ойын сауық отауы
Мектепте смартфонға тыйым салына ма?
29.07.2016 1 920 0 Дауыл

Мектепте смартфонға тыйым салына ма?

Жаңалықтар
Мектепте смартфонға тыйым салына ма?
ҚР Білім және ғылым министрлігі мектептерде смартфон ұстауға тыйым салу туралы прокурорлардың ұсыныстарына қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«ҚазАқпарат» ХАА - нің ресми сауалына қатысты берген жауабында ҚР Білім және ғылым министрлігі Білім беру ұйымдары Қазақстан Республикасының заңнамасында, тиісті үлгідегі білім беру ұйымдарының қызметі туралы үлгілік ережелер мен білім беру ұйымдарының жарғыларында белгіленген шектерде оқу және тәрбие процесін жүзеге асыруда, кадрларды іріктеу мен орналастыруда, ғылыми, қаржы - шаруашылық және өзге де қызметте дербес болатындығын атап өтті.

Министрліктің жазуынша, смартфондарға тыйым салуға қатысты шешімді оқушылардың ата - аналары бірлесіп шеше алады.

«Білім беру ұйымдарының құзыретіне ішкі тәртіп ережелерін әзірлеу және бекіту функциялары кіреді. Осылайша, ата - аналар кеңесінде смартфондарды мектепте қолдануға тыйым салуға қатысты мәселені талқылап, барлық пікірлерді саралай отырып, осы мәселені ішкі тәртіп пен ұйым жарғысына ортақ ұйғарымды енгізу арқылы шешуге болады», - делінген хабарламада.

Дегенмен, Білім және ғылым министрлігі аталған персоналды компьютердің қызметін атқаратын мұндай гаджеттердің білім қууға қажет пайдалы функциялары: электронды поштамен жұмыс, мәтіндік және электронды құжаттарды қарау мүмкіндігі барын да тілге тиек етті.

Смартфондарды мектептерде қолдануға қатысты тыйымды енгізу туралы мәселе қарастырылмаған.

Еске сала кетсек, Шымкент әкімі Ғабидулла Әбдрахимов мектептерде оқу жылында оқушылардың смартфон қолдануына тыйым салуды тапсырған болатын.

Мұндай ұсынысты Қостанай және Қызылорда облысының прокурорлары да жасады.

Прокурорлар смартфондарды қолдану білім беру процесіне кері әсерін тигізеді деп есептеп отыр.

Сонымен қатар, балалардың өміріне де қауіп төндіреді.

Қызылорда облысында прокуратура қызметкерлері «ВКонтакте» желісін тексеру барысында өзіне қол жұмсауды үгіттейтін парақшаларға 106 жеткіншек қатысатындығын анықтаған. Мобильді байланыстың кері әсерімен қатар, мектеп қабырғасында қымбат телефондардың ұрлығы да өршіп тұр. Негізінен, мектептерде орын алатын қылмыстардың 65 пайызына ұялы телефон себеп болатын көрінеді.

Дереккөзі: baq. kz
ҚР Білім және ғылым министрлігі 2018 - 2019 оқу жылына арналған білім беру гранттарының мамандықтар бойынша тізімі ҚР Білім және ғылым министрлігі 2018 - 2019 оқу
ҚР Білім және ғылым министрлігі 2018 - 2019 оқу жылына арналған білім беру гранттарының мамандықтар бойынша тізімін жариялады.
Білім грантына ілікпеген жағдайда не істеуге болады? Білім грантына ілікпеген жағдайда не істеуге
Құрметті талапкерлер мен ата - аналар! Білім беру гранттары конкурсының нәтижелері барлық қатысушылардың үмітін ақтамады, өйткені түлектердің 30%
Мектеп бітіру кешінің сонша шығынмен өтуін білім министрлігі де қалап отырған жоқ Мектеп бітіру кешінің сонша шығынмен өтуін білім
Білім министрлігінің мектеп бітірушілердің лимузин жалдап, қызыл кілемге тапсырыс беруіне тыйым салуға қауқары жоқ. Бүгін вице-министр Бибігүл
Оқыту әдістемесі және білім беру технологиясы №1 Оқыту әдістемесі және білім беру технологиясы №1
Оқыту әдістемесі және білім беру технологиясы бойынша тестілеу арқылы өз біліміңізді тексеріп көріңіз!
Ұстаздарды қызметтеріне тән емес жұмыстарға мәжбүрлеу тыйылады Ұстаздарды қызметтеріне тән емес жұмыстарға
Алдағы уақытта ұстаздар қауымын қызметтеріне тән емес жұмыстарға мәжбүрлеп жегу тыйылады. Бұл туралы бүгін ҚР Білім және ғылым министрлігінің
Еліміздегі мектептерде балаларды оқытатын білікті ұстаздар жетпей жатыр. Еліміздегі мектептерде балаларды оқытатын білікті
Еліміздегі мектептерде балаларды оқытатын білікті ұстаздар жетпей жатыр. Ата - аналар, әрине, ұл мен қызына тәжірибелі мұғалімнің білім бергенін
«Алтын белгі» иегерлерінің біршамасы мемлекеттік грант ала алмайтын болды «Алтын белгі» иегерлерінің біршамасы мемлекеттік
Білім гранттарын беру жөніндегі республикалық конкурс комиссиясы «Алтын белгі» иегерлерінің біршамасы мемлекеттік грантқа ие бола алмауы мүмкін деген
Қазақ-түрік лицейлері жабылмайды Қазақ-түрік лицейлері жабылмайды
ҚР Білім және ғылым министрлігі Қазақ-түрік лицейлеріне қатысты ресми мәлімдеме жасады: Қазақстанда аталған оқу орындары (елімізде 27 лицей бар)
Егер мектепте тәлімгер болып істейтін маман, қазан айында жұмысқа қабылданса, ақылы демалысқа қай уақытта және қанша күнге шыға алады? Егер мектепте тәлімгер болып істейтін маман,
ҚР Еңбек кодексінің 105 - бабына сәйкес қызметкерге жұмыс істеген бірінші және келесі жылдары үшін жыл сайынғы ақылы еңбек демалысы жұмыс беруші мен

Пікірлер (0)
Пікір білдіру
Пікір білдіру
код көрінбесе қайта басыңыз