Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Тәуелсіздік – тынысың, бүгінгі дәулетің, ертеңгі ырысың

30 қараша 2019, Сенбі
Категориясы: Тәрбие сағаты
«16 - шы желтоқсан - Тәуелсіздік» күніне арналған мерекелік - концерттік іс - шараның жоспары
Тақырыбы: «Тәуелсіздік – тынысың, бүгінгі дәулетің, ертеңгі ырысың»
Мақсаты:
- Тәуелсіздіктің 28 - жылдық мерекесіне орай мерекелік шара ұйымдастыру арқылы 1986 жылғы желтоқсан оқиғасының маңызы жайлы, аталарымыз аңсаған тәуелсіздігіміздің мазмұнының тереңдігінен сыр шерту;
- Білім алушылардың тіл байлығын, сөйлеу мәдениетін, өнерін дамыту;
- Өз елінің тарихын білуге, отанын сүюге, ұлтаралық достыққа, ерлікке баулу, патриоттық тәрбие беру.
Түрі: дәстүрден тыс, әдеби - музыкалық кеш
Көрнекіліктері: тақырып жазылған баннер, ноутбук, проектор, бейнедискілер мен слайдтар
Мерекелік - концерттік кештің барысы:
(Құрманғазының «Сарыарқа» күйі орындалып тұрады. Сахнаға жүргізушілер шығады)

І - жүргізуші: О, кең дала!
Ен қызыққа батқаның
Шалқып толқып, бақытты боп жатқаның.
Халқымыздың қуанышын молайтқан
Егемендік сенің алып жатқаның.

ІІ - жүргізуші: Жеткен арман, жаса тәуелсіздігім
Өз қолыма берген ерік тізгінін
Ие болған әлем ілтипатына
Дербес, бейбіт мемлекетпіз біз бүгін.

І - жүргізуші: Қына көктеп қоңыр қырдың тасында,
Бастағандай көгім бүгін ашыла
Еңсесі тік, егеменді ел болып,
Бақыт қонды қазағымның басына.

ІІ - жүргізуші: Сарыарқа сайран төріміз,
Кең байтақ біздің жеріміз.
Егемендікке қол жетіп,
Тәуелсіз болды еліміз.

І - жүргізуші: Ұмытпаймыз біздер әрқашан
Тағдырдың берген бұл сыйын
Еліміз болып тойлаймыз
Тәуелсіздіктің біз күнін!

ІІ - жүргізуші: Тәуелсіздік ырысым мен қазынам!
Ол - әсем ән,
Жан тынығар сазынан.
Әнұраным шалқығанда асқақтап
Жаздай жайнап
Құрысымнан жазылам.

1. Әнұран. («Менің Қазақстаным» - ҚР әнұраны орындалады)
І - жүргізуші: Желтоқсан оқиғасы… Осы бір ауыз сөзден әлі күнге дейін ызғар есіп
тұрғандай. Оны еске алған сайын арқамызды аяз, маңдайымызды мұз, табанымызды сыз қарығандай күй кешетініміз рас. 1986 жылғы Алматыдағы желтоқсан оқиғасы қазақ топырағына ұлттық санасын, намысын жігер отына жанған жаңа да қайсар ұрпақтың келгенін әйгілеген еді.

Астана қаласы әкімдігінің
«Көпбейінді колледжі» МКҚК
тарих пәнінің оқытушысы
Усманова Гулжан Камбаровна

Толық нұсқасын жүктеу
21 910
0
  • 0
0 дауыс
Загрузка...
Оқи отырыңыз
16 желтоқсан – Тәуелсіздік мерекесіне байланысты атқарылатын іс - шара сценарийі «Тәуелсіздік – елдігімнің бастауы»
16 желтоқсан – Тәуелсіздік мерекесіне байланысты атқарылатын іс - шара сценарийі «Тәуелсіздік – елдігімнің бастауы»
Тәуелсіздік, тәуелсіздік – жыр - әнім Ел іргесі берік болсын – ұраным Тәуелсіздік – өзіңді еркін сезіну Салт - дәстүрім – қолдан түспес құралым.
Тәуелсіздік – ата бабам аңсаған
Тәуелсіздік – ата бабам аңсаған
Жезқазған қаласы, №10 орта мектебінің бастауыш сынып мұғалімі Батаева Зағира Карабековна
Желтоқсан желі
Желтоқсан желі
Бұл тәрбие сағаты 1986 ж. 16 - 17 желтоқсан күндері болған желтоқсан оқиғасына, онда бейбіт ереуілге шыққан, сонымен тарихта аты қалған желтоқсан көтерілісіне қатысушыларға, онда қаза болғандардың рухына арналады.
Тәуелсіздік - қазақтың сан ғасырлық арманы
Тәуелсіздік - қазақтың сан ғасырлық арманы
Қарағанды облысы, Жаңаарқа ауданы, №132 орта мектебінің тарих пәнінің мұғалімі Мұхамеджанов Мейіржан Оразханұлы
Тәуелсіздік - тәу етер тұғырым (әдеби кеш)
Тәуелсіздік - тәу етер тұғырым (әдеби кеш)
Ақтөбе қаласы, №33 қазақ орта жалпы білім беру мектебінің қазақ тілі мен әдебиет пәні мұғалімі Бисенбай Ақмарал Жексенбайқызы
Желтоқсан жаңғырығы - егемендік
Желтоқсан жаңғырығы - егемендік
Қызылорда облысы, Қазалы ауданы, Қазалы ауылы, №100 орта мектебінің химия пәні мұғалімі Файзуллаева Әсем Тұрақбайқызы
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.