Білімділер поралы
загрузка...

Тұңғыш ғарышкер

Тұңғыш ғарышкер Олжас Сүлейменов (слайдымен)
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Олжас Сүлейменовтың «Тұңғыш ғарышкер» өлеңінің мазмұнын түсіндіру, тұңғыш ғарышкер туралы мағлұмат беру;
Дамытушылық: Жұмбақтар шешу арқылы оқушылардың ойын, қиялын, зейіндері мен есте сақтау қабілеттерін, сөз тіркестері арқылы сөйлеу тілдерін дамыту;
Тәрбиелік: Оқушыларды ұжымдыққа, достыққа, ғарышкерлерді ұмытпауға, құрметтеуге, табиғатты аялауға тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: аралас сабақ.
Сабақтың типі: жаңа материалды игерту.
Сабақтың формасы: топтық, жұптық.
Сабақтың әдісі: түсіндіру, сұрақ – жауап, әңгімелеу, талдау.
Көрнекілігі: интерактивті тақта, ойын элементтері, слайд.

Сабақтың барысы:
Ұйымдастыру кезеңі:
а) Оқушылармен амандасу.
ә) Оқушыларды түгелдеу.
б) Оқу құралдарын дайындау.
в) Назарларын сабаққа аудару.

Психологиялық дайындық:
- Осы біздер қандаймыз?
- Талабы биік таудаймыз!
- Біз нені ұнатамыз?
- Жақсылықты ұнатамыз,
Жамандықтан тез қашамыз.
- Қалай оқимыз?
- Көп оқимыз. Терең оқимыз.
- Жанып тұрған шырақпыз.
Толқынды су бұлақпыз.
- Біз кімбіз?
- Елімізді өркендететін,
Қазақ тілін көркемдететін,
Бабаларға тағзым ететін,
Аналарға бас иетін
Елтаңбасымен еңселі,
Туымен тұғырлы,
Әнұранымен айбатты –
Қазақ елінің болашағымыз!

Үй тапсырмасын сұрау.
М. Төрежанов: «Бұлбұлдың әні» әңгімесін мазмұндау.
1 – топ. Көрініс көрсету.
2 – топ. Бұлбұлды сипаттау.
3 – топ. Автор туралы мәлімет.

Қызығушылықтарын ояту:
Сабақ бастамас бұрын, топқа бөлініп, ат қойып алайық. Ол үшін мен сендерге жұмбақ жасырамын, қай топ жұмбақтың жауабын дұрыс тапса сол топ атты иеленеді.
1. Таңмен көзін ашады.
Әлемге нұрын шашады. (күн)
2. Қараңғыда жымыңдай, жанады,
Жарық түссе бірден сөніп қалады. (жұлдыз)
3. Әдемі түнде,
Мен жүрсем, жүреді бірге. (ай)
Әр топ өз топтары жайлы айтып өтеді.
Күн - Күннен, оны айнала қозғалатын 8 үлкен планетадан (Меркурий, Шолпан, Жер, Марс, Юпитер, Сатурн, Уран және Нептун.) планета серіктерінен, мыңдаған кіші планеталардан, шамамен 1011 кометадан және толып жатқан метеорлық денелерден құралған ғарыштық денелер жүйесі.

Ай – Жердің табиғи серігі, өзінен жарық шығармайтын Жерге ең жақын аспан денесі. Ол Жерді эллипстік орбита бойымен айналады. Ай Жер тәрізді, диаметрі 3476 км (Жер диаметрінен 4 еседей аз)

Жұлдыз – өте күшті қызған газдан (плазмадан) тұратын, өзінен жарық шығаратын және табиғаты жағынан Күнге ұқсас аспан денелері. Күн Жерге жақын болғандықтан ғана үлкен болып көрінеді. Жұлдыздар Жерден өте қашық орналасқандықтан, телескоппен қарағанның өзінде де нүктедей ғана болып көрінеді.

Телескоп туралы видео көрсету.

Жаңа сабақ:
- Балалар, тақтадағы өрнектердің мәнін тауып, өсу ретімен орналастырсақ бүгінгі өтетін тақырыбымыздың аты шығады.

