ойын сауық отауы
Әйелдің ақылдысы – сенде, Әдемісі – құрдасыңда болғаны дұрыс.
22.05.2017 2 510 0 Дауыл

Әйелдің ақылдысы – сенде, Әдемісі – құрдасыңда болғаны дұрыс.

Бұл қызықты
Әйел туралы Қадыр ағамыздың айтқандары:

Әйел аттың ерінен биік,
Өз ерінен аласа болуы керек.

Әйелдің ақылдысы – сенде,
Әдемісі – құрдасыңда болғаны дұрыс.

Әйел күйеуінің өлгенін тілемейді,
Өзінен кейін тірі қалғанын да қаламайды.

Ердің еңсесі биік,
Қыздың өкшесі биік.

Өзі туралы үлкен ойлайтын қыз
Үйінде отырып қартаяды.

Соқыр еркек пен мылқау әйелдің үйінде ұрыс болмайды.

Еркек – көрсеқызар,
Әйел – қызғаншақ,
Қашан табысар екенбіз?

Жуас жігіт әйел таппайды,

Әйел оны табады.
Байсыз әйел – байлаусыз қашар.

Ашулы әйел айдаһардан да бетер.

Күйеу сабайтындай күші болса,
Әйел қулыққа бармас еді.

Әйелдің сүйкімділігі – қылығында,
Күш қуаты қулығында.

Ерте тұратын еріншек жоқ,
Байын қызғанбайтын келіншек жоқ.

Қыздың қызыл юбка кигені –
Күйеуге дайын болғаны.

Кедейде тоқал болмайды.
Қыз таңдама, ене таңда!

Әйел тілі ащы,
Еркектің жұдырығы жаман.

Жақсы әйел өз үйіне әрі ханым әрі күң.

Екі әйел бар үйде еден жуылмайды.

Әйелсіз күн көру мүмкін емес,
Бірақ күнің күн емес!

Күнәсіз әйелді қорлама,
Қарғысына ұшырайсың.

Қазымыр қатынның байы ерте қартаяды.

Бір әйелдің көтерген жүгін
Екі есек те көтере алмайды.

Күйеуі соқыр болса,
Салақ қатынның жаны тыныш.

Әйелді ғашық болып ал,
Көзіңді ашып тұрып ал.

Бетпақ әйел – байының байы.

Тоқал үйге кіріп келе жатқанда,
Тыныштық үйден шығып бара жатады.

Әйелдер қызық: мықты жігіттің бойынан осалдық;
осал жігіттің бойынан мықтылық іздейді.
Әйел заты туралы танымал тұлғалардың айтқан қанатты сөздері Әйел заты туралы танымал тұлғалардың айтқан
Әйел заты туралы танымал тұлғалардың айтқан қанатты сөздері.
Жақсы әйел қандай болуы керек? Жақсы әйел қандай болуы керек?
Жақсы әйел, сүйікті жар, сыйлы келін, аяулы ана қандай болуы керек? Осы сұраққа жауап іздеп көрейік. Кез келген адамның жақсы тұстарымен қатар
Сүйікті әйел қандай болуы керек? Сүйікті әйел қандай болуы керек?
Еркекті – өмірдің мәні, армандаудың шегі, бүкіл әлем деп түсіну қате. Еркектің әйел өмірінде болғанының өзі, әлемді анағұрлым кең де қызықты етеді.
Қыз бен жігіт үйленбей тұрып, бір - біріне қандай сұрақтар қойғаны абзал? Қыз бен жігіт үйленбей тұрып, бір - біріне қандай
Кез келген жігіт пен қыздың арманы – бақытты отбасын құру. Ертеңгі күні таңдауларына өкініп қалмас үшін екеуі бір - біріне келесі сұрақтарды қойғаны
Әйел Әйел
Әйел алсаң қарап ал ақылдысын, Сол болар басқалардан жақын кісің.
Үй – іші, отбасы туралы мақал - мәтелдер №1 Үй – іші, отбасы туралы мақал - мәтелдер №1
Еріншек қатынның Етегі жыртық. Ерке қатынның Ерні тыртық.
Әйел - сенің ақылшың Әйел - сенің ақылшың
Сенікі ме, менікі ме сонау гүл, Арман үшін жүрміз жазып алау жыр. Жат біреуге бақыт болып туатын, Әйелдерді еркелеткен жөн - ау бір.
Жақсы әйел – ері ұялар іс қылмайды Жақсы әйел – ері ұялар іс қылмайды
Әйеліңіз әдемі болсын десеңіз көңіл бөлуден жалықпаңыз.
Әйелдер Әйелдер
Не толқытса соның мұңын тартасың... Аурухана ауласында сытырлатып картасын Жанарында әзіл ойнап жарасты Маған бір қыз бал ашты:

Пікірлер (0)
Пікір білдіру
Пікір білдіру
код көрінбесе қайта басыңыз