Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Ардақты анашым

03 мам 2014, Сенбі
Категориясы: Тәрбие сағаты
Сабақтың мақсаты: дүниедегі жақсылық атаулының барлығы күннің нұрынан, ананың
мейірімінен тарайтынын ұғындыру, ананы қадірлеп сыйлай білуге, мейірімділікке тәрбиелеу, аналар мерекесіне орай құрмет көрсету.
Көрнекілігі: қанатты сөздер, слайдтар, шар, гүлдермен.
Сабақтың формасы; аралас, қазақ тілі және орыс тілінде жүргізіледі.
Барысы.
Мұғалім сөзі: Ана - жүрек, жүректі құдіретте.
Ана - тірек, тіректі құрметте,
Ана - шыңың, шыңыңа сағынып жет.
Ана - күнің, күніңе табынып өт.- деп сіздерді бүгінгі 8 - наурыз Аналар мерекесімен құттықтай отырып, сіздің отбасыңызға зор денсаулық, мол табыс тілеймін.
1 - жүргізуші: Құрметті ата - аналар, ұстаздар, көктемнің шуақты күндерімен қатар келіп
жатқан төл мерекелеріңіз құтты болсын! Сіздерге зор денсаулық, қажымас қайрат, отбасыларыңызға береке - бірлік, еңбектеріңізге табыс тілейміз. Осы мерекеге орай ұйымдастыруымен өткелі отырған Ардақты анашым атты мерекелік ертеңгілігімізге қош келдіңіздер!
2 - жүргізуші: Ана. Үш - ақ әріптен құралған осынау бір сөздің астарында қаншама мән
жатыр десеңші! Тіршіліктің қайнар көзі, мейірімнің қайнар бұлағы Анадан қасиетті, анадан киелі ештеңе жоқ. Ана - әрбір адамның жарық дүниедегі ең жақыны, жанашыры, қадірлісі, қамқоршысы, ақ сүтін беріп аялаған, жанын да аямаған ардақтысы. Кез - келген адамның әдептілігі мен жан дүниенің сұлулығы өсірген ең алдымен балаға ақ сүтін беріп әлпештеген өсірген ана жүрегінің жылуынан басталады. Бала бойындағы ең жақсы қасиеттер бізге
алдымен анадан тарайды; Ананың нәзік үні, жұмсақ аялы алақаны, жан жылуымен аялауы, бізді әлдилеп жұбатуы.
3 - жүргізуші: Уважаемые родители! Сегодня этот замечательный праздник отмечают во
всех уголках земли. Это праздник 8 - Марта. Поздравляю Вас всех с праздником и желаю крепких здоровий, счастье в семье, успехов в работе и вечной молодости.
В марте есть такой денёк
С цифрой словно кренделёк,
Кто из вас ребята знает,
Цифра что обозначает?
Дети хором скажут нам.
Это праздник наших мам.(хором)
4 - жүргізуші: Нәресте өмірінің нәрі - ана сүті. Халқымыздың байырғы ұғымында баланың
анасы алдындағы парызын өтеуі «Ана сүтін ақтау» деп аталады. Оның жөнін халық «Ана сүтін анаңды Меккеге үш рет арқалап апарып келсең де өтей аалмайсың» деп түсіндіреді.
2 - жүргізуші: Келесі кезекті оқушылардың ана туралы жаттаған өлеңдеріне береміз.
( Диас, Айшагул, Нұршат, Жасмин, Ислам, Нұрдаулет, Гулнұр, Нұртілек)
Оқушылар: ұлдардың атқарылуында ән «Алтын анам».
Диас: О, Анам, Алатаудай асқарымсың,
Жазылмаған өлеңім, дастанымсың,
Кеудеме сыймай жүрген жұмбақ сырым
Әрдайым өзің үшін ақтарылсын.
Мен үшін орның бөлек бұл өмірде,
Анашым, нұр шашасың жүрегімде.
Сен болмасаң осылай бақытты боп
Жарқылдап, шалқып, тасып жүремін бе?!

1 - жүргізуші: Әрбір ана отының өшпеуін, бақытының көшпеуін, шаңырағының құламауын,
сәбиінің жыламауын, сұм соғыстың болмауын, өз перзентін «Асылым мен алтыным, жасыл желек жарқыным, аспандағы жұлдызым, маңдайдағы құндызым» деп өмір бойы, күні - түні перзентінің тілегін тілейді. Не деген құдіретті мейірім десеңші!
2 - жүргізуші: Баласы үшін анасы бармайтын құрбандық барма? Ана болу - бүкіл өміріне
кететін ұлы рухани күш пен ерен еңбек. Өз баласын бағып қағуда ана өзін -
өзі ұмытып барлық күш - жігерін сарқа жұмсайды, бұдан оның жаны байи, нәрлене түседі. Адам «адам» болғысы келсе, алдымен ананы қастерлей білуі керек. Өмірде ана алақанының қызуы мен әке - шеше мейірімін тоя жеген тамақ та, шипасы күшті дәрі де алмастыра алмайды.
Келесі кезекті оқушылардың ана туралы жаттаған өлеңдеріне береміз.

