ойын сауық отауы
Жарасымды жұп құрудың 7 қағидасы
21.11.2018 2 191 0 Дауыл

Жарасымды жұп құрудың 7 қағидасы

Бұл қызықты
Жарасымды жұп құрудың 7 қағидасы

Жарасымды жұп құрудың ережесін табу қиын шығар. Дегенмен «барлық бақытты жанұялар бір - біріне ұқсас келеді» деп Л. Н. Толстой айтқандай, кейбір шаңырағы берік отбасыларға тән ортақ ерекшеліктер бар. Мұндай жұптарға қандай қасиеттер тән екен? Сонымен олар…

Бір - біріне қажет екенін сезінеді
Дұрыс қарым - қатынастар орнатқан ерлі - зайыптылар өзара қамқор әрі бір - біріне жақын болады. Алайда өзіңізге көңіл бөлуін сұрап, жұбайыңыздың жүйкесіне тие бермеген жөн. «Өмірі керек кезде қасымда болмайсың, жұмысқа беріліп кетесің» деудің орнына «сен маған керексің, бүгін бірге болайықшы» деген ұсыныс жасаңыз. Ал бұл сізге қатысты айтылып тұрса және шынымен жұмысбасты болсаңыз, «қазір жұмыста қиын болып жатыр. Шынымен көңіліңнен шықпай жүрген сияқтымын. Бірақ ештеңеге қарамай, мені жақсы көретінің маңызды» деп айтыңыз.

Кінәні дер кезінде мойындайды
Сәтті жұптар қандай да бір жағдай орын алғанда өз қателігін мойындап, кешірім сұрауға дайын тұрады. Олар кешірім сұрау беделді түсірмейтінін, керісінше өздеріне деген сенімді арттырып, қарым - қатынасты нығайтатынын біледі.

Әрқашанда сабырлы
Жанұяда жұбайымызды әр түрлі жағдайларда көреміз. Өмірде көңілді әрі мұңлы сәттер кезектесіп тұратыны белгілі; ұсақ - түйек ұрыс - керіс те болып тұрады. Бірақ жұбайыңыздың сәл көңіл - күйі болмай, бір сәт ашуға беріліп жатса, оған бола күңкілдей кетпеңіз. Оның ашуы сәлден кейін тарайды, ал бекер ұрсысып қалсаңыз, бір - біріңіздің көңіліне қаяу түсіресіз.

Бірін - бірі құрметтейді
Көңіліңізден шығатын іс тындырған кездерде алғыс білдіріп, рақмет айтып тұрыңыз. Орынды комплименттің өзі де жанға майдай жағатынын ұмытпаңыз. Жұбайыңыз үйге келгенде, күлімдеп қарсы алыңыз. Жалпы оның жақсы жақтарына көбірек назар аударыңыз.

Проблеманы дұрыс шеше біледі
Жұбайыңыз ұрсып айтқанымен, оның ар жағында өтініш тұратынын ұмытпаңыз. Дұрыс тыңдай біліңіз. Дау - дамайды ушықтырмау үшін тақырып шеңберінен шықпаңыз және басқа мәселелерді араластырмаңыз. Сондай - ақ бұрын болған олқылықтарды қайта еске салудың қажеті жоқ. Бір кездері кешірдіңіз бе, болған жағдайды ұмытыңыз және оған қайта оралмаңыз. Тағы назар аударуға тұрарлық нәрсе: Джон Готтман деген зерттеушінің айтуынша, адаммен жақсы қарым - қатынаста болу үшін позитивті сәттер негативтен 5 есе көп болуы керек. Бір рет бүлдірдіңіз бе, есесін бес рет өтеуге тура келеді.

Бір - бірінің жеке кеңістігіне қол сұқпайды
«Екі жарты – бір бүтін» десек те, екі адамның бірдей болуы мүмкін емес. Әрқайсысымыздың өз қызығушылықтарымыз бар, мұның үстіне ауық - ауық достарымызбен де оңашада сыр шерткіміз келеді. Сондықтан арасында жұбайыңызға еркіндік беріп, уақытты бірге өткізуге күштей бермеңіз. Өзіңізге қызықты хобби табыңыз, спортпен шұғылданыңыз, қызықты тақырыптар бойынша клубтарға қатысыңыз. Біраздан кейін мұның өзіңізге деген пайдасын сезініп, жеке уақытыңызды қадірлейтін боласыз.

Жаңа дүниелерді бірге таниды
Жанұядағы ең қызықты оқиғалар жаңа нәрсені бастан кешірген кезде орын алады. Кейде ескі ережелерді бұзып, тосын шешімдер жасаған пайдалы. Арасында бұрын болмаған мейрамханаларға, мәдени орындарға барып көріңіз. Қызықты өнер көрмелерін назардан тыс қалдырмаңыз. Жай ғана үстел ойынын ойнап көру де қарым - қатынасқа жаңалық әкеліп, жұбайыңызды басқа қырынан көруге көмектеседі.

Өнегелі отбасы қандай болу керек? Өнегелі отбасы қандай болу керек?
Бақытты отбасы бір - бірімен көп сөйлеседі.
Жұптардың қарым-қатынасын құртатын 5 нәрсе Жұптардың қарым-қатынасын құртатын 5 нәрсе
Көптеген адамдар үйлесімді және бақытты өмір сүру үшін өзара жағымды қарым - қатынас орнатудың кейбір тәртібін ұстанбайды.
Бақытты жұптар. Бақытты жұптар.
Қоғамдық орында талқыланбайтын және бөлісуге келмейтін мәселелер бар және олардың кейбірі адамгершілік, әдеп нормаларына қайшы келеді. Солай бола
Бақытты отбасын құрудың құпиясы Бақытты отбасын құрудың құпиясы
Ерлі-зайыптылар бірін-бірі шын сүйеді екен, алайда екеуі құдайдың құтты күні ұрсады екен, Ал олармен көрші үйде тамаша жарасымды ғашық жұптар өмір
Қыз бен жігіт үйленбей тұрып, бір - біріне қандай сұрақтар қойғаны абзал? Қыз бен жігіт үйленбей тұрып, бір - біріне қандай
Кез келген жігіт пен қыздың арманы – бақытты отбасын құру. Ертеңгі күні таңдауларына өкініп қалмас үшін екеуі бір - біріне келесі сұрақтарды қойғаны
Жас жұбайларға арналған кеңес Жас жұбайларға арналған кеңес
Неке дегеніміз екі адамның қуаныш пен қайғыны бөлісуі, сондай-ақ көптеген күнделікті мәселелерді шешуге тиіс болып табылатын бірлесе өмір сүруі.
Пікірлер (0)
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақ,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×