Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Тәуелсіздік жыр әнім

29 сәуір 2014, Сейсенбі
Категориясы: Тәрбие сағаты
Тақырыбы: «Тәуелсіздік жыр әнім»
Мақсаты:
білімділік – еліміздің Тәуелсіздігі үшін күрескен және сол мақсаттарға жету барысында өздерінің елі, халқы үшін, жері үшін құрбан болған батырлардың ерлігі, оқушыларды елін, туған жерін халқын сүюге, патриоттыққа тәрбиелеу.
дамытушылық - оқушының тіл байлығын дамыту, есте сақтау қабілетін шыңдау, мәнерлеп оқуға баулу, ой – өрісін кеңейту;
тәрбиелік – Отан Ананы, Елді, Табиғатты, Жерді құрметтеуге, Тәуелсіздікті бағалай білуге, ұлтжанды, елжанды болуға тәрбиелеу.
Көрнекілік: желтоқсан қаһармандарының суреттері, тақырып жазылған плакат т. б.
Құрметті ұстаздар, оқушылар! Сіздерді еліміздің басты мерекесі 16 – желтоқсан Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік алған күніне арналған «Тәуелсіздік жыр әнім» атты мәнерлеп оқу ашық тәрбие сағатымызды бастауға рұқсат етіңіздер.
Бұл ашық тәрбие сағатында Отан, Жер, Ел, Табиғат, Қазақстан кең байтақ қалаларымыз туралы көптеген жырлар оқылмақ.
Бүгінгі Тәуелсіздікке халқымыз оңайлықпен жеткен жоқ. Бұл күнге бір жағадан бас, бір жеңнен қол шығарған бірлігіміздің арқасында жеттік. Жеріміздің кеңдігіне қызыққан дұшпандар аз болмады. Амалсыз Ресейдің қарауына кірдік.
Ресей империясының орнын басқан Кеңес Одағы кезінде тарих доңғалағы өз жүрісінен жаңылып, дағдарысқа түсті.
Төл тарихымыздың қанына біткен төзімдігі бұл сыннан да мойымай, жасымай, өзге ұлттардың өкілдерімен достығын, татулығын ту етіп, сағын сындырмай аман өтті. 1986 жылғы жастар ерлігі дүниені дүр сілкіндірді. Алматы қаласында болған бұл әйгілі «желтоқсан оқиғасы» қызыл империя жүрегіне мірдің оғындай болып қадалды.
1986жылы 18 минутқа созылған Қазақстан Орталық Комитетінің V пленумін халық пен санаспай мәскеуліктердің өздерінің шешуі. Ширек ғасыр басқарған Дінмұхамед Ахметұлы Қонаевты орнына Қазақстанға үш қайнаса сорпасы қосылмайтын, Ульянов облыстық партия комитетінің хатшысы, көп инженерлердің бірі Колбиннің сайлануы халық ызасын тудырды.
Жыл артынан жылдар жүйткіп, уақыт шіркін толассыз зымырап өтіп жатыр. Енді міне дауыл тербеген теңіздей буырқанып, жолдағысының бәрін ырғалта шайқалтып сол бір қастерлі де қасіретті күндермен бірге 26 жыл да тарих қойнауына тартып барады.
Желтоқсан бастауы – ғасырлар қойнауына жалғасып келе жатқан ұлы тарихтың бір елесі.
Тәуелсіздік оңайлықпен келмеді,
Бізге бұны ешкім аяп бермеді.
Тәуелсіздік – Қайрат, Ләззат, Ерболдың
Тас көшеде тас – талқан болып өлгені.
Орны ағалардың бізбен толсын,
Сәбилер ағалардың орнын қусын.
Бір минут үнсіздікпен еске алайық,
Әруағы ағалардың ырза болсын.
(бір минут үнсіздік.)
Тәуелсіздік, Тәуелсіздік – жыр әнім,
Ел іргесі берік болсын – ұраным.
