Білімділер поралы

Бүтін сандар. Рационал сандар

Ұзақ мерзімді жоспардың тарауы: 6. 1. В Рационал сандар және оларға амалдар қолдану
6 сынып
Сабақтың тақырыбы: Бүтін сандар. Рационал сандар
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме): 6. 1. 2. 9 Координаталық түзуде рационал сандарды кескіндеу.
Тілдік мақсаттар Оқушылар:
Рационал сандардың ережелерін айтады.
Координаталық түзу анықтамасын тұжырымдай алады,
Берілген нүктені координаталық түзуде кескіндеуді түсіндіреді.
Пәнге қатысты лексика мен терминология:
Координаталық түзу - координатная прямая линия - coordinates
Рационал сан - рациональное число - rational number
Натурал сан - натуральные числа - natural number
Бүтін сан - целые числа - integer number
Теріс сан - отрицательное числа - negative number
Диалогқа, жазылымға қажетті тіркестер:
Координаталық түзу бойында рационал сандарды кескіндеу үшін...
Координаталық түзу бойында кескінделген нүктелерінің координаталарын жазу үшін...
Координаталық түзуде жылжыту арқылы берілген нүктенің орнын табу үшін...

Құндылықтарға баулу «Мәңгілік ел» жалпыұлттық идеясының «Тарихтың, мәдениет пен тілдің біртұтастығы» 6 - құндылығы негізінде оқушыларды мемлекеттік тілді құрметтеуге, үштілділікке тәрбиелеу.
Пәнаралық байланыс: Ағылшын тілі, орыс тілі, география
Алдыңғы білім: Бүтін сандар. Рационал сан, координаталық түзу

Сабақтың басы (10 мин.)
І. Ұйымдастыру кезеңі
• Оқушылармен амандасу
• Оқушыларды түгендеу
• Сабаққа әзірлігін тексеру
• Сабаққа жағымды психологиялық ахуал туғыз (Жүректен - жүрекке)
ІІ. Топқа бөлу.«Сиқырлы сандар» әдісі
• Оқушылар алдарында таратылған кеспе қағаздардағы әртүрлі сандар беріледі, сол сандардың анықтамасы бойынша топтасады.
• 1 - топ «Натурал сандар»,
• 2 - топ «Бүтін сандар»
• 3 - топ «Рационал сандар»
• 4 - топ «Теріс сандар»
ІІІ. Үй тапсырмасын тексеру.
Үй тапсырмасын жауаптары тақтада көрсетіледі
«Ашық микрофон» әдісі
• Қандай сандар рационал сандар деп аталады?
• Координаталық түзу дегеніміз не?
• Санақ басы үшін қандай сан алынған?
• Координаталық түзудің бағыттарын ата
Ауызша бағалау жүргізіледі
Мақсат пен бағалау критерийлерін оқушылармен талқылаймын.

Сабақтың ортасы (20 мин)
І. Топтық жұмыс. «Джигсо» әдісі
№1 Бірлік кесінді ретінде дәптердің 5 тор көзінің ұзындығын алып, координаталық сәуле сызыңдар. Оның бойында: О(0), А(1/5), В(- 1 2/5),), С(- 2), D(13/5), А(- 4/5), нүктелерін белгілеңдер.

№2 Қазақстанның физикалық картасында 15 наурыздағы қалалардың ауа температурасының суретін бірлік кесінді ретінде 1 см кесіндіні алып, координаталық түзу сызыңдар. Оның бойындағы нүктелерді белгілеңдер.

Мектеп: «№37 гимназия» КММ
Мұғалімнің аты - жөні: Балапанова А. С.
Бүтін сандар. Рационал сандар жүктеу
Материал рейтингісі:
  • 100
барлық дауыс бергендер: 1
Басқа жаңалықтарды оқу:
Загрузка...
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Үздік жаңалықтар
Жаңалықтар бөлімі
Соңғы пікірлер
  • aiboll
    Жазған: aiboll
    Мына жаңалықта: Өмір, қымбатсың маған!
  • aiboll
    Жазған: aiboll
  • nurislam0
    Жазған: nurislam0
    Мына жаңалықта: Ақша. Монета
  • raya94
    Жазған: raya94
    Мына жаңалықта: Ақша. Монета
  • jupar
    Жазған: jupar
  • Dulat90
    Жазған: Dulat90
    Мына жаңалықта: Биологиядан тест
  • aiboll
    Жазған: aiboll
  • Orken agay
    Жазған: Orken agay
  • aiboll
    Жазған: aiboll
  • Гүзал
    Жазған: Гүзал
Загрузка...
Өз пікіріңді білдір
Білімділер порталына қандай бөлім жетіспейді?
Интернет дүкен (магазин)
Хабарландыру тақтасы
Онлайн оқыту бөлімі
форум
Тестілеу орталығы
Сайтта кім бар
Барлығы: 72
Қолданушылар: 1
Қонақтар: 71
Роботтар: 2
aiboll
Ілмек сөздер
Сайт статистикасы
Яндекс.Метрика