ойын сауық отауы
Қазақ-түрік лицейлері жабылмайды
30.07.2016 2 825 0 Дауыл

Қазақ-түрік лицейлері жабылмайды

Жаңалықтар
Қазақ-түрік лицейлері жабылмайды

ҚР Білім және ғылым министрлігі Қазақ-түрік лицейлеріне қатысты ресми мәлімдеме жасады: Қазақстанда аталған оқу орындары (елімізде 27 лицей бар) жұмысын жалғастырады, ата-аналарға, оқушыларға алаңдайтын негіз жоқ.

ҚР БҒМ баспасөз қызметі хабарлағанындай, ҚТЛ-дың Түркияға еш қатысы жоқ, оның оқу саясаты қазақстандық және халықаралық білім стандарттарына сай жасалған. ҚТЛ қызметін қадағалайтын «KATEV» халықаралық қоры президент Н.Назарбаев пен Т.Өзалдің қолдауымен Қазақстан мен Түркияның білім беру саласындағы келісімінің негізінде құрылған.

«ҚТЛ өз оқушыларының жоғары білім деңгейін паш етті және елдегі білім беру ордалары ішінде үздіктердің қатарында. Соңғы үш жылдың ішінде ҚТЛ оқушылары 5327 медаль жеңіп алды, олардың 986-сы Бразилия, АҚШ, Ресей, Оңтүстік Корея, Қытай, Румыния, Канада, Грекия, Грузия, Германия, Жапония елдерінде өткен халықаралық олимпиададан еншілеген медальдар. ҚТЛ-да 1 124 оқытушы жұмыс істейді, олардың 1 030-ы Қазақстан азаматтары (91,7%), Түркия азаматтары - 94 (8,3%)», - делінген хабарламада.

ҚТЛ қазақ тілінде оқытатын дарынды балаларға арналған облыстық лицей-интернаттар болып табылады. Биыл 1 634 бала лицейді бітірді. ҰБТ-дағы орташа балл 102,3 баллды құрады. ҰБТ-2016 қорытындысы бойынша, ҚТЛ «Қазақстанның үздік 100 мектебі» қатарына енді. ҚТЛ-да тәрбие жұмысы Қазақстан Республикасының үздіксіз білім беру тұжырымдамасына, «Мәңгілік ел» жалпыұлттық идеясына, ҚР Президентінің «Қазақстан-2050» жолдауына сәйкес жүзеге асырылады.

«Қазақ-Түрік лицейлерінің отандық білім беру саласында өзінің орны бар, және олардың қызметін басқа елдің саяси ахуалына қатысты байланыстырудың қажеті жоқ. Сырттан оларға қысым жасауға ешкім де құқылы емес, олар - Қазақстан мектептері мен Қазақстан азаматтары», - дейді ҚР БҒМ өзінің мәлімдемесінде. - Біз ресми түрде мәлімдейміз, ҚТЛ мен «KATEV» қорында өзге елдердің жеке тұлғаларымен, ұйымдарымен және үкіметтерімен ешқандай байланыс жоқ».

Бұған дейін елімізде мақтаулы қазақ-түрік лицейлері жаппай жабылуы мүмкін екені хабарлаған болатын.
Дереккөзі: baq.kz

Айсұлтан Назарбаев Қазақстан футбол федерациясының вице-президенті атанды Айсұлтан Назарбаев Қазақстан футбол
Айсұлтан Назарбаев Қазақстан футбол федерациясына қызметке келді деп хабарлайды федерациясының баспасөз қызметі. Айсұлтан Назарбаев Қазақстан футбол
Қазақ тіліне ештеңе кедергі келтірмейді – Дариға Назарбаева Қазақ тіліне ештеңе кедергі келтірмейді – Дариға
Астанадағы білім беру саласы қызметкерлерінің Республикалық тамыз конференциясына қатысқан Үкімет басшысының орынбасары Дариға Назарбаева үш тілді
2016 – 2017 жылғы мемлекеттік білім гранттары иегерлерінің тізімі 2016 – 2017 жылғы мемлекеттік білім гранттары
Бүгін мемлекеттік білім гранттары иелерінің тізімі ресми БАҚ - та жарияланды.
«Алтын белгі» иегерлерінің біршамасы мемлекеттік грант ала алмайтын болды «Алтын белгі» иегерлерінің біршамасы мемлекеттік
Білім гранттарын беру жөніндегі республикалық конкурс комиссиясы «Алтын белгі» иегерлерінің біршамасы мемлекеттік грантқа ие бола алмауы мүмкін деген
Мектепте смартфонға тыйым салына ма? Мектепте смартфонға тыйым салына ма?
ҚР Білім және ғылым министрлігі мектептерде смартфон ұстауға тыйым салу туралы прокурорлардың ұсыныстарына қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды
Елімізде мақтаулы қазақ - түрік лицейлері жаппай жабылуы мүмкін Елімізде мақтаулы қазақ - түрік лицейлері жаппай
Қазақ - түрік лицейлері жаппай жабылуы мүмкін. Түркия елшісі Қазақстан билігінен әйгілі діни ғалым, Фетхуллах Гүленнің ілімін насихаттайды деп, осы
Пікірлер (0)
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақ,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×