Білімділер поралы

Қуат

Физика 7 сынып
Сабақтың тақырыбы: Қуат
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Оқушылардың бойына қуат ұғымын қалыптастыру, оның формуласын, өлшем бірлігін есептер шығаруда пайдалана білуге үйрету.
Дамытушылық: Оқушылардың қуаттың формуласын түрлендіре отырып есептер шығаруда іскерліктері мен білім дағдыларын дамыту, есеп шығару дағдыларын қалыптастыру;
Тәрбиелік: Оқушыларды ойлау қабілеттерін, тыңдау, есте сақтау қабілеттерін жетілдіру және пәнге деген қызығушылығын арттыру, ой – өрісін кеңейту. Ұйымшылдыққа, белсенділікке ынтасын арттыру, жауапкершілікке тәрбиелеу.
Сабақтың көрнекілігі: интерактивті тақта, топшамалар, суреттер, тарату парақтары.

Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі: Оқушылармен амандасып, жоқ оқушыларды белгілеу, оқушылардың сабаққа дайындығын, құрал - жабдықтарын тексеру. Сынып тазалығын реттеу.

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру: «Табиғатқа саяхат»
Оқушылар сіздердің үй тапсырмасына қаншалықты дайындалып келгендеріңізді тексеру үшін табиғатқа саяхат жасайық, яғни, қыздар гүл теріп, ұлдарымыз балық ауласын.
Ақ гүлдің сұрағы:
Массасы 400 г қаршығаны ауа тасқыны 70 м биіктікке көтереді. Құсты көтерген күштің жұмысын анықтаңдар (280 Дж).
Көк гүлдің сұрағы:
Автокран массасы 1, 5 т жүкті көтеріп, 22, 5 кДж жұмыс атқарды. Сонда жүк неше метрге жоғары көтерілді (15 м)?
Сары гүлдің сұрағы:
Салмағы 40 Н денені 120 см биіктікке көтеруге жұмсалған жұмысты табыңдар (48 Дж).
Қызыл гүлдің сұрағы:
200 кДж жұмыс 0, 8 км жолда қандай күштің әсерінен орындалды (250 Н)?
Ақ балықтың сұрағы:
Халықаралық бірліктер жүйесінде жұмыс бірлігі қалай аталады (Джоуль)?
Көк балықтың сұрағы:
Жұмыстың джоульден үлкен де, кіші де бірліктері бар ма? Бар болса, қалай аталады (Бар, кДж, мДж, мкДж)?
Сары балықтың сұрағы:
1 Джоуль неге тең (1 Н•1 м)?
Қызыл балықтың сұрағы:
Механикалық жұмыс дегеніміз не (Күш әрекетінен дене орын ауыстырғанда атқарылған жұмыс механикалық жұмыс деп аталады)?

ІII. Жаңа сабақты меңгерту:
Белгілі бір жұмысты орындап шығу үшін әр түрлі қозғалтқыштар әр түрлі уақыт жұмсайды. Мысалы, Қарағанды шахталарында 1940 - 1950 жылдары көмір комбайындарын дүние жүзінде бірінші болып қолдана бастады. Бұл еңбек өнімділігін ерен арттыруға игі әсерін тигізді. Өйткені, бір жұмысшының бірнеше сағат бойы қол еңбегімен істеген жұмысын көмір комбайны тез арада орындап шығады. Сондай - ақ нақты бір жұмысты жұмысшыдан гөрі көтергіш кран ьезірек орындаса, сол жұмысты трактор атқа қарағанда жылдамырақ атқарады. Бұдан жұмыстың орындалу жылдамдығын сипаттайтын физикалық ұғымды енгізу қажеттігі туындады.
Жұмыстың орындалу жылдамдығын сипаттайтын шама қуат деп аталады.
Қуатты табу үшін істелген жұмыстың шамасын сол жұмысты істеуге кеткен уақытқа бөлу керек:

Маңғыстау облысы, Мұнайлы ауданы
«№ 9 жалпы білім беру орта мектебі» КММ
Пән мұғалімі: Макашова Ж. Ж.
Қуат жүктеу
Қуат слайд жүктеу
Материал рейтингісі:
  • 0
барлық дауыс бергендер: 0
Басқа жаңалықтарды оқу:
Загрузка...
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Үздік жаңалықтар
Жаңалықтар бөлімі
Соңғы пікірлер
  • aiboll
    Жазған: aiboll
  • nurislam0
    Жазған: nurislam0
    Мына жаңалықта: Ақша. Монета
  • raya94
    Жазған: raya94
    Мына жаңалықта: Ақша. Монета
  • jupar
    Жазған: jupar
  • Dulat90
    Жазған: Dulat90
    Мына жаңалықта: Биологиядан тест
  • aiboll
    Жазған: aiboll
  • Orken agay
    Жазған: Orken agay
  • aiboll
    Жазған: aiboll
  • Гүзал
    Жазған: Гүзал
  • aiboll
    Жазған: aiboll
    Мына жаңалықта: Ана әлемді тербейді
Өз пікіріңді білдір
Білімділер порталына қандай бөлім жетіспейді?
Интернет дүкен (магазин)
Хабарландыру тақтасы
Онлайн оқыту бөлімі
форум
Тестілеу орталығы
Сайтта кім бар
Барлығы: 52
Қолданушылар: 0
Қонақтар: 52
Роботтар: 3
Ілмек сөздер
Сайт статистикасы
Яндекс.Метрика