Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Тоқсан би Жабайұлы

29 маусым 2017, Бейсенбі
Категориясы: Шешен-билер
Тоқсан би Жабайұлы Керей руының есімі бүкіл қазақ еліне танымал ірі өкілі. Ол ел билеу істерінде, дау-дамай айтыстарда Керей руы атынан сөйлеп, осы рудың намысын қорғаған, жоғын жоқтаған өз кезінде осы рудың басшысы болған.

Тоқсан бидің әкесі – Жабай би, атасы – Қара би. «Әкем Қара биден қалған билікті бердім» деп кеткен екен әкесі. Киікбай биден бата алған Тоқсан би үш жүздің билері бас қосқан үлкен бір дауда сарапқа түсіп саңлақ атаныпты. Ел ауызындағы әңгімелерде Тоқсан бидің әділ сөзге тоқтап, тосылғанын мойындаған тұстары да жоқ емес. Мұның өзі Тоқсанның сөз қадірін қастерлеген ақыл, парасат иесі болғанын аңғартса керек.
ЖҰБАТУ
Ел ішіндегі белгілі де беделді Жаппас деген қарияның жалғыз баласы ер жеткен шағында кенеттен қайтыс болып, қатты күйзеледі. Сенім артқан сүйеніші, көрер қызы бар алданышынан айрылған Жаппасқа бұл қаза қасіреттей батады. Оның жағдайы күннен-күнге төмендеп, төсек тартып қалады. Осы жайды естіген, жастайынан Жаппачты сыйлап өскен Тоқсан би көңіл сұрауға арнайы келеді де, Жаппачтың үйінің босағасын аттай бере ағылтып қоя береді:
- Ей, Жаппас, көтер беліңді, жылатпа еліңді,
Қас нардың қабырғасынан қол сөгілсе де елемес.
Тағдырдың ісіне көнбейтін пасық адам сен емес.
Өткен қайтып келмейді, өшкен қайтып жанбайды.
Бидің аңқылдаған көңіліне, жарқылдаған асыл сөзіне елең еткен
Жаппас жайлап басын көтереді. Сөз арасында ол Тоқсан биді сынамақ ниетімен:
- Бұл қайғым қайтсем қалады?- деп сауал тастайды.
Сонда Тоқсан би:
- Ей, Жаппас, бұл қайғың,
Келелі бидің кеңесінде қалады.
Биік таудың төбесінде қалады.
Өзен - судың көбесінде қалады.
Қыран құстың қияғында қалады.
Жүйрік аттың тұяғында қалады.
Ұлы дүбір той - ойында қалады.
Осы айтқанды орындамасаң,
Өле - өлгенше мойныңда қалады,- деп жауап беріпті.

*******************************

Ерте заманда Арқадағы екі ауыл арасында жанжал шығып, мұның ақыры ушығып кетеді, Тоқсанның Доғалақ деген жалғыз ұлы қайтыс болады. Баласының құнын сұрауға Тоқсанның өзі аттанады. Бұларды үйіне қарсы алған Ізбасты би құныкерлердің бетін қайтару үшін Тоқсанға:
- Құлағы жоқ шұнақ би, құйрығы жоқ шолақ би, екі рулы елді араздастыруға келдің бе?- дейді. Сонда Тоқсан тұрып:
- Құлағым жоқ болса,
Сұңқар шығармын.
Құйрығым келте болса,
Тұлпар шығармын.
Уа, ешкі егіз табады,
Ит сегіз табады,
Доңыз тоғыз табады.
Сен тоғызыңмен толған екенсің,
Әбден қырсық болған екенсің,
Сенің тоғызыңды аламын десе,
Тағдырдың шамасы жоқ па?
Маған перзент берейін десе,
Баласы жоқ па?!- деп жауап береді.
Шынында, Ізбасты бидің тоғыз ұлы бар екен. Ол Тоқсанға қисынсыз тиіскенін біліп, айыбын мойнына алады. Өршігелі тұрған дау бейбітшілікпен тынады.

***********************************

Көп кісі бір түлкіні қуып жете алмай, әуреге түсіп жүргенде, ол түлкіні Тоқсан қуып жетіп соғып алады. Үлкен кісілер: «Түлкі біздікі, үлкендік жолымыз бар» дейді. Тоқсан түлкіні бергісі келмей, Қазыбекке жүгініске барып, былай депті:
Еділден қашты бір түлкі,
Жайыққа дейін дем алмай,
Соңына ерген қанша жұрт,
Бәріде қалды ере алмай.
Тастайын ба далада,
Түлкіні соққан мен алмай?
Жеті адам дауға жүгінген,
Қиямет - қайын болғанда,
Шерменде болды жүрмеңіз
Төресін әділ бере алмай!
Қазыбек түлкіні Тоқсанның өзіне берілсең - деп кесім айтыпты.

******************************

Тоқсан би Әбіл байдың ауылының тұсынан өтіп бара жатса, байдың үш қызы күннің тым ыстықтығына шыдай алмай, суға түсіп жатыр екен. Сонда Тоқсан би қыздарға бұрылып былай депті:
Қамысы мына өзеннің қырық буын,
Естідім қамыс жақтан қыздың дуын,
Таң атпай ақшолақты суға салып,
Өзеннің бүлдірген аққан суын?
Сонда Әбілдің кіші қызы екі қолымен төсін басып тұрып, былай жауап қайырған екен:
Деген - ау бұқа буға, азбан дуға,
Өзенді арамсынсаң бетің жума.
Шешеңнің ұйытып қойған қатығындай,
Итаршы болғаның не ағын суға!
Тоқсан би сөзден тосылса да, қыздың ақылды жауабына риза болыпты.

Толық нұсқасын жүктеу
4 806
0
  • 100
1 дауыс


Жаңалықтар
Күнтізбелік тақырыптық жоспар Алгебра 9 сынып
Күнтізбелік тақырыптық жоспар Алгебра 9 сынып
Күнтізбелік тақырыптық жоспар Алгебра 9 сынып
Күнтізбелік тақырыптық жоспар Геометрия 7 сынып
Күнтізбелік тақырыптық жоспар Геометрия 7 сынып
Күнтізбелік тақырыптық жоспар, Геометрия 7 сынып
Қазақ әдебиеті Тақырыптық - күнтізбелік жоспар 7 сынып
Қазақ әдебиеті Тақырыптық - күнтізбелік жоспар 7 сынып
Тақырыптық - күнтізбелік жоспар. Қазақ әдебиеті 7 сынып
Қазақ әдебиеті Тақырыптық - күнтізбелік жоспар 6 сынып
Қазақ әдебиеті Тақырыптық - күнтізбелік жоспар 6 сынып
Қазақ әдебиетінен тақырыптық - күнтізбелік жоспар. 6 сынып
Математика бойынша күнтізбелік жоспар 2 сынып
Математика бойынша күнтізбелік жоспар 2 сынып
Математика бойынша күнтізбелік жоспар. 2 сынып
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×