Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Наурыз думан

15 наурыз 2014, Сенбі
Категориясы: Тәрбие сағаты
Жаршылар жар салып халықты тойға шақырады:
1 - оқушы – Ерлік
Тыңдаңыздар, тыңдаңыздар!
Босқа қарап тұрмаңыздар.
Наурыз тойы басталды.
Көргендер де армандар,
Көрмегендер де армандар,
Қызықтан тыс қалмаңдар!

2 -оқушы - Батихан
Салт - дәстүрмен жараса,
Қайта құрып жаңаша
Жарыса өнер көрсетіп
Той тойлайық тамаша!

3 - оқушы – Ч. Әли
- Тыңдаңыздар, тыңдаңыздар!
Ұлыс тойы басталды.
Наурыз туын көтеріп,
Жар салайық әлемге.
Көрмегендер көріңдер,
Естімегендер естіңдер
Дабылын оның қағайық
Шақырамыз бәріңді.

4 - оқушы - Алдияр
Ұлыстың ұлы күніне
Жиналыңдар алаңға
Кешігіп одан қалмаңдар!
Күміс көмей әншілер,
Құдіретті күйшілер,
Мың бұралған бишілер
Балтыры жуан палуандар,
Құралайды көзге атқан мергендер,

1 - жүргізуші: Арманбек
Сәлеметсіздер ме, қымбатты қауым! Ұлыстың ұлы күні құтты
болсын! Наурызға арналған мерекемізді бастауға рұқсат етіңіздер.
2 - жүргізуші: Раушан
Наурыз сөзі парсы тілінен енген. «Нау»- жаңа, «руз»- күн деген ұғымды білдіреді. Қазақстанда наурыз мейрамы 1926 жылға дейін тойланды да, тоқталып қалды. Тек, 1988 жылдан бастап ресми түрде қайта тойлана бастады. 1 - жүргізуші: Халқымыздың мифологиялық түсінігі бойынша Наурыздың 21 - күні түні даланы Қызыр аралайды екен. Сол себепті, осы түн – Қызыр түні деп аталады.
1 - жүргізуші: Арманбек
Осы түні жалғыз шала сәуле болмас деп төрге қос шырақ жағылып қойылады. Күн сәулесі жер шарының шығыс бөлігіне таңғы сағат 6 - да себезгілеп атқан кезде біздің өмірімізде бұл сәт түнгі сағат 3 - ке тұспа - тұс келеді. Сондықтан да қазақ халқы Жаңа жылды 22 - күні сағат 3 - те қарсы алады.
2 - жүргізуші: Раушан
Наурыз күнінің бір ерекшелігі - бұл күн көрісуден басталады. Ұлыс күні жеті түрлі тағамнан Наурыз көже пісіріледі.
1 - жүргізуші: Арманбек
Бүгінгі мерекемізге Жер - Ана, Қызыр баба, Наурыз - ару мен гүлдерді шақырайық!
Жер - Ана: (Шырын)
- Ей адамзат! Тәңірім жаратқалы мен бүкіл әлемді алақаныма салып, аялы бесігімде тербетіп келем. Міне сіздердің бар ғұмырыңыздың мәңгілік куәгері атанған қасиетті Жер - Анаңмын!
Сіздерді көп күттірмей Наурыз ару да, келіп қалар!
Наурыз - Ару: (Қарлығаш)
Армысыз, Жер - Ана. Менің келе жатқанымды қайдан сезе қойдыңыз!
Жер - Ана: (Шырын)
Пай - пай, Наурыз ару! Сенің лебізің бізге алыстан сезіледі емес пе? Сондықтан мен оянып, менімен бірге бар тіршілік оянды.
Наурыз - Ару: (Қарлығаш)
Оян тіршілік, оян! Мен келдім!
Жер - Ана: (Шырын)
Қызыр түні... Елімізді Қызыр баба аралап жүр! Ол адамзатқа дәулет дарытып, бақ қондырады! (Қыдыр баба аралап жүреді)
2 - жүргізуші: Раушан
Қызыр баба! Осында отырған барлығымызға бата беруіңізді сұраймыз!
Қызыр баба: (Қуаныш)
Үлкенің мен жасыңа
Береке қонсын басыңа!
“Наурызға” келген халайық.
Жамбылдың жетсін жасына.
Ырыс, дәулет мол болсын,
Жылда осындай той болсын.
Гүлдер: (Әсел, Жансая, Әнел)
1 - гүл: (Әсел)
- Е, білем биыл ұлу жылы
- Бүгін жер бетіне жақсылық ұялаған күн.
2 - гүл (Жансая)
- Бүгін - Самарқанның көк тасы еріген күн
3 - гүл (Әнел)
- Бүгін - Жер – Ананың тоң кеудесі жібіп, тіршіліктің оянған күні.
Хормен /Жер - Ана, Қызыр баба, Наурыз - ару, гүл қыздар/:
« Ұлыс оң болсын, қайда барсаңыз жол болсын!»
«Ақ мол болсын!»
«Қызыр дарысын, бақ қонсын!»
Наурыз құтты болсын!!!
Тойларда шашу шашу - салты еліміздің! (---------------- апай шашу шашады)
1 - жүргізуші: Арманбек
- Наурыз мейрам жүректерге нұр сепкен,
Маңдайымнан сүйіп жатыр күн көктем.
Жарығыңмен, шуағыңмен Күн Ана,
Алып келдің жер бетіне гүл көктем, дей келе қыздардың орындауында ----------- би
2 - жүргізуші: Раушан
Уа халайық, халайық! Сахнаның төріне төрт түліктің пірлерін шақырайық. Олардың да сөзін тыңдайық.

