ойын сауық отауы
Д дәрумені және Күн көзі.
11.07.2017 12 403 0 Дауыл

Д дәрумені және Күн көзі.

Денсаулық
Д дәрумені және Күн көзі.
Мектеп кезінен бастап есімізде, күн сәулесінің әсерінен адам ағзасында Д дәрумені түзіледі. Біздің ағзамыз үшін бұл дәруменнің маңызы зор. Д дәрумені сүйектің беріктігі мен бұлшық еттің икемділігіне, жүрек-қан тамырлары жүйесінің қалыпты жұмыс істеуіне, иммундық жүйені күшейтіп, түрлі ауруларды болдырмауға қатысады. Бұл дәруменнің қызметін түгел атап шығу мүмкін емес.
Мұндай дәруменді қажетті мөлшерде қайдан аламыз? Күн қысқа немесе күннің көзі жоқ, солтүстікте тұратын адамдар қайдан алады?
Американдық ғалым Джулия Ньютон - Бишоп Д дәруменінін қажетті мөлшерін жасанды жолмен, арнайы қосымшалар арқылы толықтыруға болады деп есептейді.

Д дәруменінің мөлшерін толықтыру мақсатында күннің астында шамадан артық күюге болмайды: бұл денсаулыққа зиянды, адам бойындағы басқа ауруларды өршітіп жіберуі мүмкін.
Бұл мәселе, Д дәруменінің жетіспеушілігі – күз бен қыс мезгілінде өте актуалды. Жайнаған жаз мезгілі аяқталып алдыда қоңыр күз бен қыраулатып келе жатқан қыс мезгілінде Д дәрумен ағзаға өте қажет - ақ. Бұл мезгілде күннің сәулесі өте аз тіпті көрінбейді де.

Мұндай уақытта, денсаулықты сақтау мен жақсарту мақсатында пайдалы тағам түрлеріне көшкен жөн. Ас – адамның арқауы дегендей, «берік ғимарат тұрғызу үшін кірпіші берік болуы керек» - сол сияқты адам ағзасы мықты болуы үшін, тағам дәрумендерге бай болуы керек.
Тамақтану барысында Д дәруменінің орнын толтыру үшін балық өнімдері және көкөністер мен жемістерге көңіл бөлген абзал.
Д дәрумені мен басқа да микроэлементтер балық өнімінде өте көп кездеседі. Балық – көптеген қоректік заттар мен фосфордың көзі. Денсаулығына көңіл бөлетін әрбір жанның үстелінде бұл өнім жылдың қай мезгілінде болсын тұруы тиіс.

Д дәруменінің толықтыру әсерін күшейтуге арнайы тамақ қоспалары мен мультивитаминдер қазіргі күні дәріханаларда толып тұр. Сүйектің және бұлшықеттің өсу қызметіне Д дәрумені жауапты. Күн суыта бастағаннан әр ата-ана балаларының тұмау-сымаудан аман болуы қалайды. Сондықтан балаларыңыз бұл өнімге бай тағаммен қоректенуін назарға алған жөн.

Анда - мұнда асығып жүрген адамдар, ең басты байлық – денсаулықты ұмытып кетеді. Өмірде ең басты нәрсе – денсаулық оны бірінші орынға қойыңыз, сонда сіз бен сіздің жақындарыңызды барлық ауру-сырқау айналып өтетін болады.

Дайындаған: Асыл

Халық емі: Он бес түрлі ауруға ем болатын сусын Халық емі: Он бес түрлі ауруға ем болатын сусын
Бұл сусынды өзіңіз - ақ, үйде жасай аласыз. Көп уақытты алмайды. Қымбат та емес. Ал пайдасы шаш - етектен. Айтып отырғаным кәдімгі лимон қосылған су.
Күн сәулесінің ағзаға пайдасы Күн сәулесінің ағзаға пайдасы
Ультра - күлгін сәуле баланың денсаулығын күшейтіп, шынықтырады. Сол сәуленің нәтижесінде өсіп келе жатқан баланың денесіне өте қажетті фосфор мен
Шаш түсе бастаса қандай дәрумендер қабылдаған дұрыс? Шаш түсе бастаса қандай дәрумендер қабылдаған
Төгілген қолаң шаш – әйел сұлулығының белгісі, егер ол сирей бастаса мазасызданбау мүмкін емес. Шаштың түсуіне қарсы шара қолданбас бұрын оның түсу
Лимонның пайдасы Лимонның пайдасы
Лимонның барлық пайдалы қасиеттері оның ішкі жұмсағында, дәл осы жұмсағында дәрумендер көзі жинақталған.
Жарамдылық мерзіміне көп адам назар салмайтын 13 зат Жарамдылық мерзіміне көп адам назар салмайтын 13
Күнделікті тұрмыста пайдаланатын кейбір құралдардың жарамдылық мерзімі өтіп кеткенін байқамай да қалауыңыз мүмкін, сондай құралдардың бірнешеуін атап
Сүт тағамдарының адам ағзасына тигізер пайдасы Сүт тағамдарының адам ағзасына тигізер пайдасы
Сүт өнімдерінде кальций бар, сүйекті, тісті нығайтады, бұлшық еттің қызметін жақсартады, қанның түзілуі үшін қажет, тәннің жұқпалы ауруларға күресін
Пікірлер (0)
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақ,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×