Би « Қара жорға».
Айшагул: Чей сегодня день рождения..
Для кого пекут пирог?
Для кого расцвел весенний.
Первый мартовский цветок?
Для кого? Для кого?
Отгадайте сами!
И пирог и цветок.
Мы подарим...........
Маме!!!! (Дети хором)
Гулнұр: Ардақты ана, аяулы ана, қымбаттым,
Тәтті ұйқыңды бөліп талай түн қаттың,
Өміріме нәрін берді ақ сүтін,
Кең құшағын аясындай гүл бақтың.
Мен өзіңмен қайда болсам біргемін
Махаббатың жүрегімде жүр менің.
Күн нұрындай жадырай бір күлгенің,
Қандай жақсы ортамызда жүргенің!

3 - жүргізуші: Дети - самое дорогое для матери. Ее счастье - в счастье детей. Нет ничего
более чистого и святого, чем любовь матери к ребенку. Мать - первый учитель
и друг самый близкий. Она всегда поймет, утешит, поможет в трудные
минуты, защитит и оградит от неприятностей. На свете нет ничего дороже и
роднее матери.
Дорогие наши мамы,
Заявляем без прикрас,
Что ваш праздник самый, самый,
Самый радостный для нас!
4 - жүргізуші: Алайда Ананың көңілі балада, баланың көңілі далада демекші, өзінің
перзенттік борышын түсінбеген, сөйтіп анасын жерге қаратып, көкіректерін
қарс айырғандар бұрын да болған, қазір де жоқ емес.
Топ оқушыларының « Соқыр ана» атты көрінісінен тамашалаңыздар.
Автор - Гулнұр, бала рөлінде - Дуйсенғали, соқыр ана рөлінде - Гүлімжан.
Теңіздей тербетіліп көл бетінде,
Бишілер билеп кетті тербетіле
Аққудай қалықтаған теңіздегі
Бишілер өнерлерін көрсетуде
« Аққу» биі орындалады.

1 - жүргізуші; Ана - отбасының негізгі діңгегі, бастапқы дәнекері. Дәстүрлі қазақ отбасында ананың қадірі жайлы ерекше айтылған. Тіршіліктің қайнар көзі, махаббаттың шуақ күні, мейірімнің кәусәр бұлағы - Ана есіміне қатыссыз дүниеде қасиетті ештеңе жоқ. Сондықтан ананы ардақтамайтын халық та жоқ. Ана баланы тоғыз ай көтеріп, толғатып, дүниеге келтіріп қана қоймайды;
Бала, бала, бала деп
Түнде шошып оянған.
Түн ұйқысын төрт бөліп,
Түнде бесік таянған.
2 - жүргізуші; Баласына көзінің қарашығындай қорғап, аялап өсіріп, аяғынан тік тұрғызатын
да ана. Халықтың халықтығының басты нышаны - туған елінің тілін үйретіп,
сазына қандыратын да ана. Сондықтан ұлттың рухани өзегі, қан тамыры болып табылатын тілі Ана тілі деп аталады.
2 - жүргізуші; Келесі кезекті оқушылардың ана туралы жаттаған өлеңдеріне береміз.
3 - жүргізуші; Уважаемые родители и учителя. В послании президента народу говорилось,
что каждый обучаюший личность должен овладеть тремя языками, будущее
в их руках, мы живем в дружбе, в мире и любви этносом разных нации.
А теперь частушки в исполнении мальчиков и девочек. (парами)
Нұртілек, Жасмин; Дорогие наши мамы,
Мы частушки вам споем,
Поздравляем с 8 - Марта.
И привет горячий шлем. В женский день 8 - Марта.
Папа сам варил обед,
И, скажу вам посекрету,
Натворил немало бед.
Жандарбек, Қамар; Вот почистить раз в году
Я решил сковороду.
А потом четыре дня
Не могли отмыть меня. Целый день 8 - Марта
Лена пол мела с азартом
А девятого числа
Веник в руки не взяла.
Ислам, Гулдаурен;; Кипятила молоко
Отошла недалеко
Подхожу к нему опять
Молока уж не видать Подгорели суп и каша
Соль насыпана в компот
Как пришла с работы мама
Было много ей хлопот.

