ойын сауық отауы
Ақ боран
06.06.2017 1 447 0 Дауыл

Ақ боран

Өлеңдер
Ақұштап Бақтыгереева

Ақ боран
Алдымнан шықшы, ақ боран,
Шабытың болар сақтаған.
Менің де жаным мазасыз,
Бұрқанбай тыныш таппаған,
Алдымнан шықшы, ақ боран!
Сенің де келер көктемің,
Менің де бар ғой өткенім.
Даланы сүйген бозторғай
Жасқана қояр деп пе едің,
Сенің де келер көктемің.
Суытпа жүрек жалынын
Күтуге жетсе сабырың.
Өмірден ызғар көрмеген
Жылының білмес қадірін,
Суытпа жүрек жалынын.
Қайратымысың далайның,
Ашуымысың адамның? -
Сенің де даусың шырқайды - ау,*
Әніндей Мүхит бабамның,
Қайратымысың даламньщ...
Ақ боран маған ұнайсың,
Далаға қысқы қүмарсың9
Мінезі қатал жандардың
Сағыныш күйі шығарсың,
Ақ боран маған ұнайсың.
Алдымнан шықшы, ақ боран.
Шабытың болар сақтаған,
Менің де жаным мазасыз,
Бұрқанбай тыныш таппаған.
Алдымнан шықшы, ақ боран!

Қыс Қыс
Жалп - жалп, жалп-жалп жауды қар. Тон киіндік, тоңды мал. Бұрқ - бұрқ, бұрқ-бұрқ боран бар, Боран жоқта тұман бар.
Боран Боран
Тал - шыбықтар шайқалып, Тентек боран ұлиды. Ысқырады айналып Айналада бір үйді.
Таудай болғым келеді Таудай болғым келеді
Өлмесін деп берген ғой тауды маған. Мен күрсінсем, күңіреніп тау жылаған. Көңілімде бір құйын көтерілсе, Тауларымда тұрады қарлы боран.
Москвадан кетерде Москвадан кетерде
Ұлиды боран, Қарып тұр. Сауықтыр мені, сауықтыр Боранын - дағы Мәскеудің Сімірейінші қанып бір.
Қысқы жолда Қысқы жолда
Қараңғы түн, сары дала, Көрінбейді айнала. Боран соғып тұр борап, Жолды басқан құр сорап.
Жылқышының үйінде Жылқышының үйінде
- Түн түнерді, ұйықтады ауыл, Сорлы, бейбақ, атаң қайда?.. - Боран мынау, туды дауыл, Апатайым, атам қайда?..
Пікірлер (0)
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақ,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×