Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Ондық бөлшектерге амалдар қолдану

24 наурыз 2013, Жексенбі
Категориясы: Математика
Класс: 5

Сабақтың тақырыбы: Ондық бөлшектерге амалдар қолдану
Сабақтың мақсаты:
Ондық бөлшектерді қосу, азайту, көбейту, бөлу бойынша білімдерін пысықтау, жүйелеу.
Міндеттер:
Берілген тақырып бойынша білім, білік дағдыларын толық жетілдіріп бекіту;
Білім алушылардың ой - өрісін кеңейтіп, көру және есте сақтау қабілеттерін, танымдық белсенділіктерін дамытып, есепті талдап қорытынды шығара білуге дағдыландыру;
Пәнге деген қызығушылықтарын арттыра отырып математикалық сауаттылыққа, ұқыптылыққа, жауапкершілікке және өз бетінше жұмыс жасауға тәрбиелеу.
Сабақтың типі: Аралас сабақ.
Сабақ өткізу формалары: жеке, жұптық, ұжымдық, топтық.
Пайдаланылған әдіс - тәсілдер: түсіндіру, сұрақ - жауап, сөздік, жартылай ізденушілік бірін - бірі тексеру, өзін - өзі тексеру, деңгейлік оқыту.
Техникалық құралдар: компьютер, интерактивті тақта.
Қолданылған көрнекіліктер және сабақ технологиясы: слайдтар, кеспе қағаздар, жетондар, АКТ, саралап оқыту.
Пәнаралық байланыс: психология, информатика, қазақ тілі, тарих.
Оқу – әдістемелік құралы: Т. А. Алдамұратова. Е. С. Байшоланов. Математика.
5 класс. Жалпы білім беретін мектептің 5 сыныбына арналған оқулық. - Алматы, Атамұра, 2010 жыл.

Сабақ жоспары:
1. Ұйымдастыру. 1 мин
2. Үй тапсырмасын тексеру. 5 мин
3. Ауызша есептер шығару. 4 мин
4. Графикалық диктант. 5 мин
5. Жұптық жұмыс. Есептегі қажетті үтірлерді қою. 3 мин
6. Ұжымдық жұмыс. Амалдарды орындау. 7 мин
7. Сергіту сәті. 2 мин
8. Деңгейлік тапсырмалар орындау 8 мин.
9. Тест тапсырмасын орындау. 5 мин.
10. Сабақты қорытындылау. 3 мин.
11. Үйге тапсырма беру. 1 мин.
12. Бағалау. 1 мин.

Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі. 1 мин
Оқушылармен амандасу, түгендеу.
Орнымыздан тұрып:
Басымызды төмен түсіреміз.
- көз алдарыңызға нені елестеттіңдер?
- бүгінгі сабақта мен қалай жауап беремін деген ойдасыздар!
Басымызды шамалы көтереміз.
- апай бізге қандай тапсырма дайындады деген ойдасыздар!
Басымызды жоғары көтереміз.
Менде бәрі жақсы! Бүгінгі сабақта өз білімімді жоғары деңгейде көрсете аламын деген үміттесіздер!
Сондықтан бүгінгі сабақта бәріңе жетістіктер тілеймін.

II. Үй тапсырмасын тексеру. 5 мин
1 деңгей
№1237
5) 0, 48: 1, 2*5 - 1, 82=0, 4*5 - 1, 82=2 - 1, 82=0, 18
6) 8, 6 - 2, 5: 0, 5+1, 4=8, 6 - 5+1, 4=3, 6+1, 4=5
7) 9, 1+11, 5: 5 - 5, 6=9, 1+2, 3 - 5, 6=11, 4 - 5, 6=5, 8
8) 53, 4: 8, 9*0, 3+0, 2=6*0, 3+0, 2=1, 8+0, 2=2

2 деңгей
№1243
1) 0, 560, 55
3) 0, 350, 2

3 деңгей
№1243

III. Ауызша есептер шығару. 4 мин

Графикалық диктант. 5 мин
«иә» болса ٧
«жоқ» болса _ белгісін қойыңдар.

1. Ондық бөлшектерді қосып және азайтқанда бүтін бөлігі бүтін бөліктің астына жазылады. (иә).
2. 10, 100, 1000 разряд бірліктеріне көбейткенде үтірді солға жылжыту керек. (жоқ).
3. Санды оған жақынырақ натурал санмен немесе нөлмен алмастыруды осы санды бүтінге дейін дөңгелектеу деп атайды. (иә).
4. егер нөлдермен алмастырылатын немесе алынып тасталынатын бірінші цифр 5, 6, 7, 8, 9 цифры болса, онда оның сол жағындағы цифр 1 - ге арттырылады. (иә).
5. Ондық бөлшекті натурал санға бөлгенде бүтін бөлікті бөлу аяқталғанда, бөліндіде үтір қою керек. (иә).
6. Ондық бөлшекті 10 - ға бөлгенде үтір оңға жылжытылады. (жоқ).
7. Бөлу арқылы берілген жай бөлшекке тең ондық бөлшек алынады. (иә).

Жұппен жұмыс. 3 мин Есептегі қажетті үтірлерді қойыңдар.
а) 34+26=6 а) 3, 4+2, 6=6
б) 61 - 43=567 б) 61 - 4, 3=56, 7
в) 28 × 10=28 в) 2, 8 × 10=28
г) 219: 100=0219 г) 21, 9: 100=0, 219.

