ойын сауық отауы
Қытай туралы 10 қызықты жайт
19.03.2019 1 701 0 Дауыл

Қытай туралы 10 қызықты жайт

Бұл қызықты
Қытай туралы 10 қызықты жайт.

Қытай елі десе, көбіміздің көзімізге миллиардтаған халық елестейді. Одан басқа Қытай туралы мына фактілерді білесіз бе?

1. Қытайдағы біршама баланың есімі – Олимпиада ойындары.

Мұндай елдегі ерекше оқиғалардың атауымен балаларға есім беру біздің елде де өріс алған. Ал Қытайдың 4000 баласына “Aoyun” яғни Олимпиада ойындары деген есім берілген. Жалпы бұл елде әр түрлі девиздар немесе айтулы шаралармен балаларды атау кең таралған.

2. Басыңды тік ұстамасаң, мойнына ине қадалады!

Әскери адамдар бастарын тік ұстау үшін кей кезде олардың жағаларына ине қадап қояды екен. Басты дұрыс емес ұстаған жағдайда ине мойнына кіріп кетуі мүмкін екендігін білетін әскерилер бұл жақта “тәртіп” және “біркелкілік” дегенді біледі.

3. Иттердің орнына қаздар сіздің артыңыздан қуса, қалай қарайсыз?

Дәл осындай жағдай сізбен тек Қытайда болуы мүмкін. Себебі осы жақтың полицейлері ел тыныштығын сақтау үшін иттің орнына көбінесе қазды пайдаланады екен. Қаздар агрессиялық күйі мен қырағылығы үшін бағаланады.

4. Ұлы Қытай смогы

Тұмшаның (смог) Пекинді жаулап алғаны соншалық – мұнда өмір сүретін адамдар күніне 21 рет шылым шегетіндей зиян алады екен.

5. Көліктен жылдам поезд

Шанхай мен Пекинді жалғайтын теміржол поезды “ең жылдам” поезд болып саналады. Ол тіпті сағатына 480 километрге дейінгі жылдамдықты бағындыра алады.

6. Гонконг Қытай емес, Британ заңына бағынады
Қытайдың барлық жерінде оң жақты қозғалыс болса, тек Гонконг бұл заңға бағынбайды екен. Гонконгте көліктер британдық сол жақты қозғалыс заңымен жүреді.

7. Жастар туған елге қайтпайды
ҚХР - дың ең үлкен мәселелерінің бірі – оқуға кеткен жастардың елге қайта оралмауы. Оқуға жіберілген 10 адамның жетеуі туған еліне қайтып бармайды екен. Олардың ішінде ең көбі АҚШ - қа барып, қайтпай қалған. Мұнда ең көп қытай диаспорасы бар.

8. Брэд Питті Қытайда ешқашан кезіктірмейсіз деп уәде беремін!

Брэд Питт өмір бойы Қытайға кіруге рұқсат ала алмайды. Басты мәселе – ол түскен “Тибеттегі 7 жыл” фильмінде. Қытайда бұл фильмге тыйым салынған.

9. Синцзяньда күн сағат 6 - да емес, 10 - да шығады

Қытай аумағы бойынша әлемдегі үшінші ел болса да, онда бір - ақ уақыт белдеуі бар. Пекиндік стандартты уақыт белдеуі бойынша барлық Қытай өмір сүреді. Сол себепті Қытайдың кейбір қалаларында, мысалы Синцзяньда күн әдеттегідей 6 - да емес, 10 - да шығады.

10. Қытайлықтар тамақ үшін 25 миллион ағаш пайдаланады

Әр жыл сайын қытайлықтар 74 миллион жұп таяқшаларын тамақ үшін пайдаланады. Бұл ағаштың 1, 7 миллион кубы немесе 25 миллион ағаштай.
Авторы: Сымбат Төлекберген
Дереккөзі: jas.kz

Қызықты фобиялар Қызықты фобиялар
Сіз америкалық суретші - мультипликатор, режиссер Уолт Диснейдің тышқаннан қорыққанын білесіз бе? Яғни, музофобия. Бірақ Уолтер Дисней қорқынышына
Әлемдегі ең танымал 10 тіл Әлемдегі ең танымал 10 тіл
2019 жылғы мәліметтер бойынша тасымалдаушылар санын ескере отырып, әлемдегі ең танымал 10 тілдердің тізімін ұсынамыз.
Қытай кестесі бойынша іштегі баланың жынысын анықтау. Қытай кестесі бойынша іштегі баланың жынысын
Іштегі баланың жынысын анықтаудың түрлі әдістері бар. Соның бірі — қытай әдісі. Қытай кестесінің нақты ғылыми тұжырымдамасы жоқ. Дегенмен ғасырдан
Адамды тартымды етіп көрсететін қасиеттер Адамды тартымды етіп көрсететін қасиеттер
Кейбір жай қатардағы жігіт ерекше сұлуды қолтықтап бара жатқанда таңдана қарап қаламыз.
Өзің туралы жақсы пікір қалыптастырудың 9 түрлі тәсілі Өзің туралы жақсы пікір қалыптастырудың 9 түрлі
Өзің туралы жақсы пікір қалыптастырудың 9 түрлі тәсілі Әр адам әлдекіммен танысқан кезде өзі туралы жақсы көзқарас қалыптастырып, жақсы пікір
Жағымсыз эмоцияға берілмеудің 5 тәсілі Жағымсыз эмоцияға берілмеудің 5 тәсілі
Кейде сіздің намысыңызға тиетіндей жағдай туған сәтте үндемей қалу мүмкін емес. Тіпті, сіздің ойыңызды тыңдағысы да келмейтіндей сыңай танытқанда
Пікірлер (0)
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақ,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×