Шопан ата: (Олжас)
- Малды берсең, қойды бер,
Ұлды берсең, бойлы бер.
Жұртқа ақыл салғандай,
Ақылы артық ойлы бер.

Жылқышы ата: (Берік)
- Шаруаның бір пірі - Жылқышы ата,
Тілегенде өзің бер ақтап бата.
Үйір - үйір жылқыны шұрқыратып,
Ойдан - қырдан арқансыз әкеп мата.

Ойсыл қара: (Еламан)
- Шаруаның бір пірі – Ойсыл қара,
Түйені өсір жарқылдап болсын пана.
Ит, құс, пәле, індеттен аман сақтап,
Топ - топ қылып боталат аруана.

Зеңгі баба: (Сайранбек)
- Шаруаның бір пірі – Зеңгі баба,
Сиыр берсең, сүтті бер өңкей мама.
Кең өріске шұбыртып, өзің бағып
Кешке жақын қораға әкеп қама.

Шекшек ата: (Серхан Әли)
- Қойды көсем бастайтын
Өткелден үркіп саспайтын
Қарағай мүйіз серкелі
Шүйде жалды, желкелі
Сексек ата баласы,
Ешкі бассын үйіңде

1 - жүргізуші: Арманбек
Көрініс «Қуда түсу рәсімі» қабыл алыңыздар.
Жақсы қонақ келсе, құт келеді» - дейді. Ал, көршілер, арқан тартып, шашу шашып, қонақтарды қарсы алайық...
Келген қонақтарға арқан тартылып, шашу шашылып дастарқан басына жайғасып отырады.
Осы үйде той болғалы жатыр деп естідік. Құрметті үй иелері сіздің үйде айдай сұлу, нәзік, ажары – көркіне сай қыздарыңызға біздің үйдің бой десе бойы, ой десе ойы бар, білімі жоғары, біздің үйдің сал – сері жігіті сөз салып жүр екен. Сіздерде лашын бар, бізде сұңқар бар. Сол лашынды сұңқарға ілгізгелі келдік. Ата – бабамыздың дәстүрінің негізін сақтай отырып туған – туысымызды, көрші – қолаңымды жинап, сіздің қызыңызға құда түсіп, алдарыңыздан өтуге келдік. Жастар бір - бірін ұнатып, шаңырақ көтеруге бел буыпты, неге бізге осы екі жастың ниетін қолдамасқа. Бізді құп көрсеңіздер құдандалы болайық!
- Құрметті, құдалар! Атамыздан қалған: «Өлі разы болмай, тірі байымайды» деген сөз бар. Алдағы құдалығымыз баянды болсын деп өлтірі әкелдік. Соған батаңызды беріңіз.
"Өлі – тірі" - өлген аруақтарға арнап союға, етін елге үлестіруге арналған мал. Бұл арадағы өлі мен тірінің айтылуы: «Алдағы құдалық баянды болуы үшін екі жақ өлі мен тірінің алдында ант етеді» дегенді ұғындырады. Бұл малды бөгде біреу алады. Өлтірі өтіп болған соң екі жақ бірін – бірі құда дей берулеріне болады.
Ал, құдағи! Орамал тон болмайды, жол болады демекші сіздерге азын – аулақ әкелген сыйымыз бар еді, соны ұсынуға рұқсат етіңіздер» деп, ең бағалы кәдені қыздың әкесіне, содан кейін құдағи, құдашаларға үлестіреді. Содан кейін қазақ халқының салты бойынша қыз балаға болашақ енесі белгі ретінде сырға салады.
Қыз бен күйеу баланың әжелері ақыл - кеңес, өсиет сөздер айтады.
Ал, құлыным, қазақтың «Күтімді болам десең, жаңа отауға түс» деген сөзі бар. Құрғалы отырған отауларыңның шаруасына икемді бол. Оқыс мінез көрсетпе, тазалық сақта, бауырмал бол, сабырлы - салмақты бол, ата - анаңның ел - жұртыңның сенімін ақта, жаманат келтірме. Ол үйде мен сияқты әжең бар. Сол әжеңе сүйкімді келін бол. Ал құдағи, «ырыс алды - қыз» дейді ғой. Біздің қызымыз сіздің үйге тек бақ - береке әкелсін.
Құдағи «Келіннің өнегелі болуы енеден» деп бұрын шешем айтып отыратын. Өзімнің енем сондай бір салмақты, өнегелі, өмірден көрген, түйгені мол адам болатын