Тұң ---------- ғыш ---------- ға ----------- рыш ---------- кер
70*2 -------- 490: 7 -------- 8*5 ---------- 120: 40 ------ 10: 10

«Ой қозғау»
- Ендеше, біз бүгін Олжас Сүлейменовтың «Тұңғыш ғарышкер» өлеңін өтеміз.
- Тақтаға қарайықшы балалар, Ғарышкер сөзін сөз құрамына талдайықшы.
- Сөз құрамы неден тұрады?
- Түбір мен қосымшадан.
- Ғарышкер қай сөз табы?
- Зат есім.
- Балалар, Ғарышкер дегеніміз кім?
Ғарышкер – ғарышқа ұшу кезінде ғарыштық техниканы сынақтан өткізетін әрі оны пайдаланатын адам. Адамның ғарышқа ұшуынан кейін (1961) пайда болған мамандық.
- Қандай ғарышкерлерді білеміз?
- Ғарыш айлағы дегеніміз не?
- Қазақстанның ғарыш айлағы бар ма?
- Қалай аталады?
- Байқоңыр.
Картадан Байқоңырды көрсетеді.
Оқушылар өз ойларын ортаға салады.
Адам ерте кезден - ақ Ғарыш денелерінің Жердегі құбылыстарға әсерін зерттеп, білуге тырысқан.
- Біздің заманымызда ғарыш қалай зерттелуде және ғарыштан алынған ақпараттардың шаруашылық үшін қандай маңызы бар?
1 – оқушы. Негізгі ғарышқа жол 1957 жылы 4 – қазанда ашылған.
2 – оқушы. Қазіргі кезде ғарышты игеру тез алға басуда. Азғана уақытта Жер төңірегінде екі мыңға жуық жасанды серік ұшырылады. Солардың ішінде адам ұзақ уақыт тұрып зерттеу жұмыстарын жүргізуге арналған орбиталық стансалар да бар.
3 – оқушы. Автомат стансалар күн жүйесінің алты планетасына жіберіліп, олар туралы ғылыми деректер алынды.
4 – оқушы. Жердің жасанды серіктері халық шаруашылығына суреттер ауа райын күн ілгері болжауға, аса апатты құбылыстардан алдын ала сақтануға мүмкіндік береді.
5 – оқушы. Жасанды серіктер арқылы телехабарлар беріледі, алыс жерлермен радио, телефон байланыстары жүргізіледі.
6 – оқушы. Ғарыш құрал – жабдықтары Жердің табиғи серігі - Айды да зерттей бастады.

Автор жайлы мәлімет
Италиядағы төтенше және өкілетті елшісі, саяси және қоғам қайраткері
1936 жылы Алматыда дүниеге келген
1989 жылдан «Семей Невада қозғалысының төрағасы
Жазушы, ақын
«Арғымақтар» 1961 жылы шықты

2002 жылдан ЮНЕСКО – дағы Қазақстанның тұрақты өкілі.
Өлеңді үнтаспадан тыңдату.

- Өлең кім туралы?
- Юрий Алексееич Гагарин туралы.
Юрий Гагарин туралы мағлұмат беру (слайд)
(Бейнебаян көрсету)

Оқулықпен жұмыс:
Оқушыларға тізбектей оқу әдісі бойынша оқыту. Өлеңді сұрақ – жауап арқылы талдау, әңгімелеу.
- Ақын Гагариннің ақ жолын неліктен «ала бөтен» дейді?
- Неліктен ақын ел, тарих, өлең, байтақ даланы және табиғатты анаға теңейді?
- Ақын Гагариннің жерді сүйетіндігін, қадірлейтіндігін қалай білген?

Сергіту сәті:
«Анашым» әнін айту.

Қазақ халқының ғарышкерлері туралы әңгімелеу.
Т. Әубәкіров туралы мәлімет беру.
Байқоңыр ғарыш айлағынан 1991 жылы қазан айының 2 – сі күні қазақтың қаһарманы Тоқтар Оңғарбайұлы Әубәкіров Қазақстанда тұңғыш болып ғарышқа үшты. Ол сапарынан аман – есен жерге қонды.

Талғат Мұсабаев – Алматы облысында дүниеге келген. Ол ең алғаш ғарышқа 1994 жылы ұшты. Ол үш мәрте ғарышқа ұшқан.

Дәптермен жұмыс:
Ю. А. Гагарин – ғарышқа 1961 жылы ұшты.
Т. О. Әубәкіров – 1991 жылы ұшты.
Т. М. Мұсабаев – 1994 жылы ұшты.

