Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Мен әдепті баламын

25 қаңтар 2016, Дүйсенбі
Категориясы: Кембридж тәсілі
Ақтөбе қаласы, Кеңес Нокин ауылы,
Благодар орта мектебінің мектепалды даярлық тобы тәрбиешісі
Жайтуғанова Нұрлыгүл Шауқымқызы

Сауат ашу
МАД тобы
Өзін - өзі тану
Тақырыбы: Мен әдепті баламын
Мақсаты: «Әдеп», «Әдептілік» туралы түсініктерін кеңейту. Жағымды қарым - қатынас дағдыларын дамыту, әдептілікке, сыпайлыққа тәрбиелеу.
Күтілетін нәтиже: Әдепті баланың жақсы, тәртіпті, елгезек, ақкөңіл екенін түсінеді, бәрі әдепті болуға талпынады.
Түйінді идеялар: Әдепті бала - арлы бала
Әдіс - тәсілдер: АКТ, СТО, ОЖТ; ОүБ, ОБжК, ТжДБо
Сабақ барысы
Ұйымдастыру
Шаттық шеңбері.
«Үлкенге де сіз...»

Түсіну
«Амандасу - таныстыру» жаттығуы.
Әңгімелеу.
Көшелерден біз өткен
Ата көрсем, жақын кеп
Сәлем берем ізетпен:
«Ассалаумағалейкум!»- деп.
- Осы өлең жолдарынан нені ұқтыңдар?

Қолдану
«Өзіммен - өзім»
- Балалар, сендер қандай жылы, әдепті сөздерді білесіңдер?
- Әдепті балалар қандай болады?
- Әдептілік дегенді қалай түсінесіңдер?
Әдептілік – адам бойындағы ең асыл қасиет, әдепті бала ұқыпты, тілалғыш, шыншыл, қайырымды, еңбекқор, адал болады. Әрдайым таза жүреді. Автобуста үлкенге, жасы кіші балаларға орын береді.
«Сиқырлы сөз» атты әңгімені оқып талдау.
а) Қария Павликке қандай сиқырлы сөздер айтты?
б) Павлик атты баланы әдепті бала деп айтуға бола ма?

Талдау Дәйексөз.
«Әдепті бала - арлы бала»- халық мақалын бүгінгі іс - әрекеттің дәйексөзі ретінде түсіндіру.
Сергіту сәті «Не деу керек?»
Дәптермен жұмыс: Суреттерге қарап, балалардың әдептілігі туралы әңгімелеп беріңдер.

Толық нұсқасын жүктеу
5 659
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Әдептілік - әдемілік
Әдептілік - әдемілік
Әдептілікке, әдемілікке баулу, күнделікті өмірдегі күн тәртібін, жаман мен жақсы әдет қалыптастырып ажыратуға үйрету. Адамгершілікке, ойынға деген қызығушылығын арттыру.
Әдепті бала - ақылды бала
Әдепті бала - ақылды бала
Балаларға әдептілік жайлы мағлұмат беру. Әдепті болуға үйрету, ойлау қабілетін және шығармашылығын дамыту. Әдептілік әлеміне бару барысында балаларға әдептілік ұғымының мағынасын ашу. Адалдыққа, мейірімділікке кішіпейілділікке тәрбиелеу.
Әдепті сөздер
Әдепті сөздер
Батыс Қазақстан облысы, Жаңақала ауданы, Қызылоба ауылы Е. Ш. Орақбаев атындағы орта жалпы білім беретін мектебінің бастауыш сынып мұғалімі Хайруллина Ұлмекен Сейтқалиқызы
Әдепті өмір сүруге үйрен
Әдепті өмір сүруге үйрен
Шығыс Қазақстан облысы, Көкпекті ауданы, Самар ауылы, Ж.Болғанбаев атындағы Самар орта мектебінің биология пәні мұғалімі Ибраева Гульжанат Ержановна
Әдептілік - әдемілік
Әдептілік - әдемілік
Ақтөбе облысы, Темір ауданы, Кеңқияқ орта мектебінің бастауыш класс мұғалімі Кереева Жанылша Курамысовна
Әдептілік – әдемілік
Әдептілік – әдемілік
Ақмола облысы, Еңбекшілдер ауданы, Р. Елебаев атындағы Құдықағаш орта мектебінің бастауыш сынып мұғалімі Шарипова Орынтай Хасеновна
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×