ойын сауық отауы
Күзетші
09.05.2016 2 330 0 Дауыл

Күзетші

Өлеңдер
Мұқағали Мақатаев

Сәлем бере бара қалсам Мұрата,-
Тыныштық деп алдымен сұратпа.
- Тыныштық па, тыныштық па, балалар?
Деп отырар қысы - жазы иықта.
Қыс та таныс қоржынына мұз артқан,
Бәрі таныс жылымық түн, ұзақ таң.
Өмір таныс өмір жасын ұзартқан,
Әзірге аман өлім дейтін тұзақтан.
Шатынаған соғыс салған сызаттан,
Кәрі кеуде жалын атқан, сыз атқан!
Төрт баланы тыныштыққа құрбан қып,
Төрт келінді төрт адамға ұзатқан.
Төрт келіннен алып қалды төрт бала,
Өзі - пана, ал өзіңе - төрт пана.
Қартың отыр түгендеп ап ұпайын,
«Айырбастап төрт қараға, төрт қара».
Қартың қазір бір бәйтерек мәуелі,
Сексен емес, жүзіңнен де дәмелі.
Сәлеміңе қайтаратын жауабы:
- Тыныштық па? - деп сұрайды әуелі.
Суыт жүрген кәріден де, жастан да,
- Тыныштық па? - деп сұрайды сасқанда.
Күн күркіреп, шатырласа найзағай,
- Тыныштық па? - деп қарайды аспанға.
Өмірде әлі қауіп көп қой не түрлі,
Қарт қалғымай күзетші боп бекінді.
Сәл ұйықтаса төрт немере төрт жаңқа,
Көзден ғайып болатұғын секілді.

Мұқағали Мақатевтың өлеңдері 1
Мұқағали Мақатевтың өлеңдері 2

Бұл кім? Бұл кім?
«Бала, бала, бала» деп, Түнде шошып оянған. Түн ұйқысын төрт бөліп, Түнде бесік таянған.
Төрт ана Төрт ана
Тағдырыңды тамырсыздық індетінен қалқала, Мазмұн жоқта мазмұнсыздық шыға келер ортаға. Әр адамда өз анасынан басқа да, Ғұмырына етер мәңгі астана,
Сонда да біз... Сонда да біз...
Сабыр, сабыр, әй, достым, ашуланба, Төрт тентегің «құтыңды қашырғанға»! Бұл өмірде баладан асыл бар ма, Сабыр, сабыр, әй, достым, ашуланба!
Солдат арманы Солдат арманы
Тіршілік тұтқасы - күн сөнер Дегенге айтындар, кім сенер? Әлемде тыныштық тұрса егер Біздерміз өмірге нұр себер!
Махаббат моласы Махаббат моласы
Аяқтап болып, Махаббат дейтін сапарды, Қозы мен Баян моласы, міне, атанды. Қалауын қанша тапқаныменен, қара тас, Қайырымсыз ата Қарабайдайын қатал -
Жолдастарға Жолдастарға
Күндіз көңіл тыншымас, түнде көңіл, Бәрі аян: Еткен тірлік, сүрген өмір. Түнгі ұйқымды төрт бөліп, мазалаған,
Пікірлер (0)
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақ,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×