Ұжымдық жұмыс. 7 мин
1 оқушы интерактивті тақтада, 2 оқушы тақтада, қалғандары орындарында орындайды. Осы тапсырманы дұрыс орындасаңдар ондық бөлшектің бүтін бөлігін бөлшек бөлігінен үтірмен ажыратуды бізге ашып берген Шотландия математигінің есімін оқисыздар. ДЖОН НЕПЕР

а) 1243, 5 - (279, 48 + 105, 2) =1243, 5 - 384, 68=858, 82
б) 91, 8: (10, 56 - 1, 56) =91, 8: 9=10, 2
в) 16, 24 × (3, 7 + 6, 3) =16, 24 ×10=162, 4
г) (6, 59 + 3, 405) × 100=9, 995× 100=999, 5

О - 162, 4. Ж - 10, 2. Н - 999, 5. Д - 858, 82.

Сергіту сәті. 2 мин
Есте сақтау қабілетін арттыру.
Бәріміз бірге орындаймыз. Қонақтарға да орындауға да болады. Сіздер тек менің айтқанымды жасайсыздар. Қолымызды дөңгелектеп ұстаймыз. Қолымызды маңдайымызға апарамыз. Қолымызды мұрынымызға апарамыз.... түсіндіріп жіберу.

Деңгейлік тапсырмалар орындау. 8 мин
1 деңгей
Өрнектің мәнін табыңдар: (31, 2 – 27, 64) • 2, 05 + 0, 702.

3 деңгей
№1170
Қайық 7, 85 км/сағ меншікті жылдамдықпен өзенде ағыспен жүзді. Ағыс жылдамдығы 2, 6 км/сағ болса, қайық қанша уақытта 12, 54 км қашықтыққа жүзеді?
Дұрыс жауаптары:
Деңгейлік тапсырмалар орындау.

1 деңгей
Өрнектің мәнін табыңдар: (31, 2 – 27, 64) • 2, 05 + 0, 702=3, 56*2, 05+0, 702=7, 298+0, 702=8

2 деңгей
у + 0, 792 = 8, 7 • 2, 16
у + 0, 792 = 18, 792
у = 18, 792 – 0, 792
у = 18
Жауабы: 18.

3 деңгей
№1170
Қайық 7, 85 км/сағ меншікті жылдамдықпен өзенде ағыспен жүзді. Ағыс жылдамдығы 2, 6 км/сағ болса, қайық қанша уақытта 12, 54 км қашықтыққа жүзеді?

Тест.
1 нұсқа
1. Қосуды орындаңдар: 9, 07 + 3, 23
а) 12, 3;
б) 123;
в) 1, 23;
г) 41, 37
2. Теңдеуді шешіңдер: х – 12 = 3, 07
а) 13;
б) 8, 3;
в) 125;
г) 15, 07
3. Көбейтуді орындаңдар: 3, 75 * 1, 2
а) 13;
б) 8, 3;
в) 4, 5;
г) 4, 05
4. Амалды орындаңдар: 46, 75: 25 * 3, 8 – 0, 106
а) 13;
б) 7;
в) 7, 5;
г) 7, 1

1 - а
2 - г
3 - в
4 - б

2 нұсқа
1. Амалды орындаңдар: 5, 75 + 3, 8
а) 10;
б) 9, 55;
в) 8, 25;
г) 85
2. Теңдеуді шешіңдер: у – 18 = 4, 15
а) 22, 15;
б) 21;
в) 14;
г) 75
3. Көбейтуді орындаңдар: 3, 15*1, 2
а) 11, 907;
б) 12, 907;
в) 14, 907;
г) 75, 3
4. Бөлуді орындаңдар: 93, 15: 23
а) 405;
б) 41, 5;
в) 4, 15;
г) 4, 05

1 - б
2 - а
3 - а
4 - г

Сабақты қорытындылау.
Үйге тапсырма
Бағалау
Арифметикалық орта табу арқылы жинаған фишкалары бойынша әр оқушы өз бағасын шығарады
+ + =12: 3=4

Сабақты қорытындылау.
Сабақта мен ________жұмыс жасадым белсенді / селқос
Сабақтағы өз жұмысыма қанағаттанамын/ қанағаттанбаймын
Сабақтағы материалдар маған түсінікті болды / түсініксіз болды
Мен үшін үй тапсырмасы жеңіл / қиын

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.
12 774
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Ондық бөлшектерге амалдар қолдану
Ондық бөлшектерге амалдар қолдану
Оқушыларға сабақ барысында деңгейлеп саралап оқыту технологиясы бойынша жұмыс орындайтындықтарын түсіндіру.
Ондық және жай бөлшектерге амалдар қолдану
Ондық және жай бөлшектерге амалдар қолдану
Ондық және жай бөлшектерге амалдар қолдану. Есептеуге жүйрiк болсаң жасыңнан, Математикаға орын берсең басыңнан, Барлық ғылым саған үйiр болады, Досың солар – табылатын қасыңнан.
Ондық бөлшектер
Ондық бөлшектер
Ондық бөлшектерді бөлу амалы бойынша білімдерін пысықтау, жүйелеу
Ондық және жай бөлшектерге амалдар қолдану
Ондық және жай бөлшектерге амалдар қолдану
Шығыс Қазақстан облысы, Аягөз ауданы, «Горный ЖББОМ» КММ Жағыпарова Арай Бақытқызы
Ондық бөлшектерге амалдар қолдану
Ондық бөлшектерге амалдар қолдану
Ондық бөлшектің бүтін бөлігі мен бөлшек бөлігін айыра білуді қалыптастыру. Санның ондық бөлшекпен жазылуында үтір қойылуымен ондық таңбалар санын қалай анықталуын түсіндіру.
Ондық бөлшектерге амалдар қолдану
Ондық бөлшектерге амалдар қолдану
БҚО, Орал қаласы, А. Байтұрсынов атындағы №10 ЖББОМ математика пәні мұғалімі Диярова Айымгүл Сәтиқызы
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×