ойын сауық отауы
Әйел бақыты - өз қолында
03.05.2020 4 930 0 Admin

Әйел бақыты - өз қолында

Бұл қызықты
Әйел бақыты - өз қолыңда
Қанша әйел ақылды, данышпан болса да, еркексіз әйелдің бақыты жоқ.
Әйелдің еркексіз күні - түн.
Тіпті күйеуің жаман болса да, қорғанышың.
Менің әжем Құстия Арғынның Тоқа руынан, өте ақылды, сұңғыла адам еді.
Қатты дауыл тұрғанда енесі:" Үйге кір, дауылмен бетіңе жамандық тиер",-- десе, енді бірде:": Әдепсіз ауылға келінді апарма",- деп айтады екен. Керемет сөз.
Мен де жақында тұрмыс құрған сіңліме айтарым: "Құлыным, ерке өскен балапаным! келін болып сол босағаны неке қиып аттаған соң, жолдасыңның ата - анасына ыстық ықыласыңды аяма. Енеңді туған анаңдай қадір тұт, сонда сені ел сыйлайды.
Әйелі бұзылған отбасының болашағы болмайды.
"Ақылсыз әйелдің ашуы көп, төркініне қашуы көп" дегізбей, от басыңның бақыты бол.
Туыстарына жақсылығыңды аяма. Үйге келген қонақты қарсы ал."Қонақпен бірге үйіңе құт - береке кіреді".
Берекелі әйел дастархан - құты, барша елді тойындырады.
Берекесіз әйел дастарханның - жұты, қонағын тайдырады.
Күйеуіне көп көңіл бөл, киімін таза ұста. Ел сенің салақтығыңды күйеуіне қарап біледі.
Көп ішінде жолдасыңның аузына қақпақ болма. Сен оны туған жоқсың.Оңашада күйеуіңнің миын
ашытып, туыстары туралы ғайбат сөйлеме. Олардың жаман жақтарын өзі де біледі.
Мінезіңді көрсетпе. Аузына келгенді сөйлемеген дұрыс. Қанша бала тапсаң да бақытты басыңнан ұшырып аласың.
Еркек сырт (түз адамы). Олардың серілігін кешіре біл. Қанына сіңген серілік қасиетті сен жоя алмайсың. Жаман әйелдің күйеуі мезгілінен бұрын қартаяды.
Еркектің қалтасы құр болмауы керек. Бар ақшасын сыпырып алма.
Күйеуіңді түсінуге тырыс.
Ер азамат кеңінен ойласа, сен әр қырынан, терең ойла. Онсыз өмірді көз алдына елестетіп көр. Бетін аулақ қылсын...
Сен анасың, кешіре біл. Еркектің тамағы тоқ, үйде сыйы болса, тұсаулы аттай алысқа кетпейді"- деймін...
Сен жаман болсаң, әулетімізге сөз келеді. Әулеттің аты, сенің көтерген туың, туымызды жықпа жаным!
Төрің де, көрің де сол босағада болсын!

Мағыналы сөздер Мағыналы сөздер
1. Кербез қыз қартайғанын сезбейді. 2. Жақсы әйелдің баласы да күтулі, жұмысы да бітулі. 3. Әйелін сыйлаған, үйін сыйлаған, елін де сыйлай біледі.
Әйелдер жайында пайғамбарымыздың айтқан сөздері Әйелдер жайында пайғамбарымыздың айтқан сөздері
Әйелдер жайында пайғамбарымыз саллаллаһү алейһи уә сәлләмнің мүбәрак сөздері
Біле жүріңіз! Біле жүріңіз!
Жақсы әйел теңі жоқ жолдас, түбі жоқ сырлас.
Еркектер кішкене балаға ұқсайды. Еркектер кішкене балаға ұқсайды.
Еркектер кішкене балаға ұқсайды: өзін үлкен адам сияқты сезінеді, бірақ қолынан жетектеп жүргеніңді қалайды.
Әйелдің ақылдысы – сенде, Әдемісі – құрдасыңда болғаны дұрыс. Әйелдің ақылдысы – сенде, Әдемісі – құрдасыңда
Әйел аттың ерінен биік, Өз ерінен аласа болуы керек.
Үй – іші, отбасы туралы мақал - мәтелдер №1 Үй – іші, отбасы туралы мақал - мәтелдер №1
Еріншек қатынның Етегі жыртық. Ерке қатынның Ерні тыртық.
Пікірлер (0)
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақ,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×