Сұхбаттасу
bibka
bibka
10:15:02

Балауса, презентацияны уақытында салмағансыз.
Balausa
Balausa
09:19:01

Саламатсыз ба? Мен үздік презентацияға қатысушымын, бірак сабағым жарияланбаған.
ramuk_b
ramuk_b
19:06:13

Ляко,
қарастырамыз!
Ляко
Ляко
19:05:44

менің хатыма жауап бола ма?
bibka
bibka
17:25:21

Мадина,
қай номинация екенін жазбағансыз

Чатқа тек тіркелген қолданушылар ғана жаза алады.
Біздің сайтты ұнатады
Қай елден кірді
free counters
Қатені көрсетіңіз
Егер сайттан орфографикалық қате тапсаңыз, онда сөзді бөлектеп мына батырмаларды басыңыз!

Серіктестер жаңалықтары

7 саны мен цифры. Тура және кері санау.

7 саны мен цифры. Тура және кері санау.

Заманауи сабақ - тиімді сабақ

Қостанай облысы, Қостанай қаласы № 24 бастауыш қазақ мектебінің бастауыш сынып мұғалімі Ергалиева Ментай Амановна

Қанат туралы хикая

Қостанай облысы, Қостанай қаласы № 24 бастауыш қазақ мектебінің бастауыш сынып мұғалімі Ергалиева Ментай Амановна

Тіл табыса білейік.

Қостанай облысы, Қостанай қаласы № 24 бастауыш қазақ мектебінің бастауыш сынып мұғалімі Ергалиева Ментай Амановна

Жусан иісі

Қостанай облысы, Қостанай қаласы № 24 бастауыш қазақ мектебінің бастауыш сынып мұғалімі Ергалиева Ментай Амановна
Әкімшілікпен хабарласу
Сауалнама
Онлайн режимінде қандай программаны үйренгіңіз келеді?
Электронды кітап жасауды
Photoshop
Corel Draw
Power Point
Word

Жеке веб парақша ашу
Соңғы пікірлер
  • Авторы: ramuk_b
  • |
  • Пікірлер: 0
  • |
  • Қаралды: 1502
ӘЙТЕКЕ БИ
ӘЙТЕКЕ БИ (1644 - 1700)

ӘЙТЕКЕ Байбекұлы (23.03. 1644, Өзбекстан, Қазбибі тауы, Қызылша м. — 1700, Өзбекстан, Нұрата ауд. Сейітқұл қорымы) — казақ халқының бірлігін нығайтуға үлкен үлес қосқан атақты үш бидің бірі, мемлекет қайраткері. Әлім тайпасының төртқара руынан шықкан. Әмір Темірдің бас кеңесшісі Ораз қажының бесінші ұрпағы. Бүкіл парсы, өзбек, кырғыз, қазақ, кұрама жұрты "Синесоф буа" (жаны пәк жан) атаған Сейітқұл әулиенің - үшінші ұрпағы. Ә. Қоканға (1622 — 35) хан болған Ақшаның немересі, Самарқан өмірі (1622 — 56) Жалаңтөс баһадүрдің немерелес туысы. Әйтеке бес жасында ауыл молдасынан сауатын ашқан.

Шешендік касиетінің ерте танылуына әкесі Байбек пен Қосуақ бидің айрықша ықпалы тиеді. Алайда жеті жасынан бастап аталары Ақша хан мен Жалаңтөс баһадүр Әйтекені өз тәрбиесіне алады. Ол өуелі Самарқандағы Ұлықбек медресесінде, кейін Жалаңтөс баһадүр салдырған, сән-сәулетімен әйгілі "Тіллә-кари" (Алтынмен апталған), "Шердор" (Арыстанды) медресесінде оқиды.