Тәуелсіздік - өзіңді еркін сезіну.
Салт – дәстүрім – қолдан түспес құралым.
Тәуелсіздік не деп оны түсіндік,
Тәуелсіздік – ар – ожданым кісілік.
Адамға адам жолдас, бауыр туыс бол,
Ел – жұртының алма құнын түсіріп – дей отырып ендігі кезегімізді «Тәуелсіздік жыр әнім» атты мәнерлеп оқу ашық тәрбие сағатымызға берейік.
Қос ішектің бірін қатты,
Бірін сәл – пәл кем бұра.
Нағыз қазақ қазақ емес,
Нағыз қазақ – домбыра? – дей отырып ортамызға күші қызымыз Әлімжомартова Айдананы «Қосалқа» күйімен шақырамыз.
Қазақстан дейтін менің бар елім,
Жатыр алып жарты дүние әлемін.
Бұл даланы көріп алғаш қуанғам,
Бұл далада өскен жанда жоқ арман – дей отырып ортаға Отаралина Әселді «Астана»
Авторы: Ж. Батайұлы
«Туған өлкем»
Оқитын: Есетова Мариям
Авторы: Қ. Аманжолов
Оқитын: Мұқанбетжанов Рахат
Таңдай қаққан шартарап,
Көк туымдай бар ма бақ?!
Қыран самғап барады
Күнді иыққа арқалап!
Елтаңбасы елімнің
Неткен әйбат, әдемі.
Тұнығындай көгілдір,
Ортада аспан әлемі.
«Қазақстан»
Оқитын: Әділова Назерке
Авторы: М. Мақатаев
«Ақтық сөзі»
Оқитын: Сахит Мұратбек
Авторы: Қайрат Рысқұлбеков
Өнері өрге жүзсін талаптының
Талантты талмай ұшар қанаттының
Әлди әуен әдемі өнер атты
Шарпып өтсін лебімен қанаттының дей отырып ортаға Сенбі Нұрдәулетті «Отаным» әнімен шақырамыз.
Өзіңді туың да,
От пен ауа суың да.
Жаса Қазақстаным,
Белді бекем буын да – дей отырып ортаға Әділова Айданы
«Қазақстан»
Авторы: Қ. Аманжолав
Оқитын: Бектемірова Лайық
Желтоқсан жас арудың жанарында,
Желтоқсан қанды ғасыр табанында.
Желтоқсан жаңа ғұмыр бастаған да,
Бүгінгі жас буынның санасында.
Отаным Қазақстан – алтын бесік,
Мінекей ұлы жолға түсті келіп.
Ағайын, бар тілерім бір Алладан:
Тұғырым мықты болсын Тәуелсіздік.
«Туған өлкем»
Оқитын: Амангелдина Аружан
Авторы: Қ. Жұмағалиев
Оқитын: Есетова Мариям
Күй - халықтық мұрамыз,
Бабадан қалған бұл аңыз.
Жүрегіне қона алса
Оған тәуба қыламыз
Күй: «Кеңес»
Орындайтын: Әлімжомартова Айдана
Тәуелсіздік - менің байтақ Отаным,
Бір өзіңсіз Мұхтар, Абай, Шоқаным.
Тәуелсіздік – сәбилердің шаттығы,
Тәуелсіздік – ақ батасы атаның.
Тәуелсіздік, Тәуелсіздік жыр әнім,
Көк байрағым, Елтаңбам, Әнұраным.
Атыңнан айналайын Тәуелсіздік,
Қолда елімді қасиетті Құраным.
«Сүйемін, Өскен Отаным»
Оқитын: Ізбасарова Динара
Авторы: М. Мақатаев
Оқитын: Әділова Назерке
Ержүрек ел қайтпайтын от пен судан,
Еңбек етсе аққан тер бетін жуған.
Небір дана ақын мен батырларды
Халық үшін қаһарман қазақ туған.
Ортаға биші қыздарымызды «Қаражорға» биімен шақырайық.
