Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Натурал санның бөлгіштері. Натурал санның еселіктері

12 қазан 2020, Дүйсенбі
Категориясы: Математика
Сабақтың тақырыбы: Натурал санның бөлгіштері. Натурал санның еселіктері
Сабақтың мақсаты:
a) Берілген натурал санның бөлгіші мен еселігі ұғымын енгізіп, оқушыларға натурал санның бөлгіші мен еселігін табуды үйрету және оны есеп шығаруда қолдану дағдысын қалыптастыру
b) Оқушыларды ұйымшылдыққа, өз ойын еркін тұжырымдап және негіздеп жеткізе білуге тәрбиелеу.
c) оқушылардың зейінін кеңейту, есепті шапшаң, әрі дұрыс шығару қабілеттерін дамыту.

Сабақтың түрі: Жаңа білімді меңгерту
Сабақтың әдісі: әңгімелеу, баяндау, сұрақ – жауап, ойын
Сабақтың көрнекілігі: тірек сызбалар, дидактикалық ойындар

Сабақтың барысы:
1. Ұйымдастыру кезеңі: Сәлемдесу, түгелдеу, сыныптағы
оқушылардың сабаққа даярлықтарын анықтау.
ІІ. Үй тапсырмасын тексеру

ІІІ. Жаңа сабақты түсіндіру
Бүгінгі жаңа сабағымыздың тақырыбы «Натурал санның бөлгіштері. Натурал санның еселіктері». Жаңа сабағымызды бастамас бұрын біраз ауызша есептер шығарып, жаттығып алайық.
1) 312: 3 ----- 4) 450: 50 ----- 7) 1313: 13
2) 515: 5 ------ 5) 1050: 50 ------ 8) 1717: 17
3) 618: 6 ------ 6) 2050: 50 ------ 9) 3434: 17

Мұғалім: 18 санына қандай сандар қалдықсыз бөлінеді?
18 саны 1, 2, 3, 6, 9, 18 сандарына қалдықсыз бөлінеді.
Мысалы: 18: 3=6; 18: 6=3; 18: 9=2.
18 - ге қалдықсыз бөлінетін сандардың барлығы да 18 санының бөлгіштері деп аталады.
18 санының бөлгіштері: 1, 2, 3, 6, 9, 18.
Натурал а санының бөлгіші деп а саны қалдықсыз бөлінетін натурал санды айтады.
Мысалы: 30 санының бөлгіштері: 1, 2, 3, 5, 6, 10, 15, 30.
17 санының бөлгіштері: 1 және 17.
Осыдан қандай қорытындыға келеміз?
Берілген натурал санның ең үлкен бөлгіші қандай сан болады екен?
1. Берілген натурал санның ең үлкен бөлгіші сол санның өзіне тең.
2. 1 саны кез келген натурал санның бөлгіші болады.
24 санының бөлгіштері: 1, 2, 3, 4, 6, 8, 12, 24.
24 санының бөлгіштерінің біріншісі мен соңын алатын болсақ, бізде сандардың жұптары пайда болады.
Мұғалім: Қандай сандар екен?
Оқушылар: 1мен 24, 2 мен12, 3пен 8, 4 пен 6.
Енді осы жұптарымен алынған сандардың көбейтіндісін табайық
1*24=24, 2*12=24, 3*8=24, 4*6=24.
Осыдан натурал санның бөлгіштер жұптарының қасиеті шығады:
Берілген натурал санның бөлгіштер жұптарының көбейтіндісі сол санның өзіне тең.
Натурал санның еселіктерін қарастырамыз.
7 санына қалдықсыз бөлінетін сандарды табайық. Ол үшін 7 санын 1 - ге, 2 - ге, 3 - ке, 4 - ке,... көбейту керек. Сонда әрқайсысы 7 - ге бөлінетін сандарды табамыз. Олар 7, 14, 21, 28,...
Яғни, 7, 14, 21, 28,... сандарының әрқайсысы 7 - нің еселігі болады.
Осыдан қандай қорытынды шығаруға болады?
Натурал а санының еселігі деп а санына қалдықсыз бөлінетін натурал санды айтады.
Берілген натурал санға еселік санды табу үшін, оны қандай да бір натурал санға көбейту керек.
Мысалы: 5 санының еселіктері: 5, 10, 15, 20, 25,...
(Оқушылар өздері мысалдар келтіреді)
Осыдан шығатын қорытынды:
1. Кез келген натурал санның еселіктері шексіз көп;
2. Берілген натурал санның ең кіші еселігі сол санның өзіне тең.
Бірінші сан екінші санға қалдықсыз бөлінсе, бірінші сан еселік деп, ал екінші сан бөлгіш деп аталады.
Мысалы: 60: 12=5, ------------------------ 60: 5=12
60 - еселік, 12 - бөлгіш ------------------ 60 - еселік, 5 - бөлгіш.
lV. Оқулықпен жұмыс
А деңгейінің тапсырмалары
№ 150.
1. 21 - дің бөлгіштері: 3, 7
2. 90 - ның бөлгіштері: 3, 10, 15, 18, 30
3. 2 – нің еселіктері: 10, 18, 30, 84
4. 5 - тің: 10, 15, 30.
№ 152.
42санының бөлгіштерін табамыз: 1, 2, 3, 6, 7, 14, 21, 42.
42: 1=42, 42: 2=21, 42: 3=14, 42: 6=7, 42: 7=6, 42: 14=3, 42: 21=2, 42: 42=1.
Керегін таңдап аламыз: 42: 3=14, 42: 7=6.
Ответ: 3 үйме 14 асық, 7 үйме 6 асық.