Я, Тәңірі - құдірет
Мал - бастарын аман ет.
Бастарына бер бақыт
Асына бер берекет
Өмір - жастарын ұзақ ет
Ұрпақтарын асыл ет!
Көрмей өссін қасірет
Өмірдегі жақсылықты
Дәл осы үйге нәсіп ет!
«Құдалар әнін» орындаумен жеткізеді:
2 - жүргізуші: Раушан
Күй орындайтын домбырашылар тобы қабыл алыңыздар.
---------------------------------------------------------------------------------------
1 - жүргізуші: Арманбек
Ән «Наурыз думан» (Қыздар, Алпамыс, Әділ, Алмас, Нұржан)
2 - жүргізуші: Раушан
Қазақтың тойы, мереке - мейрамы балуандар күресінсіз, күш сынасуынсыз өтпеген. Қазір балуандар күресін өткізбесек те, білек сынастырып, ұлдарымыздың мықтысын тағайындайық. Ортаға батыр ұлдарымызды шақырамыз!
1 - жүргізуші: Арманбек Ұлыс бақты болсын!
2 - жүргізуші: Раушан Әр күніміз жақсы болсын!
1 - жүргізуші: Арманбек Достығымыз берік болсын!
2 - жүргізуші: Раушан Еліміз аман, жеріміз тыныш болсын!
1 - жүргізуші: Арманбек Назарларыңызға көп рахмет! Наурыз тойы құтты болсын!
7 487
0
  • 60
2 дауыс


Жаңалықтар
Қош келдің Наурыз!
Қош келдің Наурыз!
Жамбыл облысы, Қордай ауданы. Бастауыш сынып ұстазы Серкебаева Макпал
Әліппемен қоштасу балы: "Әліппенің ар жағы - білім бағы"
Әліппемен қоштасу балы: "Әліппенің ар жағы - білім бағы"
Қарағанды облысы, "Балқаш қаласы жбб №15 орта мектебі,"КММ бастауыш сынып мұғалімдері: Толеуова Манира Мухаметкалиевна, Койшина Гакку Мынгышкызы, Сулейменова Жанар Нургаликызы, Кайдакешова Анар, Толеубаева Асем
Қош келдің, Наурыз,көктемім!
Қош келдің, Наурыз,көктемім!
Наурыз тойының ерекшелігін, табиғат пен адамның байланысын баланың жас ерекшелігіне байланысты өзін қатыстыра отырып түсіндіру.
Ғажайып қоржын
Ғажайып қоржын
Ақмола білім басқармасы АОБҚБА және ҚДИ тыңдаушылар курсының біліктілігін көтеруге арналған физика пәні мұғалімдерінің облыстық семинары. физика - математика мұғалімі Наушек Г.
Нұр себеле, Ұыстың ұлы күні!
Нұр себеле, Ұыстың ұлы күні!
О, жараңдар, жараңдар Бәрін мұнда қараңдар Наурыз тойы басталды Текке қарап тұрмаңдар
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×