Оқитын: Сенбі Нұрдәулет
Оқитын: Амангелдина Аружан
«Қазағым менің»
Оқитын: Әлімжомартова Айдана
Авторы: К. Ахметова
Оқитын: Әділова Айда
«Туған өлкем»
Оқитын: Бектемірова Лайық
Авторы: С. Сейфуллин
Оқитын: Өмірзақова Айзат
Көк аспандай көгілдір
Қазақстан байрағы.
Нұрын күндей төгіп тұр
Жылдарымыз жайдары.
Көк байрақтың бетінде
Қыран бүркіт қанатты.
Сол қырандай еркіндеп
Бала өседі талантты.
«Астана»
Оқитын: Отаралина Әсел
Аторы: Е. Өтетілеуұлы
Кез емес жаугершілік «аттан» атты,
Алаңның шеруі емес салтанатты.
Қытымыр қыстың басы сол бір айда
Желтоқсан желі әлемді жалт қаратты
Ән: «Желтоқсан желі»
Орындайтын: Есетова Мариям
«Отан»
Оқитын: Сағымбаев Алмат
Аторы: Е. Өтетілеуұлы

Мен қазақпын, биікпін, байтақ елмін,
Қайта тудым, өмірге қайта келдім!
Мен мыңда бір тірілдім мәңгі өлмеске,
Айта бергім келеді, айта бергім!
Ендеше мерекелеріңіз құтты болсын! Біздің еліміздің белгісі әнұранымыз орындалсын.(хор)
Шайқалмасын ешкімнің шаңырағы.
Бақыт көрсін елімнің әр ұланы,
Енді ағайын, көгінде қалықтасын
Қазағымның қастерлі әнұраны – дей отырып құрметті ұстаздар мен оқушылар келесі кездескенше! Сау – саламат, бай - қуатты болайық! Тәуелсіздік тұғырымыз мықты болсын. Алдағы мереке құтты болсын. Осындай тілекпен бүгінгі ашық тәрбие сағатымызды аяқтаймыз.
12 671
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Елімнің ертеңі – Тәуелсіздік
Елімнің ертеңі – Тәуелсіздік
Еліміздің Тәуелсіздігі үшін күрескен және сол мақсаттарға жету барысында өздерінің елі, халқы үшін жас өмірін қиған аға ұрпақтың ерлік істерімен таныстыру. Оқушының тіл байлығын дамыту, есте сақтау қабілетін шыңдау, мәнерлеп айтуға баулу, ой -
Елімнің еркіндігі - тәуелсіздік
Елімнің еркіндігі - тәуелсіздік
Маңғыстау облысы, Түпқараған ауданы, Сайын Шапағатов елді мекені, №1 мектеп - лицей жанындағы "Балдәурен" шағын орталығы тәрбиешісі: Төребаева Гүлзада Тұрлыбайқызы
Тәуелсіздік – тұғыры
Тәуелсіздік – тұғыры
Шығыс Қазақстан облысы, Жарма ауданы, Суықбұлақ орта мектебінің бастауыш сынып мұғалімі Матина Жанар Ескендровна
Тәуелсіздік - қазақтың сан ғасырлық арманы
Тәуелсіздік - қазақтың сан ғасырлық арманы
Қарағанды облысы, Жаңаарқа ауданы, №132 орта мектебінің тарих пәнінің мұғалімі Мұхамеджанов Мейіржан Оразханұлы
Тәуелсіздік - ел тілегі
Тәуелсіздік - ел тілегі
Ақтөбе облысы, Шалқар ауданы, ГКС-12 орта мектебінің мектепалды даярлық тобының мұғалімі Тулебова Назира Джеткергеновна
Тәуелсіз Қазақстан
Тәуелсіз Қазақстан
Астана қаласы, №63 «Әсем - Ай» балабақшасының «Алпамыс» шағын орталығының тәрбиешісі Нұрманова Гүлжан Орынбайқызы
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×