ойын сауық отауы
Балуан Шолақ
09.05.2019 1 385 0 Дауыл

Балуан Шолақ

Өлеңдер
Балуан Шолақ
Сәкен Сейфуллин
Тағы да бір ғажап ер Балуан Шолақ,
Бір қолы отқа күйіп болған молақ.
Цирктің Корень деген балуанының
«Қиратқан қабырғасын жалғыз қолы - ақ».
Жиналған бес дуан ел сәтукеде,
Көтерген елу бір пұт бір - ақ жол - ақ.
Қызықты он шығарғыш, ақын балуан,—
Шебері сырлы өлеңнің, емес олақ.
Кеспелтек, алшан төстек, емес иір,
Денесі болат құрыш, жігер шиыр.
Жалаңаш денесіне тіс батпайды,
Көк темір — бұлшық етті түйір - түйір.
Жайдары жарқылдаған ер көңілді,
Ел кезіп ән сап жұртпен болған үйір.
Шолақтың өлеңі мен балуандығын,
Сөз қылған: «пәлі!» десіп талай қиыр.
Қап - қара күшті дене — құйған шойын,
Топшылы, тау бүркіттей, бұғы мойын.
Қайраты, күшіменен таң қаларлық —
Цирктің жыққан бүктеп талай дөйін.
Ән шырқап, құйқылжытып өлең айтып,
Қазақтың думан қылған талай тойын.
Көрсеткен еліктіріп бозбалаға,
Құйғытқан ат үстінде сан түрлі ойын.
Жайдары, жігіт гүлі, жарқын - жайсаң,
Жауына жалынбаған, тастай қайсар.
«Пасықсың, мысық құйрық» дейтін еді,
Билерге жағамын дем сөзден тайсаң.
Шығарған талай әсем ән мен сарын,
Жүрекпен ыстық қанның айтып халін.
Әсерлі өлеңдері әнмен айтқан
Толғанып суреттеген ашық жарын.
Күрілдеп, сыймай қоңыр лашығына,
Шығарған ән мен өлең ғашығына.
Шығарып «Ғалияны» жұртқа жайған
Күйініп ғашығының қашығына.
Әлі ынтық «Ғалияға» жұрттың бәрі,
Тыңдаса мәз болады жас пен кәрі.
Білмейтін «Ғалияны» қазақ бар ма? —
Күлісіп, тыңдаған жұрт дейді: «пәлі!»
Николай қазақ елін жерден қуған,
Айдаған орманды жер, шалқар судан.
Жерінен мал құлағы тұтам шыққан,
Айрылған талай момын қалың нудан.
Жерсіз қап, әсіресе, кедейлері
Еңіреп қош айтысқан жермен туған.
Тепкі жеп Николайдан бір жыласа,
Жылаған бай мен биден, болыс қудан.
Нашар жұрт еңірескен айрылған соң,
Мекеннен кіндік кесіп, кірін жуған.
Надан ер «исі орыстың, бәрі бір» деп,
Сол кезде кек алмаққа белін буған.
Жазасыз мұжықты кеп Шолақ тапқан,
Малдарын жүздеп қуып, жауша шапқан.
Мұжық пен надан ерді атыстырып,
Шолақты ұстап ұлық құлыпқа жапқан...
Суықтас, темір құлыпты қамау үйі,
Шолаққа темір кісен — қылған «сыйы».
Тас үйде, есік құлыпты, қолда бұғау, —
Тордағы торғай құстай тұтқын күйі.
Шынжырын қолындағы жіптей үзіп,
Жұлқынып арыстанша күші қызып,
Түрменің бөлмесінде жалғыз құлжа,
Шегініп құлыпты есікті соққан сүзіп.
Рақымсыз ақ патшаның тас түрмесін
Қиратып, аңғал батыр шыққан бұзып.
Тұтылып, құтылғанын өлең қылып,
Әндетіп елге Шолақ кеткен сызып.

Өнер, шеберлік, ұсталық туралы мақал - мәтелдер Өнер, шеберлік, ұсталық туралы мақал - мәтелдер
Жігіт адамға жетпіс өнер де аз.
Бекентайдың батасы Бекентайдың батасы
Әуелі Құдайым оңдасын, Оң жолына бастасын. Ғайып Ерен Қырық шілтен Қолдаушың боп қорғасын.
Бәйшешек бақшасы Бәйшешек бақшасы
Жемiстi, жақсы иiстi бұл бәйшешек, Аралайық, пайдасын көрем десек. Ұғымды, милы жастың ойын қозғап, Ұқтырар талай тәлiм, талай есеп.
Абайдың Смағұл деген iнiсiне қиыр жайлап жүргенде айтқаны Абайдың Смағұл деген iнiсiне қиыр жайлап жүргенде
Тау жебелеп жортады көк бөрілер, О - дағы ат артына бөктерілер, Қиыр жайлап, шет қонған ағайының, Талай жанның көзіне жек көрінер.
Өтірік ертек Өтірік ертек
Бұл Ширазым - сол Шираз, Гүл, бұлбұлға мол Шираз, Гүлі қызыл лағылдай. Гүлге қонған бұлбұлы,
Тілек батам Тілек батам
Я, Құдайым аққа жақ, Өзіңе аян: мен нақақ. Аққа деген жолымның Абыройын ашпай, жап.
Пікірлер (0)
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақ,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×