ойын сауық отауы
Тіс жегісі (Кариес): талай ауру тудырады
17.11.2019 3 688 0 Дауыл

Тіс жегісі (Кариес): талай ауру тудырады

Денсаулық / Жалпы кеңес
Маржандай тізілген әдемі тіс адамның көркі ғана емес, денінің саулығының кепілі. Дәрігерлер талай дерттің тіс арқылы келетінін жиі айтса да, мән бермейтін әдетіміз. Содан болар, бүгінде жасанды «протезге» тәуелділік жасарып барады екен. Бұрындары тек ата - әжелеріміздің аузынан көретін жасанды тісімізді, қазіргі күні қырықты алқымдаған аға - апаларымыздан да кездестіріп жүрміз. Бұл дегеніміз тіс мәселесін соңғы орынға қойғандар үшін ойланарлықтай жайт. Осы мәселе төңірегінде аудандық орталық ауруханасының дәрігер - стоматологы, терапевт БЕЙБІГҮЛ МАТЕШОВАМЕН жолыққан едік.

– Тісті қалай күтуге болады? Бүгінде 32 тісі түгел, сау әрі әдемі тісті кездестіру қиын болып қалған сияқты.
– Ең бірінші тіске бала туғаннан бастап күтім жасаған дұрыс. Кейде тіс ауруы балаға ата - анасы арқылы жұғуы мүмкін. Себебі, бұл ауру тұқым қуалайды. Ол үшін тісті емдетіп, тексерістен өтіп тұру қажет.

– Бұрын жасанды тіске жасы келіп, тісі түсе бастаған кісілер ғана мойынсұнатын. Қазір байқағанымыздай жасанды тіске тәуелділік «жасарып» барады. Себебі неде?
– Айтып өткеніміздей көп кісі тісіне мән бермей жатады. Ауруы асқынып, жанына батқаннан кейін ғана, дәрігерге «жұлдырып тастауға» келеді. Олай болмайды. Тісіңізде кішкене «қара дақ» пайда болғаннан бастап, дәрігердің көмегіне жүгінгеніңіз жөн. Ауданымызда тұрғындар арасында тісті күту көзқарасы әлі де болса дұрыс қалыптаспаған. Әрине, бірен - саран тісіне мән беретіндер болмаса, жалпы көпшілік тіс емханасына тісі түнімен ауырып ұйықтатпағанда, жағы іскенде ғана келеді. Бір қынжылтарлығы тістің ауру себебін сұрамайды, бірден «тіс жұлғызуға келдім» дейді. Көптің көзқарасында «тіс ауырды, жұлғызу керек» деген түсінік әлі де бар. Мұны күнделікті тіршілік барысында жиі кездестіреміз. Сол себепті орта жастағы кісілердің «протездің» көмегіне көп жүгінетіні осыдан. Емделмеген тісті жұлғаннан кейін, қасындағы сау тістерге әсер етіп, сөгіле береді. Ең соңында жасанды тіс киіп жүруіне мәжбүр болады.

– Ауданымызда тіс ауруларын емдейтін қандай техникалар бар?
– Бізде арнайы рентген аппараттары мен заманауи стома­толо­гиялық кресло бар. Рентген аппараты арқылы аурулардың алдын алып, асқынған түрін ертерек анықтаймыз. Науқастарға тегін дәрі де қарастырылған. Әлі де жаңадан аппарат алғызуды жоспарлаудамыз.

– Ем қабылдауға күніне шамамен қанша адам келеді? Тісінен «түңілгендер» тізімінде тұратын тұр­ғындар бар ма?
– Күніне кем дегенде 10 науқасты тексеруден өткізіп, ем қолданамыз. Қазір әскерге шақырудың күзгі мау­сымы басталғанына байланысты, түске дейін емханада, түстен кейін военкоматта отырамын. Бізде 18 жасқа дейінгі жасөспірімдерге, жүкті әйелдерге, зейнеткерлерге тегін ем қолданылады. Ал, тізімде тұратын науқастарға келер болсақ. Туа біткен ақаулары бар балаларды бірден тіркеуге аламыз. Мысалы, қоян жырық. Қазіргі таңда аудан бойынша 20 бала тіркеуде тұр. Ең қауіпті, асқынған түрін облыс орталығына жібереміз. Ота арқылы емдейді.

