұнын айту. Жаңа сөздерді жаттау. 2 - тапсырма 98 - бет., «Абай мұрасы - асыл қазына» ойтолғау.
IX Білімді бағалау

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.
8 114
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Қазақстан мұражайлары
Қазақстан мұражайлары
Қазақстан мұражайлары туралы мәлімет беру, балалардың тілін, ой - өрісін дамыту, сөздік қорларын молайту, әдемі көркем жазуға дағдыландыру, пәнге деген сүйіспеншілігін арттыру, мұражайлар туралы кеңінен білуге тәрбиелеу.
Бағдарлама, Абайтану 10 - 11 сынып
Бағдарлама, Абайтану 10 - 11 сынып
Абай Құнанбаев шығармашылығынан кең көлемде мәлімет беріледі. Ақынның өмірі, шығармашылығы, шығармаларындағы шыншылдық, тазалық, асқақтық, Абайдың қазақ әдебиетіне, поэзиясына қосқан үлесі айтылады.
Абай және орыс әдебиеті
Абай және орыс әдебиеті
Абай, оның өмірі, шығармашылығын қалай меңгергенін анықтау. Өз бетінше іздендіруге, шығармашылық жұмысқа үйрету. Оқушылардың логикалық ойлауын дамыту, сөздік қорын байыту.
Абайдың қарасөздері. Он жетінші қарасөзі
Абайдың қарасөздері. Он жетінші қарасөзі
Абайдың қара сөздерін әдебиет теориясы тұрғысынан талдай отырып, әр оқушының өз тапсырмасын орындауына қолайлы орта туғызу, оқушыларға ұлы ақынымыз Абай Құнанбайұлының өмірі, шығармашылығы туралы тереңірек ұғындыру
Абайдың ең жақын адамдары (сөзжұмбақ)
Абайдың ең жақын адамдары (сөзжұмбақ)
Ақмола облысы, Ақкөл ауданы, Новорыбин орта мектебі - бақшасы Қазақ тілі мен әдебиеті пән мұғалімі Хажат Алма
Морфологиядан өткенді қайталау
Морфологиядан өткенді қайталау
Үш тілде оқытатын №21 орта мектеп-гимназиясының қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі Тоганакова Рабига Сулейменовна
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×