Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Ондық бөлшектерді көбейтуге есептер шығару

17 ақпан 2015, Сейсенбі
Категориясы: Математика
Ондық бөлшектерді көбейтуге есептер шығару

Оқушылардың пәнге деген қызығушылығын арттыру үшін сабағымда В. Шаталов П. Эруднев т. б озық іс - тәжірбиелерін, оқытудың озық технологияларының элементтерін жиі қолданамын. Жаңа заман талаптарына сай сабақтарды «Түймедақ»,»Балықтар», т. б. ойындарды өткізсе, сабақ барысында жақсы нәтижеге жетуге болады. Оқушылардың пәнге деген қызығушылығын арттыру үшін сабақта әр түрлі дидактикалық ойындар өткіздім. Сыныптағы оқушыларды тегіс қамту үшін, әр оқушыға ойынға қатысуға мүмкіндік жасау мақсатында ойындарды деңгейлік тапсырмалар негізінде жасадым. Енді 5 сыныпта ондық бөлшектерді көбейтуге есептер шығаруды «Математикалық ралли» түрінде жасақтадым.

ІІ. Сабақтың мақсаты:
ІІ. Білімдік. Әр түрлі деңгейлік тапсырмалар арқылы оқушылардың алған білімдерін тексеру. Оқушылар ережелерді айта білулері, есептер шығару барысында қолдана білулері тиіс.
2. Тәрбиелік. Оқушыларды шыдамдылыққа, ұйымшылдыққа, сыйластыққа тәрбиелеу.
3. Дамытушылық. Оқушылардың іскерліктерін өз бетімен еңбектену сезімдерін, білімдерін дамыту.
ІІІ. Сабақтың түрі: Қорытындылау сабағы.
ІҮ. Оқыту әдістері: Деңгейлік тапсырмалар арқылы құрастырылған дидактикалық ойындар.
Ү. Көрнекілігі: Карточкалар,»балықтар»,»түймедақ» гүлі.
ҮІ. Ұйымдастыру кезеңі: Балаларды түгендеу сабаққа дайындығын тексеру. Ойынды өткізу үшін оларды 4 топқа бөлу. Әр үстелде 6 оқушыдан. Әр топқа әр түрлі деңгейлік тапсырмалар беріледі. Мысалы; 1 үстелге А тобының есептері, 4 - ге ғана С тобының есептері беріледі.
ҮІІ. «Раллиға» дайындық жүргізу, теориялық материалды қайталауға арналған бірінші кезең:
Мектеп ауласын тексеру:

1. Ережелер турнирі. Соңғы өтілген ережені оқушылар кезекпен бәрі қайталайды. Тәртіп мынадай бірінші 4 - і топ, 3 – і, 2 - і, 1 - і.

2. Ойын «Ойлан, тап!»(тақтада)
І. Бөлшек сандардың ондық жазылуы: 1. 2. 3.
ІІ. Ондық бөлшектерді салыстыру: 1. 2. 3.
ІІІ. Ондық бөлшектерді көбейту: 1. 2. 3.
ІҮ. Әр оқушы қалайтын тақырыпты таңдап, тапсырманы алады.
1 - деңгей (жеңіл есептер)
2 - деңгей(орташа деңгей)
3 - деңгей( қиынырақ деңгей)

Тапсырмалар.
І. Бөлшек сандардың ондық жазылуы
1. Ондық бөлшек түрінде жаз: он төрт бүтін жүзден тоғыз
2. Ондық бөлшек түрінде жаз: 27: 100
3. Ондық бөлшек түрінде жаз: 16 13/20

ІІ. Ондық бөлшектерді салыстыру.
2, 7*3, 6 Жұлдызшаның орнына тиісті теңсіздік белгісін қой.
Жай бөлшекті ондық бөлшекке айналдырып, салыстыр. 0, 75 пен 2/5
Жұлдызшаның орнына >,< белгілерін қойып жазыңдар:
а) 3, 52×0, 5*3, 52
ә) 7, 02×1, 7*7, 02
б) 0, 81×5, 2*0, 81
в) 0, 03×9, 75*9, 75

ІІІ. Ондық бөлшектерді қосу және азайту:
Қосуды орында: 85, 07+3, 03
Жай бөлшекті ондық бөлшекке айналдырып алып есептеңдер:
2 3/( 10) –(1, 5 - 0, 7)
3. Ондық бөлшекпен өрнектеп алып, амалдарды орындаңдар.
Сағат есебімен: 3сағ 45мин - 1сағ 30мин+2сағ 15мин

ІҮ. Ондық бөлшекті көбейуі.
1. 2, 5×4
2. 21, 3×3, 04
3. 8, 09×0, 8
3, Карта жасау. Ол үшін қиылған картаны жинау керек.
Әр топ өзінің тапсырмасын орындағанға дейін бос орынға ортаның бөлігін қойып, суретін келтіріп, карта құрастырады.

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.
6 458
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Жай бөлшектер мен ондық бөлшектерді қосу және азайту
Жай бөлшектер мен ондық бөлшектерді қосу және азайту
Жай бөлшектер мен ондық бөлшектерді қосу және азайтуды меңгерту және жүйелеу. Ондық бөлшектердің жай бөлшектермен, жай бөлшектердің ондық бөлшектермен жазылуын және оқылуын үйрету. Біліктерін логикалық оймен іске асыра білу.
Ондық бөлшектерге амалдар қолдану
Ондық бөлшектерге амалдар қолдану
Ондық бөлшектің бүтін бөлігі мен бөлшек бөлігін айыра білуді қалыптастыру. Санның ондық бөлшекпен жазылуында үтір қойылуымен ондық таңбалар санын қалай анықталуын түсіндіру.
Ондық бөлшектерді қосу
Ондық бөлшектерді қосу
Маңғыстау облысы, Маңғыстау ауданы, Онды орта мектебінің математика пәні мұғалімі Серік Рабиға Серікқызы
Ондық бөлшектерді қосу, азайту тақырыбына есептер шығару
Ондық бөлшектерді қосу, азайту тақырыбына есептер шығару
Ойыл ауданы, Жақсыбайкөл негізгі мектебінің математика пәні мұғалімі Мусирова Гулнар Хамитовна
Ондық бөлшектерді қосу, азайту тақырыбына есептер шығару
Ондық бөлшектерді қосу, азайту тақырыбына есептер шығару
Атырау облысы, Исатай ауданы, Жанбай селосы, Х. Наубетов атындағы орта мектептің математика пәні мұғалімі Аринова Толқын Қапидоллақызы
Ондық бөлшектерді көбейту
Ондық бөлшектерді көбейту
Орал қаласы, №34 мектеп - гимназиясының мұғалімі Исмагулова Г.С. Сабақтың тақырыбы: Ондық бөлшектерді көбейтуге есептер шығару.
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×