Туған елдің түтіні - Шөмішбай Сариев
Өлеңдер
Шөмішбай Сариев
ТУҒАН ЕЛДІҢ ТҮТІНІ
Туған елдің түтіні де тәтті ғой,
Тоңа ма деп таңы талай атты ғой.
Қараша үйдің ұйып балдай қаймағы,
Қанаттарын түтін түзу қақты ғой.
Кешегі сол түтін дәмін ұмытты
Маздаған от бұзбай шырқын тұныпты.
Туған елдің түтіндері тік ұшқан,
Сан ұрпақтың жан - жүрегін жылытты.
Бірі сірә, болар бәлкім ғажаптың,
Шаршап күткен ащы аязды азат күн,
Қараша үйден түтіндері тік ұшып,
Бүтінделді бауыр еті қазақтың.
Қалай сақтап қалсам деумен тірегін,
Қараша үйге қосқан арнап тілегін.
Қараша үйден маздаған от қазақты,
Әлі күнге жылытардай жүрегін.
Бірде толқын, бірде болмай күтімі,
Қажымайтын қара домалақ бітімі.
Көбейсе екен, қара бала қазақта,
Көбейсе екен қараша үйдің түтіні.
Әрбір туған қыз - баласы, құт үні,
Арда емген сүттің дәмі, сүт үні.
Қазақ - қазақ бола алмайды ешқашан
Қараша үйдің көбеймесе түтіні.
Бүгін Елім, Тәуелсіз Ел – болды азат,
Болса дағы қиын - қыстау жолда азап.
Ұлы қазақ, ұлы дана, данышпан
Түтініңді түзе деген сол Қазақ!
ТУҒАН ЕЛДІҢ ТҮТІНІ
Туған елдің түтіні де тәтті ғой,
Тоңа ма деп таңы талай атты ғой.
Қараша үйдің ұйып балдай қаймағы,
Қанаттарын түтін түзу қақты ғой.
Кешегі сол түтін дәмін ұмытты
Маздаған от бұзбай шырқын тұныпты.
Туған елдің түтіндері тік ұшқан,
Сан ұрпақтың жан - жүрегін жылытты.
Бірі сірә, болар бәлкім ғажаптың,
Шаршап күткен ащы аязды азат күн,
Қараша үйден түтіндері тік ұшып,
Бүтінделді бауыр еті қазақтың.
Қалай сақтап қалсам деумен тірегін,
Қараша үйге қосқан арнап тілегін.
Қараша үйден маздаған от қазақты,
Әлі күнге жылытардай жүрегін.
Бірде толқын, бірде болмай күтімі,
Қажымайтын қара домалақ бітімі.
Көбейсе екен, қара бала қазақта,
Көбейсе екен қараша үйдің түтіні.
Әрбір туған қыз - баласы, құт үні,
Арда емген сүттің дәмі, сүт үні.
Қазақ - қазақ бола алмайды ешқашан
Қараша үйдің көбеймесе түтіні.
Бүгін Елім, Тәуелсіз Ел – болды азат,
Болса дағы қиын - қыстау жолда азап.
Ұлы қазақ, ұлы дана, данышпан
Түтініңді түзе деген сол Қазақ!
Қазақ елі монументі - Шөмішбай Сариев
Абылайхан: “Бұл қай ел?” – деп сұрар еді, Таңғалып Қабанбайлар тұрар еді, Тіріліп Абай келсе Астанаға, Ақын ғой, қуаныштан жылар еді!
Үй туралы мақал - мәтелдер
Үй туралы мақал - мәтелдер Туған үйдің түтіні жылы, Туған ананың күтімі жылы. Түздегі май ішеді, Үйдегі зәр ішеді.
Ұл балаға бата
Бір үйдің баласы болма, Бүкіл елдің санасы бол! Бір елдің баласы болма, Бар елдің данасы бол!
Қараша, желтоқсан мен сол бір - екі ай
Қараша, желтоқсан мен сол бір - екі ай Қыстың басы, бірі ерте, біреуі жәй. Ерте барсам, жерімді жеп қоям деп, Ықтырмамен күзеуде отырар бай.