Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Тележүргізуші болғыңыз келсе...

06 маусым 2020, Сенбі
Категориясы: Психология
Тележүргізуші - телеарнаның айнасы, көрерменнің көңілін тауып, ықыласына бөленетін жандар. Тележүргізушілер танымдық - ақпараттық бағдарламалардың тізгінін ұстайды, жеке тұлғамен сұхбат құрып, ортасын қызыққа толықтырады және көрерменнің көңілін көтереді.
Ендеше, тележүргізушіге қойылатын талаптармен таныс болыңыз:
1. Қысылмаңыз.
Тележүргізуші атанғыңыз келсе, қысылып - қымтырылудың қажеті жоқ. Бұл - миллиондаған аудиториямен қарым - қатынастың қайнар көзі. Табиғаттан берілген қасиетіңізді өзгертпеңіз. Бұл тұста актерлік шеберлік курстарына жазылу мен ораторлық қасиетіңізді дамыту артықтық етпейді.
2. Көрікті болыңыз.
Тележүргізушінің дене - бітімі тартымды әрі бет - бейнесі көрікті болуы керек. Телевидениеден әр түрлі адамдарды кезіктіруге болады. Алайда, сырт - келбеті тартымды тележүргізушінің қаралым көп жинайтынын ұмытпаңыз.
3. Жан - жақты әрі білікті болу - шарт.
Тележүргізуші үшін тәжірибенің маңызы зор. Неғұрлым тәжірибе жинасаңыз, соғұрлым шыңдала түсесіз.
4. Даму үстінде болыңыз.
Өздігімен рухани тұрғыда өсу - тележүргізушінің қабілетін безендіре түседі. Сіз көрерменді қызықтыруға тиістісіз. Дүние - танымның кеңдігі, кез - келген тақырыпта әңгіме - дүкен құру, суырыпсалмалық қасиет - нағыз тележүргізушіге тән.
5. Тікелей эфирде барлығына дайын болу.
Тікелей эфир - тележүргізушіні шыңдай түсетін орын. Бұл жерде сіз кез - келген жайтқа дайын боласыз. Ең бастысы - мимикамен, дикциямен күнделікті жұмыс жасау.
•Қолайсыз жұмыс.
Тележүргізуші үнемі классикалық киім киіп, студиялық форматта жұмыс жүргізбейді. Сізге таудан секіріп немесе өзенде жүзіп те сұхбат алуға тура келеді.
▪Жағымсыз пікірлер.
Белгілі тележүргізушіні бірінші күннен - ақ сынап - мінейтіндер табылады. Бірақ, осыған бола алаңдаудың қажеті шамалы. Сіздің танымалдылығыңыз бен біліктілігіңіз - карьераңыздың дамуына септігін тигізетінін біле жүріңіз.
518
0
  • 0
0 дауыс
Загрузка...
Жаңалықтар
Көбелектер жайлы мәліметтер
Көбелектер жайлы мәліметтер
Көбелектер - таңғажайып әрі қайталанбас табиғаттың ажырамас бір бөлігі. Олардың жұлдызқұрт арқылы дернәсілін қалдырып, ұрпағын жалғайтынын білетін боларсыз. Ендеше, көбелектер жайында қызықты деректермен таныс болыңыз.
Ата-аналарға арналған тест
Ата-аналарға арналған тест
Бұл тест сіздің ата - ана туралы көзқарастарыңды толықтырады, балаларды тәрбиелеудегі түйінді мәселелерге қатысты нақты шешімдер жасауға көмектеседі.
Ұлы ерлік - ұрпаққа үлгі
Ұлы ерлік - ұрпаққа үлгі
Қазақстандықтардың Ұлы Отан соғысына қатысуы, түрлі ұлт өкілдерінің ынтымақтастығы, қазақ халқының батырлары және 28 панфиловшылардың ерліктері жайлы мағлұмат беру, білімдерін тиянақтау. Батылдыққа, Отансүйгіштікке тәрбиелеу
Достық торы тренингі
Достық торы тренингі
«Достық» торы тренингі
Анаға тағзым
Анаға тағзым
БҚО, Ақжайық ауданы, Харькин орта жалпы білім беретін мектебінің әлеуметтік педагогы Мурзалиева Акмарал Муратовна
Астанам - мақтанышым!
Астанам - мақтанышым!
Астана туралы әндер мен өлеңдер үйрету, сүйіспеншілік және мақтаныш сезімдерін тудыру. Туған ел тарихымен таныстыру.
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.