ойын сауық отауы
Киіз үй
20.10.2016 9 318 0 Дауыл

Киіз үй

Өлеңдер
Қазақта қасиетті үш нәрсе бар
Қара шаңырақ, қара орман, қара қазан.
Осы үшеуін аман сақтап қаламын деп
Қанша қазақ қыршынынан қиылған.

«Отанымыз – от басынан басталады»
Терең ой даналықтан бастау алды.
«Ер – ел үшін туады» - деген әке сөзін
Ақылды ұл есінен еш тастамады.

Қазағымның қараша киіз үйі,
Болмаса да мәз емес оның күйі.
Әр отбасы қадірлеп, қастерлеген,
Домбыраны үкі тағып, төрге ілген.

«Нағыз қазақ, қазақ емес – домбыра»
Ақиқаты осы сөздің дәл тура
Дархан дала, сайын дала – «Сарыарқа»
Құрманғазы күйін естіп, шер тарқа.

Түндігінен төгілген Күн шуағы
Демеп жүрсін қолтығынан қос пырағы
«Қазақ» – деген қасиетті ұлтымның
Шаңырағы шайқалмаған – бұл тұрағы.

Жаулап алған дүниенің талай жерін
Аты әйгілі – Ескендір Зұлқарнайын
Көзі көріп «Әлемнің жеті кереметін»
Риза болып қаққан екен таңдайын.

Тыңдаңыздар, озық ойлы, жарандар
Мән беріп мына қызыққа бір қараңдар
Киіз үй – ғажайып сәулет мұрасы
Қазағымның даналық пирамидасы.

Уықпенен жалғасқан – кереге мен шаңырақ
Көшірмесі аспанның дер ме екенсің нақпа - нақ
Жүз сегізге тең екен – балашық пен сағанақ
Әр кереге басында шоқ - жұлдызы Зодиак.

Сақтанып жаздың ыстық күндерінен
Басқан екен киізді аппақ жүннен
Борланған, үгітілген сүйекпенен
Алмасуы ауаның, көрініп тұр пішінінен

Шаңыраққа бақан көлбей тірелген
Алпыс екі градусқа бұрыштары тең екен
Жүз сегіз бен алпыс екі – аспан саны ежелден
Айта алмаймыз: «Бабалар мұны білмеген...»

... Жапанда жылқышының киіз үйі...
Жасағын Ақсақ Темір жақындаған
От басы, ошақ қасы болып жүрген
Жас әйелі ең бірінші байқаған.

Бір баланы артына мінгестіріп,
Қашқан әйел соңынан қуып барып,
Шаш ал десе, бас алатын жендеттері
Жаһангерге желкелеп, келді алып.

«Бір баланы неге кеттің қалдырып?» -
Деп сұрады Ақсақ Темір таң қалып.
«Жалғыз інім, әке – шешем көзі еді
Өлімін оның көруге кім төзеді...

Күйеуге тиіп, бала туып алармын
Бауырды туған, бірақ қайдан табармын»
Естіп Әмір келіншектің жауабын
Қайтарыпты жер майысқан сарбазын.

Отбасының шайқалтпай шаңырағын
Ақылымен сақтап қалған бар жанын
Үлгі болар болашақ ұрпақтарға
Оқып едім, осындай дала аңызын.

Ақ жаулықты, аяулы, аналарым,
Аман болсын, отағасы, қорғандарың
Өсе берсін жайқалып, ормандарың
Өшпесін жаққан оты бабалардың!

Ұстаз: Гульнар Хабаева

Туған елдің түтіні - Шөмішбай Сариев Туған елдің түтіні - Шөмішбай Сариев
Туған елдің түтіні де тәтті ғой, Тоңа ма деп таңы талай атты ғой. Қараша үйдің ұйып балдай қаймағы, Қанаттарын түтін түзу қақты ғой.
Жеті Атаға дейін үйленбеудің бір сыры! Жеті Атаға дейін үйленбеудің бір сыры!
Жеті Атаға дейін үйленбеу дәстүрі түркі тектес халықтардың ішінде тек қазақтарда ғана бар дейміз. Неге екенін білеміз бе? Осы жайында оқыған бір аңыз
Бар махаббат - Ақұштап Бақтыгереева Бар махаббат - Ақұштап Бақтыгереева
Сенбе дос, өз сертінде тұрмағанға, Махаббат жалған десе бұл ғаламда. Махаббат болмаса егер, дала кезіп, Мәжнүн Ләйлісі үшін жынданар ма.
Бабаджа – Хатун. Қазақ тарихындағы әйелдер Бабаджа – Хатун. Қазақ тарихындағы әйелдер
Бабаджа - Хатун кесенесі Айша бибі мазарының жанында орналасқан. Бұл кесене де ХІ - ХІІ ғасырлардағы сәулет ескерткіші болып саналады.
Домбыра Домбыра
Екі ішектің бірін қатты, бірін сәл - пәл кем бұра. Нағыз қазақ – қазақ емес, Нағыз қазақ – Домбыра!
Домбыра мен бесік Домбыра мен бесік
Баба қазақ кебісті Тас қапасқа өшікті. Іздеймін деп кеңістік, Кентін тастап көшіпті.
Пікірлер (0)
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақ,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×