ойын сауық отауы
Қонақ құдайдың елшісі
04.09.2019 238 0 Admin

Қонақ құдайдың елшісі

Бұл қызықты
Қонақ құдайдың елшісі
Бір әйел кісі күйеуінің үйіне көп қонақ ертіп келетінін, соның себебінен қиындыққа тап болып қалатындығы жайында пайғамбарымызға (саллаллаһу әлейһи уә сәллам) шағым айтып келеді. Бірақ ол әйел айтқан шағымына байланысты пайғамбарымыздан ешқандай жауап ала алмайды.
Аз ғана уақыттан кейін пайғамбарымыз әлгі әйелдің күйеуіне:
- Бүгін сіздің үйге қонаққа барамын - деп сәлем айтып жібереді.
Пайғамбарымыздың үйінде қонақ болатынына өзі де, әйелі де қатты қуанады. Әйелі бар тәттісі мен дәмді тамағын әзірлеп дастарханына қояды.
Пайғамбарымыз үйлерінде қонақ болады. Үй иелеріне дән ризашылығын білдіріп, үйден шығарда күйеуіне айтады,
- Мен үйлеріңізден шығып бара жатқанымда әйеліңіз есіктің табалдырығына қарап тұрсын - дейді.
Әйелі пайғамбарымыз үйден шығып бара жатқанында, онымен бірге ілесіп, үйден құрт - шаян және басқа зиянкестердің шығып бара жатқанын көріп көзі шарасынан шығып кете жаздайды.
Сонда пайғамбарымыз артына бұрылып:
- Міне осылай әрбір үйіңнен шыққан қонақтардың соңынан ілесіп үйіңнен бар бәле, зиянкес жын - жыбыр да бірге шығып кетеді. Еш ренжімей қонақты күтіп - шығарып салудың да хикметі осы. Алла қонағы көп болған үйді, үй иесін жақсы көреді - дейді.
Үлкенге де кішіге де есігі ашық болған үй - қандай жақсы үй.
Ондай үйге Алланың берекеті мен рахметі жауады.
Алла елшісінің тағы бір хадисінде:
- Алла бір қауымға жақсылық қаласа, оған сый береді - дейді.
- Ол неғылған сый?_ - деп сұрағанында,
- Несібесі өзімен бірге келетін және үй иесінің күнәсін бірге алып кететін қонақ - деп жауап береді.
Пайғамбарымыздың қонақ күтудің артықшылығы жайында айтқан басқа да хадистерінде: "Қайсы бір үйге болсын қонақ кірмей, періштелер кірмейді", "Қонақты күту жәннатқа кіретініңнің дәлелі", "Кім Аллаға және ақыретте (әрбір ісіне есеп беретініне) сенсе, қонағына құрмет көрсетсін" - деген.
(Арабшадан аударған Ержан Назарбек)
Мінезің қара жерден ауыр болсын Мінезің қара жерден ауыр болсын
Сырым жас кезінде Есентемір Бөкен биге батасын алайын деп және ақыл сұрайын деп ат, шапан алып барады. Барып қонақ болғаннан кейін Бөкен Сырымнан
Алғыс дәметпе! Алғыс дәметпе!
Бір ауылда данагөй ақсақал өмір сүріпті. Одан ақыл сұрап жан - жақтан адамдар келіп тұрады екен. Күндердің бір күні әлгі қарияға көрші ауылдан бір
Қонақ келсе – құт келеді Қонақ келсе – құт келеді
Үй қалай тазарады білесіздер ме? Үй қонақ келсе тазарады екен.
Әйел заты туралы танымал тұлғалардың айтқан қанатты сөздері Әйел заты туралы танымал тұлғалардың айтқан
Әйел заты туралы танымал тұлғалардың айтқан қанатты сөздері.
Әйелдің ақылдысы – сенде, Әдемісі – құрдасыңда болғаны дұрыс. Әйелдің ақылдысы – сенде, Әдемісі – құрдасыңда
Әйел аттың ерінен биік, Өз ерінен аласа болуы керек.
Адалдық Адалдық
Күйеуінің адалдығына көз жеткізгісі келген келіншек,
Шақырғанда жауың да келер саған Шақырғанда жауың да келер саған
Табысымды жүргем жоқ санап пайда, Қонақ қайда, келетін қонақ қайда? Әлде, біздің пәтердің «әйелінің» «Ашуланшақ» мінезі жолатпай ма?
Қожанасыр туралы әзілдер Қожанасыр туралы әзілдер
Бір күні Қожанасыр үйіне өзімен бірге досын ертіп әкеліпті.
Қожанасыр туралы әзілдер Қожанасыр туралы әзілдер
Бір күні Қожанасыр мен әйелі ұрсып қалыпты.

Пікірлер (0)
Пікір білдіру
Пікір білдіру
код көрінбесе қайта басыңыз