Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Бастауыш сынып қысқа мерзімді сабақ жоспарлары

21 мам 2015, Бейсенбі
Категориясы: Кембридж тәсілі
Қызылорда облысы, Қазалы ауданы
Абай атындағы № 90 орта мектептің
бастауыш сынып мұғалімі
Жақсылық Айгул Шындалықызы

Сабақ тақырыптары:
1. Ажалдан құтқарған асыл сөз
2. Баланың айласы
3. Үш таңбалы санға көбейту және бөлу алгоритмі
4. Қамқорлық. Бердібек Соқпақбаев
5. Бұлбұлдың әні


Тақырып: Ажалдан құтқарған асыл сөз
Жалпы мақсаты: Халық ауыз әдебиетінің бір үлгісі ертегілер туралы түсініктерін тереңдете түсу. Ажалдан құтқарған асыл сөз ертегісін түсініп оқып, негізгі идеясын өз беттерінше ұғынуға көмектесу. Танымдық қабілетін, сөздік қорын, байланыстырып сөйлеу тілін дамыту.
Күтілетін нәтиже: Ертегінің негізі мағынасын түсіне отырып, ойларын ашық жеткізеді. Сұрақ қою арқылы оқушылар дұрыс жауабын топ ішінде түсіндіре алады.
Алған жаңа білімді қолдана білуге ойын жүйелі баяндауға, бірлесіп жұмыс істеуге, ізденуге, өзара сыйласуға дағдыланады. Көп алдында сөйлеуга үйренеді.
Сыни тұрғыдан ойлай отырып, жақсыдан үйренуді, жаманнан жиренуді ажырата алады. Халық қазынасын құрметтеуге өзін, достарын адам бойындағы жақсы қасиеттерді бағалай білуге адамгершілікке тәрбиеленеді.
Сабақтың түрі, әдіс тәсілдері: Дәстүрден тыс, топтық жұмыс, диологтық оқыту, сыни тұрғыдан ойлау, ұжымдық, әңгімелеу, іздену, талдау, салыстыру, тұжырымдама шығару, бағалау.
Керекті жабдықтар: Интерактивті тақта, топтарға арналған тапсырма парақтары, постер, маркер, стикер.

Сабақ барысы
Мұғалімнің іс - әрекеті
Ұйымдастыру кезеңдері
Сабаққа қызығушылығын ояту
1. Шаттық шеңберіне тұрғызып, ынтымақтастық атмосферасын қалыптастыру.
2. Интерактивті тақтадан ертегілер туралы суреттер көрсету

Оқушылардың ертегі туралы ойларын жинақтау
- Ертегі деген не?
- Қалай басталады? ер туралы суреттер
- Көбіне қалай аяқталады?
- Ертегілерден қандай өнеге алуға болады?
- Қандай ертегінің түрлерін білесіңдер?

Жаңа жұмыс тобын құру
3. Сыныпты топқа бөлу ( ертегі түрлеріне қарай)
Топ ережесін құру.
1 - топ – Қиял – ғажайып.
2 - топ – Хайуанаттар туралы
3 - топ - Тұрмыс - салт
4 - топ – Шыншыл ертегілер

Жаңа сабақ
. Сабақтың тақырыбы мен мақсатын хабарлаймын.
Ажалдан құтқарған асыл сөз
Оқулықпен жұмыс, топтық тапсырма беріледі
5. 4 топқа тапсырма беру
1 – топ: Ертегіні дауыстап, мәнерлеп оқыту (2 - 3 оқушы)
2 - топ: Ертегі мазмұнын баяндату
3 - топ: Ертегіден қойшының ханға айтқан жауаптарын теріп оқыту.
4 – топ: Қойшыны ажалдан құтқарған не? (оқушы ойларын тыңдадым)

Ертегіні талдау, ақпараттық ізденіс
6. 1. Ертегі кімдер жайлы?
2. Ертегі неліктен «Ажалдан құтқарған асыл сөз» деп аталған?
3. Басқаша қалай атауға болады?
4. Ертегіден қандай әсер алдың?

Сергіту сәті
7. Бейнежазбадан үзінді (жаттығу)
8. Ертегі бөлімдеріне ат қою..
Ертегі бөліктеріне ат қойып, неліктен олай аталғанын түсіндіреді.
9. Хан мен қойшыға мінездеме бер. (бір түйін шығар)
10. Хан мен қойшыға ұсыныс айт.
11. Қаншалықты шынайы бағалағандарын сырттай бақылаймын.
12. Ертегіні әңгімелеу, нақыл сөз жинастыру, сахналау.
13. Оқушылардан кері байланыс алу. Сабаққа қызығушылығы оянып, назарлары сабаққа ауады.

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.
8 214
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Разрядтан аттамай үш таңбалы санды бір таңбалы санға жазбаша көбейту
Разрядтан аттамай үш таңбалы санды бір таңбалы санға жазбаша көбейту
екі таңбалы/үш таңбалы сандарды бір таңбалы санға жазбаша көбейту мен бөлу алгоритмдерін қолдану
Ш. Мұртаза Интернат қоймасы. Қысқа мерзімді жоспар
Ш. Мұртаза Интернат қоймасы. Қысқа мерзімді жоспар
Т. Рысқұлов өмірі жайлы 2 - сыныпта оқығанды еске түсіре отырып, Ш. Мұртазаның Интернат қоймасы әңгімесін түсініп оқуға, жеткізе білуге үйрету.
«Алтын балта» ертегісі
«Алтын балта» ертегісі
«Алға мектеп – бақшасы» ММ бастауыш сынып мұғалімі Бесайдарова Гулзат Бакбергеновна
Орта мерзімді жоспар (әдебиеттік оқу 4 сынып)
Орта мерзімді жоспар (әдебиеттік оқу 4 сынып)
ОҚО, Мақтарал ауданы, Жетісай қаласы, «№122 жалпы орта мектебі» коммуналды мемлекеттік мекемесінің бастауыш сынып мұғалімі Эсентемирова Жанна Литанатовна
Ажалдан құтқарған асыл сөз
Ажалдан құтқарған асыл сөз
Қарағанды облысы, Сәтбаев қаласы, Абай атындағы №4 мектеп - лицейінің бастауыш сынып мұғалімі Маденова Эльмира Кайратовна
Алтын балта
Алтын балта
Қарағанды облысы, Сәтбаев қаласы, Абай атындағы №4 мектеп - лицейінің бастауыш сынып мұғалімі Маденова Эльмира Кайратовна
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×