Дін, құқық, аспан әлемі, жағырапия, тарих, математика пәндерін, араб, парсы, шағатай, өзбек тіддерін меңгеріп шығады. Әйтеке Ақша атасынан ел басқару, елшілік байланыстар жасау жолдарын үйренсе, Жалантөс атасынан әскери қолбасшылық дәстүрлер мен дағдыларға жаттығады. Баланын он екі жасында Жалаңтөс атасы, он бес жасында Ақша атасы дүниеден озады. Әйтеке медресені бітірісімен туған ауылына оралып, әкесі Байбекпен, ұстазы Қосуақпен бірге ел баскару істеріне араласады.
  • Авторы: ramuk_b
  • |
  • Пікірлер: 0
  • |
  • Қаралды: 1129
Қазыбек би
ҚАЗЫБЕК БИ КЕЛДІБЕКҰЛЫ (1659-1765 жж.)

Келдібекұлы Қазыбек би (1665-1765) - қазақтың Тәуке, Болат, Сәмеке, Әбілмәмбет, Абылай хандары тұсында мемлекет басқару ісіне араласқан мемлекет және қоғам қайраткері, Әз Тәуке хан құрған «Билер кеңесінің» мүшесі, атақты шешен, Орта жүздің төбе биі, «Жеті жарғы» аталатын заңдар кодексін шығарушылардың бірі. Шыққан тегі Орта жүздің Арғын тайпасының Қаракесек руынан.

Қазыбектің анасы Тоқмейіл ұтымды да тапқыр сөздерді көп білетін зерек кісі болыпты. Анасы айтқан есті сөздерді кішкентай күнінен жаттап өскен ол ер жете келе өзі де солай сөйлеуге машықтана бастайды. Осы өнерінің арқасында бала биден дана биге айналып, «қара қылды қақ жарған Қаз дауысты Қазыбек би», «алты алаштың ардағы» деген атаққа ие болады. Содан болар Тәуке хан мемлекет тұтастығына жарықшақ түсірмей, халықты бірлікте ұстау үшін үш жүзді өзінен шыққан үш биге билету арқылы басқарғанда, Орта жүзге осы Қазыбек биді тағайындайды. Ол ел басқару ісіне араласып, Қазақ хандығының ішкі сыртқы саясатына елеулі ықпал жасап отырады.
  • Авторы: ramuk_b
  • |
  • Пікірлер: 0
  • |
  • Қаралды: 2372
ТӨЛЕ БИ ӘЛІБЕКҰЛЫ
ТӨЛЕ БИ ӘЛІБЕКҰЛЫ (1657-1756 жж.)

Әлібекұлы Төле би (1663-1756) - қазақтың Тәуке, Болат, Әбілмәмбет, Жолбарыс, Абылай хандары тұсында мемлекет басқару ісіне араласқан аса ірі мемлекет және қоғам қайраткері, ойшыл дана, Әз Тәуке хан құрған «Билер кеңесінің» мүшесі, атақты шешен, Ұлы жүздің төбе биі, «Жеті жарғы» деп аталатын заңдар кодексін шығарушылардың бірі. Шыққан тегі Ұлы жүздің Дулат тайпасының Жаныс руынан. Шежірешілер «тоғыз ұлды Құдайберді әулетінен Төлеге дейін бай да, би де шықпаған. Олар «қарашоғыр» атанған қара шаруа болған» деген дерек береді.

Төле би кезінде оқыған, ірі сауатты, халқының ақындық шешендік өнерінен тәлім алған адам. Жастайынан ел арасындағы билікке араласып, әділдішімен, шешендігімен, тапқырлығымен төңірегіне кеңінен танылады.

Қазіргі Жамбыл облысыңдағы Шу өзенінің жағасында, Жайсаң жайлауында дүниеге келген, 1756 жылы Шымкент облысы, Леңгір ауданының Ақбұрхан ордасында қайтыс болған. Казақтың қоғам қайраткері, атағы жер жарған шешен, Ұлы жүздің бас биі, "Жеті жарғыны" жасаушылардың бірі. Құдайберді әулетінің өкілі болып табылатын Әлібекұлы Төле биге дейін ешкім би де, бай да болмаған. Төле бидің ата-бабалары қарапайым шаруалар екен.