ойын сауық отауы
Қызықты фобиялар
25.10.2020 140 0 Admin

Қызықты фобиялар

Бұл қызықты
Білгенге – маржан
Қызықты фобиялар
Сіз америкалық суретші - мультипликатор, режиссер Уолт Диснейдің тышқаннан қорыққанын білесіз бе? Яғни, музофобия. Бірақ Уолтер Дисней қорқынышына қарамастан, қоймадағы тышқандарды бақылай келе «Микки маус» мульткейіпкерін ойлап тапты.
Сол сияқты америкалық әнші, XX ғасырдың танымал моделі Мэрилин Монро сахнаға шығуға қорықса, атақты «поп музыка королі» Майкл Джексон иттерден қорқатын болған. Сол сияқты актриса Кристен Стюарт «Белоснежка и охотник» кинокартинасына түсу үшін өзінің гипофобиясын (жылқыдан қорқу) жеңіп шыққан.
Тіпті әлемді жаулап алғысы келген, фашистік бағытты ұстанған Адольф Гитлер мен Наполеон Бонапарт, Юлий Цезарь сынды қатыгез қолбасшылардың мысықтан қорыққандығына сену қиын.
Мұхит аспай - ақ, Қазақстанның шоу бизнесіндегі әншілердің фобиясына тоқталсақ, Меруерт Түсіпбаева судан, Шахизада жалғыз қалудан, Жұбаныш Жексенұлы жыланнан, Айгүл Иманбаева иттен қорқатындықтарын жасырмайды.
Иә, мұндай фобия түрлерінен қорқатындар баршылық. Ал сіз «ақылға сыймайтын» қызық әрі оғаш фобия түрлерін білесіз бе?
1. Авидсофобия – адамдардың құсқа айналып кетуден қорқуы.
2. Аматофобия – шаңнан қорқу. Яғни адамның шаң тамағыма тұрып ауа жетпей қалады деп сескенуі
3. Андротиколобомассофобия – ерлердің құлағынан қорқу.
4. Арипофобия – тазалықтан қорқу.
5. Аутофобия – адамның өз - өзінен, яғни жалғыз қалудан қорқуы.
6. Тетрафобия – 4 санынан қорқу. Бұл ежелгі қытай иероглифтеріндегі 4 санының таңбалануының «өлім» деген сөздің таңбалануымен ұқсас болуынан туған.
7. Гиппопотомомонстросесквипедалиофобия – аты айтып тұрғандай ұзақ сөздерден қорқу.
8. Филофобия – ғашық болудан қорқу.
9. Ангинофобия – жіңішке заттардан қорқу
10. Фагофобия – тамақтарды жұтудан қорқу.
Ғалымдардың зерттеуінше кейбір адамдар қорқынышының жоқ болуынан да қорқады екен. Ал бұл ғылымда «афобофобия» деп аталады. Демек, еш нәрседен сескенбеймін дейтін жанның да фобиясы болуы мүмкін.

әзірлеген
Бегімхан КЕРІМХАНҰЛЫ
М. Әуезов атындағы ЖОББ мектептің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі
Павлодар қаласы
Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі
Шұғылалы шартарап: Шавен қаласы Шұғылалы шартарап: Шавен қаласы
Шавен қаласы Марокконың солтүстік - батысында орналасқан. Әлемде танымал және өзінің сәулетімен туристер арасында танымал - үйлер, кеңсе және мәдени
Айгүл Иманбаева – Елігім, еркем Айгүл Иманбаева – Елігім, еркем
Егілме, еркем, егілме Тағдырың сондай сенің де. Айналдың қыздан келінге. Егілме, еркем, егілме, Тағдырың сондай сенің де. Айналдың қыздан келінге.
Ән салу күйзелістен құтқарып, өмірді ұзартады Ән салу күйзелістен құтқарып, өмірді ұзартады
Күн сайын ән салу күйзелістен құтқарып, өмірді ұзартады екен. Музыка әлемді әрлендіреді. Ол адамды ауру мен күйзелістен құтқарады.
Ғажайыпқа сену керек. Ғажайыпқа сену керек.
Кішкентай бір бала ертегі кітап оқығанды жақсы көреді екен
Өмір маған... Өмір маған...
Өмір маған кейде тау сияқты, Шыңына шыққым келеді.
Лара Фабиан Димаш Құдайбергеннің жеңісіне құттықтау жіберді Лара Фабиан Димаш Құдайбергеннің жеңісіне
Атақты әнші Лара Фабиа Facebook-тегі өзінің жеке ресми парақшасында Димаш Құдайбергенді қытайлық «I am a singer» теле-шоуының алтыншы кезеңіндегі
Ең ақылды жастар Жапонияда тұрады Ең ақылды жастар Жапонияда тұрады
«Universitas21» халықаралық университеттер жүйесі өткен жылғы зерттеулердің қорытындысын шығарды. Ол қай елде білімді жақсы береді және ақылды жастар
Мамыр Мамыр
Адам үшін жұбаныш Мамыр келді шуақты. Күннің ішін қуаныш Кернеп тұрған сияқты.
Ақымақтық туралы Ақымақтық туралы
Ақымақтың тілі ұзын келеді. (Аристофан)

Пікірлер (0)
Пікір білдіру
Пікір білдіру
код көрінбесе қайта басыңыз