Жаңа сабақты бекіту:
«Бал жинау» ойынын ойнау.
Сұрақтары:
1. Өлеңнің авторы кім?
2. Ғарышқа Гагарин қашан ұшты?
3. Қазақтың тұңғыш ғарышкері кім?
4. Талғат Мұсабаев туралы не білесің?
5. Қазіргі таңда Байқоңыр ғарыш айлағын қай ел меңгеріп жатыр?
6. Ғарышкерлер туралы өлең неліктен осы бөлімде берілген деп ойлайсың?

Жаңа сабақты қорытындылау:
- Балалар біз осындай зымыранды қай пәннен жасадық?
- Еңбек пәнінен.
- Оны жасау сендерге оңай болды ма?
- Жоқ.
- Әрине жоқ.
- Зымыран ұшқанда ауа райы қандай болады?
- Ендеше зымыран ұшырудың бізге қандай пайдасы мен зияны бар екенін мына бейнебаяннан тамашалайық. (Мультимедиядан зымыранның ұшырылуы көрсетіледі)

Үйге тапсырма беру:
1. Өлеңді жаттау.
2. «Ғарышкер болғым келеді» тақырыбына әңгіме жазу.
3. Ғарышкерлер туралы мәлімет жинау.

Бағалау:
Сабаққа белсенді қатысқан оқушыларды бағалау, мадақтау.

Қызылорда облысы, Жаңақорған ауданы,
№ 3 мектеп – интернатының бастауыш сынып мұғалімі
Искакова Гүлзада Ибадуллақызы

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.
Материал рейтингісі:
  • 60
барлық дауыс бергендер: 3
Басқа жаңалықтарды оқу:
Загрузка...
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Үздік жаңалықтар
Бәйге бөлімі
  • Having fun. Abilities.

    To learn and practise Can/can't. To develop the pupil's habits of reading, speaking and writing, to support an interest to the English lesson.
  • Әртүрлі саладағы модельдер

    модель түрлерімен ажырата білуге, модель түрлерін анықтауға, модельдеудің қажеттілігін, оның пайдасын түсіндіру; оқушының шығармашылығын, ойлау қабілетін арттыру; еркін пікір білдіру мен өзара ...
  • Жұлдызды аспан

    Жұлдызды аспан – шоқжұлдыздар мен жұлдыздар олардың атаулары мен белгіленулері туралы ақпарат беру, айырмашылығын көрсету.
  • Зат есімнің септелуі

    Зат есімнің септелуі туралы түсінік беру. Септік жалғауларымен таныстырып, олардың сұрақтарын меңгерту. Оқушылардың топпен жұмыс істеу, ойлау, есте сақтау, зерделеу қабілеттерін дамыту.
  • Жұмбақ математика

    1 - ден 5 - ке дейін тура және кері санау, геометриялық пішіндерді ажырату; жұмбақ құрастыру, логикалық тапсырмаларды орындау арқылы балалардың тілін, ой – өрісін, ойлау қабілетін дамыту. ...
  • «Наурыз» С. Сейфуллин

    С. Сейфуллиның «Наурыз» өлеңді мәнерлеп оқиды. Сыни ойлауға үйренеді. Өлеңді жан - жақты талдайды. Жеке тұлға ретінде шығармашылыққа, іздемпаздылыққа баулу.
  • Ш. Мұртаза «Эльза – кішкентай періште»

    Жазушының өмірі мен шығармашылығынан мәлімет беру, үзіндіні толық талдау арқылы оқырманның рухани жан дүниесін байытудағы көркем шығарманың күш - қуатын таныту, идеялық мәнін ашу.
  • Презентацияларды құру. Безендіру шаблондары

    Презентацияны құру технологиясы туралы білімдерін қалыптастыру. Презентацияны жасауда өз шаблондарын құру технологиясын үйрену және оны практикада қолдана білу.
Соңғы пікірлер
загрузка...
Өз пікіріңді білдір
5 күндік оқу кестесі дұрыс па?
Ия керемет
Бұрыннан күткем
Еш өзгеріс келтірмеді
Маған бәрібір
Жоқ бұрынғысы дұрыс еді
Сайтта кім бар
Барлығы: 184
Қолданушылар: 2
Қонақтар: 182
Роботтар: 2
Жфндос aiboll
Ілмек сөздер
Сайт статистикасы
Яндекс.Метрика