ойын сауық отауы
Бақытты отбасын құрудың құпиясы
12.06.2017 2 898 0 Дауыл

Бақытты отбасын құрудың құпиясы

Бұл қызықты
Бақытты отбасын құрудың құпиясы.

Ерлі-зайыптылар бірін-бірі шын сүйеді екен, алайда екеуі құдайдың құтты күні ұрсады екен. Ал олармен көрші үйде тамаша жарасымды ғашық жұптар өмір сүреді екен, олардың отбасы сондай бақытты көрінеді.

Бір күні әйелі олардың бақытты болуының құпиясын біліп келу үшін, күйеуін көрші үйге жіберіпті. Көрші үйге келгенде ол мынадай көрініске куә болады: Көрші үйдің келіншегі су толы шелекті қасына қойып, еденді жуып отыр екен. Аз ғана уақытқа әйелі бұрылып кете бергені сол екен, арғы бөлмеден шыққан күйеуі шелек толы суды көрмей қалып, аяғымен іліп кетеді де шелектегі су төңкеріліп төгіледі.
Төгілген суды сүртіп жатқан әйеліне күйеуі жүгіріп келіп, қолындағы шүберекке жармасып, кешірім сұрап әлек болып: «Кешір қымбаттым, байқамай қалдым, жазатайым ілініп кетті». Әйелі де өз кезегінде суды сүртіп, әбігерге түсіп: «Иә, мен өзім де шелекті дәл ортаға қойып кетіппін, мұнда менің де кемшілігім бар».

Көрші үйден келген күйеуі әйеліне келіп: «Білесің бе, сүйіктім, шынында бақыттың құпиясы бар екен, мен мұны өз көзіммен көрдім». Біз екеуміз ренжіскен сәтте бір-бірімізді кінәлаймыз. Ал олар керісінше, кешірім сұрайды екен.
Біздер ұрссақ – ЕКЕУМІЗДІКІ ДЕ ДҰРЫС. Олар ұрсса – ЕКЕУІ ДЕ КІНӘЛІ.

Дайындаған: Жадыра.
Дереккөзі: happyphilosophy.ru

Ерлі - зайыптылардың ұзақ жыл тату - тәтті ғұмыр кешулерінің құпиясы Ерлі - зайыптылардың ұзақ жыл тату - тәтті ғұмыр
Сүйіктісімен 30 жыл отасқан ерлі - зайыптыларға бір жас жігіт келеді.
Кедей адам болудан қорықпа, сараңдықтан қаш! Кедей адам болудан қорықпа, сараңдықтан қаш!
Бір күні жас жұбайлар бірге тамақтанып отырады. Бір кезде үйінің есігін біреу қағыпты. Әйел есікті ашып қараса, бір кедей кісі нан сұрап келіпті.
Бақытты жұптар. Бақытты жұптар.
Қоғамдық орында талқыланбайтын және бөлісуге келмейтін мәселелер бар және олардың кейбірі адамгершілік, әдеп нормаларына қайшы келеді. Солай бола
Қыз бен жігіт үйленбей тұрып, бір - біріне қандай сұрақтар қойғаны абзал? Қыз бен жігіт үйленбей тұрып, бір - біріне қандай
Кез келген жігіт пен қыздың арманы – бақытты отбасын құру. Ертеңгі күні таңдауларына өкініп қалмас үшін екеуі бір - біріне келесі сұрақтарды қойғаны
Министр мен аула тазалаушы (әзіл әңгіме) Министр мен аула тазалаушы (әзіл әңгіме)
Министр әйелі екеуі келе жатып, әйелі бір аула тазалаушымен басын изеп сәлемдесті.
Екі қасқыр Екі қасқыр
Баяғыда бір үндіс қарт немересіне өмірлік шындық туралы әңгімелепті.
Пікірлер (0)
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақ,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×