– Бүгінде балалар арасында тіс жегісі ауруының көп екенін дәрігерлер жиі айтып жүр...
– Баланы жастайынан ауыз қуысы гигиенасын сақтауға үйретуіміз қажет. Яғни, таңертеңгі астан кейін, кешке ұйқының алдында міндетті түрде тісті тазалау қажет. Мәселен, ауыз қуысында қалған кішкентай қиқым үгітіндісі тіске кариес түсіретінін ұмытпағанымыз жөн. Сол себепті әр тамақ жеген сайын ауыз қуысын шаю керек. Тіс тазалығын сақтаудағы есте ұстар нәрсе, үш ай сайын міндетті түрде тіс щеткасын ауыстырып тұру керек. Ал, бізде жоғалып қалмаса, ауыстырмайтындар бар. Сонымен қатар міндетті түрде жылына бір рет тіс дәрігеріне жолығып, тісті емдетіп тұру қажет.

– Дәрігер ретінде тіс күтімі туралы оқырманға кеңесіңіз
– Ауырып ем іздегеннен гөрі, ауырмаудың жолын іздеу әлдеқайда тиімді. Бүгінде тіс пастасы туралы жарнама көп. Арзанына емес, сапалысына мән берген жөн. Күнделікті таңертең және ұйықтар алдында жуып тазалап отыруымыз қажет. Жоқ дегенде жылына бір рет тексерістен өтіп, емдетіп тұрсаңыз, тіске келер қауіп жоқ.
– Сұқбатыңызға рахмет.

Күнделікті дағдыға айналдырар пайдалы әдеттер. Күнделікті дағдыға айналдырар пайдалы әдеттер.
Күн қаншалықты қиын да, қарқынды болғанымен әйтеуір кеш батпай қоймайды. Кешқұрым жұмыстан шаршап келгенде сан саққа жүгірген ойыңызды жинақтау
Д дәрумені және Күн көзі. Д дәрумені және Күн көзі.
Д дәрумені және Күн көзі. Мектеп кезінен бастап есімізде, күн сәулесінің әсерінен адам ағзасында Д дәрумені түзіледі. Біздің ағзамыз үшін бұл
Ауыз қуысы мен тісті күтудің қарапайым тәсілі. Ауыз қуысы мен тісті күтудің қарапайым тәсілі.
Бұл тәсіл тісті ағартуда, тісті тастардан тазартуда, қызыл иектің ауруы кезінде, ауыз қуысына шығатын жағымсыз иіспен күресуде өте тиімді әсер береді.
100 жастағы Қызылордалық әжейге жаңадан тіс шығып, күн сайын жасарып бара жатыр 100 жастағы Қызылордалық әжейге жаңадан тіс
Қызылорда облысы, Айнакөл ауылында тұратын 100 жастағы Раушан Ағыбаеваның шашы қарайып, кезінде түгел түсіп қалған тістерінің орнына жаңасы шыға
Facebook суицидке бейім адамдарды анықтай бастады Facebook суицидке бейім адамдарды анықтай бастады
ҚазАқпарат - Facebook әлеуметтік желісі өзіне өзі қол салуға бейім адамдарды жасанды ақыл - ой арқылы анықтайтын болады, деп хабарлайды Риа Новости
Інжу моншағы туралы (Жемчуг) Інжу моншағы туралы (Жемчуг)
Зергерлік тастар ішінде ерекше орын алатын інжу тастарының қалай пайда болуы туралы білесіз бе?
Пікірлер (0)
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақ,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×