ойын сауық отауы
Бақытың өз қолыңда
26.01.2020 2 587 0 Admin

Бақытың өз қолыңда

Бұл қызықты
Бақытың өз қолыңда
Жанар бір үйдің жалғыз қызы. Әке шешесінің төрт ағасының еркесі. Әбден еркелігі соншама өзінің айтқанын болдырмай қоймайтын. Жағдайлары да жоғары деңгейде. Жаңадан бір зат шықса, ауылда ең алғаш болып Жанар иемденетін. Іштарлығы сонша кейде заттарын өз анасынан да қызғанатын. Бір емес төрт женгесі осы қыздың кесірінен ер азаматтарынан жиі сөгіс естуші еді. Ағаларының бұл әрекетіне қуанбаса, мұңайып өкінген емес. Төрт женгенің басы қосыла кетсе қайын сіңілдерін даттай бастаушы еді.
Бұл әрекеттері мен өздерін тозаққа итермелеп жатқанын қайдан білсін. Ең өкініштісі төрт жеңгенің бірінің де діннен хабары жоқ, иманы әлсіз, қызға басу айтып, ақылға шақыра алмайтыны. Бір жағынан әке-шеше берген тәрбиені сырттан келген ол байғұстар жөнге сала алушы ма еді? 
«Сау басымызға сақина тілеп алмайық»- деп, олар да өз шаруасын істеп жүре беретін. Жанар шын өмірдің мәнін өзі ұғына алмайтын, санасы мәңгүрт не арманы, не мақсаты жоқ жанның бірі болып қала берді. Өзгелердің өзінен асқанын қаламайтын, тек менде ғана болса, мен ғана алдында болсам дейтін қыз өмірдің жастық шақтағы қызықтарын қолдан жіберіп алды. Жиырмадан асса да шынайы дос, құрбысы жоқ, жанашыр жаны жоқ. Жанындағының бәрі ақша үшін бетіне мақтап, артынан даттап жүрген екі жүзді адамдар.
Жоғары оқу орнында Жанардың жан емес тән сұлулығына есі кеткен жігіттерді санайтын болса, кез келген жанның есептен жаңылысып қалары хақ. Хас сұлу бойжеткен болса мұрнын көкке көтеріп, өзін қол жетпес айдай сезінетін. Дәмханада тамақтанып отырған құрбылардың арасында қызу әңгіме бастау алды.
« Бүгін Олжасты көрдіңдер ме? Бүгін күндегіден де ерекше сымбатты болып кетіпті ия. 
– Ия қарай бергің келеді ғой шіркін. 
– Осы күнге дейін бір қызға қарамағанына таң қаламын.» Осы текті әңгімелер жалғасын таба берді. Бұл әңгімелер Жанарға жақпай жатқаны қас - қабағынан ақ көрініп тұрған болатын. 
«Жетер енді.. Не болды сонша ауыздарыңның сөлі ағып? Осыған дейін еш бір қыз қарата алмаса мен қаратамын. Көресіңдер Сол жігітті уысыма түсірмесем атым өшсін.» 
Жанар ашулана орнынан тұрып кетті. Таң қалатын несі бар? Оның ұстанымы сол емес пе? Ел қызыққан, өзгелер қол жеткізе алмаған дүние тек Жанардың меншігі болу керек. Бір беткей, өр көкірек қыз дегенінен қайтсын ба? Әйтеуір амалын тауып Олжасқа бір қадам жақындады. Алғашында тек өзгелерге «көрдіңдер ме? 
«Ешкімге мойын бұрмаған жігітті өзіме қараттым»- деп, мақтанбақ болған ару, махаббаттың құрығына түскенін өзі де байқамай қалды. Көп қыздар оны көре алмай, шашын жұлуға дайын еді. Таласпаса қайтсын?.. Олжас тек жүзі ғана емес, жаныда сұлу, жүрегінде иманы бар, ақылына көркі сай жігіттің сұлтаны болатын.
Олжас арудың өзіне ғашық екенін біле тұра оған шындықты айта алмай бір шама уақыт қиналды. Қыздың сезімі күшейіп бұл мәселені шешуге бел буып сөз бастады. 
- Жанар менің саған көптен бері айта алмай жүрген әңгімем бар. 
- Айта бер. Сені тыңдап тұрмын.
Сен мені соңына дейін асықпай, түсіністікпен тыңдашы. Мен не айтсам да сен үшін айтқалы отырмын. 
- Олжас... Көп созбай айтсаңшы..
- Білесің бе?.. Қалай бастасам екен. Сенің маған сезімің бар екенін байқап жүрмін. Бірақ мен саған тек қарындасым ретінде ғана көңіл бөлемін. 
Сүйікті пайғамбарымыз «Қыз балаларды қор қылмаңдар» деген. Соны біле тұра саған қиянат жасап, сезіміңді аяқ асты ете алмаймын. Махаббаттың ең жоғарғы дәрежесі – Жаратушы Аллаға және Мұхаммед пайғамбарға (с. а. у.) деген махаббат. Екеуміздің арамыз жер мен көктей. Сен өте өзімшіл, кекшіл, иманы әлсіз жансың. Сен өзіңді бақытты санайсың. Бірақ шын мәнінде бақыттың не екенін де білмейсің. Қарым - қатынаста достық ерекше орынға ие. Ал енді өзің айтшы сені шын қадірлейтін, сыйлайтын досың бар ма? Жоқ.. 
Мына жаныңда жүргеннің бірі де саған қияметте серік бола алмайды. Мен сені бұл күйіңде қабылдай алмаймын. Мен тек өзімнің болашақ жарым ретінде елестете алатын жанның ғана қолынан ұстағым келеді. Сондықтан саған айтарым, маған деген сезімің шынайы болса " Өзіңе және бүкіл жаратылысқа (жанды - жансыз) мейіріммен қара. Сонда Алла да саған аяушылық білдіреді."- дегендей, өзіңді және өзгелерді сыйлап, өзгеруге тырысып көр.. 
Мүмкін сонда саған көңілім ауар. Әзірше қош бол

Қарт ананың төрт ауыз сөзі Қарт ананың төрт ауыз сөзі
Балам, мен қартайғанда мені қараусыз қалдырма, ол кезде мен бейне сенің кішкентай кезіңдегідей асырауға мұқтаж боламын.
Екі данышпан Екі данышпан
Баяғыда екі данышпан адамдардың қалай өмір сүріп жатқанын білмек болып әлемді аралап жолға шығыпты.
Төрт ана Төрт ана
Тағдырыңды тамырсыздық індетінен қалқала, Мазмұн жоқта мазмұнсыздық шыға келер ортаға. Әр адамда өз анасынан басқа да, Ғұмырына етер мәңгі астана,
Күзетші Күзетші
Сәлем бере бара қалсам Мұрата,- Тыныштық деп алдымен сұратпа. - Тыныштық па, тыныштық па, балалар? Деп отырар қысы - жазы иықта.
Бөбекке тілек Бөбекке тілек
Сеніменен атаң - әжең нәрленді, Әр қылығың ана жүзге әр берді. Сен арқылы бесік жақтан әкеңнің Құлағына шырылдаған ән келді. Әдемі ән еді, бәрі бірге
Жұлдызнама - ер адамдарға арналған Жұлдызнама - ер адамдарға арналған
Жұлдызнама - ер адамдарға арналған (қан тобы бойынша) O (I) қан тобындағы жандар өз - өзіне сенімді жандар. Олардың алға қойған мақсаты бар,
Пікірлер (0)
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақ,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×