В деңгейінің тапсырмалары
№ 158.
1) 45 - ке бөлгіш және 5 - ке еселік: 15.
2) 92 - ке бөлгіш және 23 - ке еселік: 46.
3) 120 - ке бөлгіш және 30 - ға еселік: 60.
V. Сергіту сәті «Бөлгіш пен еселік»
С деңгейінің тапсырмалары

№ 167 а санының бөлгіштері: 1, 2, 3, 5, 6, 10, 15, а а санын тап. Ж: а= 30
В санының бөлгіштері: 1, 3, 5, 15, 25, в в санын тап. Ж: в = 75

VІ Қорытындылау:
1. Қандай санды берілген натурал а санының бөлгіші деп атайды?
2. Қандай санды берілген натурал а санының еселігі деп аталады?
3. Берілген натурал санға еселік сандарды қалай табамыз?
4. Берілген натурал санның бөлгіштер жұптарын қалай табады?
VІІ Үй тапсырмасы: п. 2. 1, № 147(2), 149, 153.
VІІІ Бағалау.

Атырау облысы, Құрманғазы ауданы
Ш. Тұржанов атындағы орталау мектебінің
математика пәні мұғалімі
Қабиева Тлекші Сабидоллақызы

Толық нұсқасын жүктеу
156 098
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Натурал санның еселіктері
Натурал санның еселіктері
Натурал санның еселіктерін табуға есептер шығара білу;
Натурал сандардың бөлгіштері мен еселіктері
Натурал сандардың бөлгіштері мен еселіктері
Натурал санның бөлгіші мен еселігін табу анықтамаларын біледі.
Натурал санның бөлінгіштігі. Натурал санның еселігі. Жай және құрама сандар. (қайталауға арналған есептер шығару)
Натурал санның бөлінгіштігі. Натурал санның еселігі. Жай және құрама сандар. (қайталауға арналған есептер шығару)
Натурал санның бөлінгіштігі мен еселігінің ережелерін пайдаланып, есептер шығарған кездегі білімдерін міндетті және мүмкін деңгейде тексеру.
Натурал сандардың бөлгіштері мен еселіктері. Жай және құрама сандар
Натурал сандардың бөлгіштері мен еселіктері. Жай және құрама сандар
Натурал сандардың бөлгіштері мен еселіктерін табуда есе арттыру мен есе кеміту арқылы берілетін санның еселігі мен бөлгішін табуға болатындығының сырын ашып түсінеді.
Натурал сандардың 2 - ге, 5 - ке, 10 - ға бөлінгіштік белгілері
Натурал сандардың 2 - ге, 5 - ке, 10 - ға бөлінгіштік белгілері
Натурал сандарды оқып, жаза алады; Санның бөлгішін, еселігін таба алады, жұп және тақ цифрларды, жұп және тақ сандар ұғымын біледі, сандардың 2 - ге, 5 - ке, 10 - ға бөлінгіштік белгілерін біледі
Натурал сандардың бөлгіші. Натурал санның еселігі
Натурал сандардың бөлгіші. Натурал санның еселігі
Натурал сандардың бөлгіші. Натурал санның еселігі Берілген натурал санның бөлгіші мен еселігі туралы түсінік беру
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×