4 - жүргізуші; Төгілген маған мейірімің - бейне шуағың,
Сарқылмас мәнгі ән салған бастау бұлағың,
Жасашы, Ана, жасашы; менің тілерім,
Қанатың қомдап ұшса да биік ұланың.
Топ оқушыларының орыс тілінде ән Улыбка.
1 - жүргізуші; Ана мен бала ортасындағы жағдайдан көрініс.
Арман 9 жаста. Анасының тапсырған ұй жұмыстарын орындағысы келмей қабағы түседі. Анасына мынадай хат жазады. Ана, маған ұй жұмыстарын істеткеніңіз үшін төмендегідей қарызыңыз бар.
Нанға барам - 50теңге, бөлмемді жинадым - 100теңге, 5 алдым - 50теңге,
қоқыс төктім - 100теңге, компьютер ойнамадым - 50теңге, киімдерімді реттедім - 100т, құлайын деп тұрған ыдысты ұстап қалдым - 50 теңге, кір киімдерімді кіржуғыш машинаға салып қойдым - 50теңге. Барлығы; 550 теңге қарызыңыз бар.
Уақытысында төлемесеңіз үстеме қосатынымды айтып қояйын!
2 - жүргізуші; Анасы Арманға мынадай жауап жазады.
Саған ана сүтін бердім 0 теңге, түнде әлсін - әлсін оянғаныңда қасыңда болдым 0 теңге, ауырып қалсаң қасыңнан кетпедім 0теңге, түсінбеген сабағыңды түсіндірдім 0теңге, сен қуансаң бірге қуандым 0теңге, сені қандай да болсын жамандықтан қорғауға тырыстым 0 теңге сені еркелеттім 0теңге, ұнататын заттарыңды алып бердім - 0теңге.
4 - жүргізуші; Анашым, сенсің мәңгілік менің тірегім,
Мен үшін пана нұрлы әлем сыйған жүрегің.
Еңбегіңді ақтап аялап өтсем тек сені,
Болмас - ты басқа перзенттік менің тілегім.
1 - жүргізуші; Ана - жұмақ, мен - шуақ, саябағы
Ана - шырақ, мен сұрақ санадағы.
Ана - теңіз, мен - қайық тербетілген
Ана - бұлақ, мен - құрақ жағадағы.
2 - жүргізуші; Армысыздар, ару апалар, абзал ана,
Анаға тең келетін бар ма дана.
Мерекең бүгінгі күн құтты болсын,
Қуанышпен құшақтарға гүлдер толсын.
3 - жүргізуші; Желаем дней счастливых, ясных
Побольше света и добра
Здоровья, радости успехов,
Покоя, счастья и тепла!

4 - жүргізуші; Ана - біздің баға жетпес асыл байлығымыз. Осы баға жетпес асылымызды
қадірлеп, көңіліне кірбің түсірмей аялай білейік, достар!
Біргелікте топпен; Я, ТЫ, ОН, ОНА.
Вместе целая страна,
Вместе дружная семья,
В слове МЫ сто тысяч Я!
Пусть вегда будет солнце!
Пусть всегда будет небо!
Пусть всегда будет МАМА!
Пусть всегда будем МЫ!!!
Құрметті аналар, бүгінгі ертеңгілігімізді аяқтай отырып, сыныптас қыздарымзға
дайындаған сыйлығымызды тапсыруға рұқсат етуіңізді сұраймыз.
9 591
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Ардақтысың сен – ана! мерекесі
Ардақтысың сен – ана! мерекесі
Музыкалық тақырыптық шығармаларды сауатты орындау арқылы балалардың рухани мәдениетін қалыптастыру. Анаға, әжеге деген сүйіспеншілікті ән құдіретімен жеткізу. аналарымызды сыйлауға тәрбиелеу.
8 - наурыз Аналар мерекесі
8 - наурыз Аналар мерекесі
Көктемнің шуақты күндерімен сабақтаса келетін бұл мейрамды тойламайтын халық жоқ. Бәріміз де анамыздың ақ сүтінен нәр алып, өсіп келеміз. Құрметтесек – ананы құрметтейік дегендей. Құрметті аналар!
Ару ана - асыл ана
Ару ана - асыл ана
№3 орта жалпы білім беретін қазақ мектебінің мұғалімі Г.И.Есенова
Ардақты менің анашым
Ардақты менің анашым
Ақмола облысы, Аршалы ауданы, Анар станциясы, Анар орта мектебінің бастауыш сынып мұғалімі Хабас Алтынгүл Мақсаты: Адамгершілік қасиеттерін қалыптастыру мақсатында білімге деген қызығушылығын артыру. Оқушылардың мәнерлеп оқу, сөйлеу мәнері, ән - би
Шуағын шашқан - "Аялы алақан"
Шуағын шашқан - "Аялы алақан"
Шуақты көктем келді гүлін алып Көктемнің мерекесі бүгін анық. Өмірдің көктемі де, гүлі – Аналар Ана деп бас иеді күллі халық.
Сарқылмайтын жылылық, ана аты - ұлылық!
Сарқылмайтын жылылық, ана аты - ұлылық!
Мейірімі мол, білім мен тәрбиенің қайнар бұлағы – аяулы ұстаз апайлар! Қыр гүліндей құлпырған ару қыздар, қызғалдақтай жайнаған құрбы - қыздар, қарындастар!
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×