Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Білімнің шықтым шыңына

17 қазан 2012, Сәрсенбі
Категориясы: Тәрбие сағаты
Қызылорда облысы, Қазалы ауданы,
Қазалы ауылы, №100 орта мектептің кітапханашысы
Тәжиева Алтынай Шәймерденқызы

Тақырыбы: Білімнің шықтым шыңына
Мақсаты: Оқушылардың сабаққа деген қызығушылығын арттырып, білім қабілетін тексеру, сыныптың көшбасшысын анықтау.
Көрнекілігі: Нақыл сөздер, жұмбақтар, мақал - мәтелдер, плакат, интерактивті
тақта.

Жүргізуші: Уа, халайық, халайық,
Бәріңе жар салайық.
Бүгінгі кеш төрінде,
Көшбасшының елінде,
Есеп шешіп жарысып,
Жұмбақ шешіп аңдысып.
Шабытталып, шалқысып.
Көңілді кеш жасайық,
Мұнда қызық табылар,
Жұмбақ, есеп бәрі бар.
Ал, сайыскер, балалар,
Білімдеріңді сынайық,
Төртінші сыныптың
Көшбасшысын табайық!

Құрметті ұстаздар, оқушылар, сіздерді 4 сынып оқушыларының арасында өтетін «Төртінші сынып көшбасшысы» атты танымдық ойын сабағын көруге шақырамыз. Танымдық ойын сабағымызды әділ бағалап, 4 сыныптың көшбасшысын анықтап беру үшін әділ - қазылар алқасын сайлап алайық.
Жүргізуші: Біреуінің жүрегінің түгі бар,
Біреуінің арқалап жүрген қоғамдық жүгі бар.
Бәрінен де ең бастысы барлығының,
Қатты істейтін миы бар – дей келе енді осы сайыскерлерімізді таныстырып өтейін.

Жүргізуші: Ғылымның сырын ұғына
Шығыңдар білім шыңына.
Ұқыптылықпен зеректік.
Жеткізер сіздей өренді,
Математика сырына
Қадамдарың оң болсын,
Сәт - сапар енді тілейік.
Ойынымыз 9 турдан тұрады. Әрбір дұрыс жауап үшін қатыспаушыларға 5 ұпайдан беріледі. 2 турдан кейін ұпайы төмен екі оқушы, қалған турлардан кейін 1 оқушыдан шығып отырады. Ең соңында бір оқушы, яғни көшбасшы қалу керек. Олай болса сайысымызды бастайық.
І тур: «Бәйге»
Барлық оқушыға бірдей 20 сұрақ қойылады. Білген оқушы қол көтеріп жауап береді.
Сұрақ:
1. 16 желтоқсан қандай мереке? (Тәуелсіздік күні)
2. Қ. Р конституциясы қашан, қай жылы қабылданды? (30 тамыз, 1995 ж)
3. Бір жылда неше ай бар? (12 ай)
4. 64 қай санның квадраты? (8 санының)
5. «Кел балалар оқылық» өлеңінің авторы? (Ы. Алтынсарин)
6. Елімізідің рәміздерін ата? (Елтаңба, ту, әнұран)
7. Әнұран авторлары? (Ж. Нажмадинов, Н. Назарбаев, Ш. Қалдаяқов)
8. Қазақ алфавитінде қанша әріп бар? (42)
9. Қазақ әліпбиінің атасы? (А. Байтұрсынов)
10. Қазақта жаңа жылды қай айда тойлайды? (наурыз)
11. Жыл санаудағы жыл басын ата? (тышқан)
12. Сәулелі жұлдыз іздеген адам? (Ш. Уәлиханов)
13. Балаға ең жақын адам кім? (ана)
14. Ұлттық валютамыз не? (теңге)
15. Домбырамен күй шертетін адам кім? (күйші)
16. Жыл мезгілдерін ата? (қыс, көктем, жаз, күз)
17. Оқушыны оқытатын маман кім? (мұғалім)
18. Жеңіс күні мерекесі қай күн? (9 мамыр)
19. Қ Р мемлекеттік тілі? (қазақ тілі)
20. Ең әділ, ең сенімді, ең шыншыл досың? (кітап)
Жүргізуші: Енді сайысымызды әрі қарай жалғастырамыз.

ІІ тур. «Көкпар»
Мұнда математикаға байланысы сұрақтар қойылады. Бұл қойылған есептерді ауызша шығарып жауап береді. Дайын оқушы қол көтеріп жауап береді.
Сұрақ.
1. Ұзындығы 9 см, ені 7 см тіктөртбұрыштың ауданы нешеге тең? (63)
2. Шаршының 1 қабырғасының ұзындығы 8 см, ауданы нешеге тең? (64)
3. Тіктөртбұрыштың ұзындығы 11 см, ені 8 см периметрін тап? (38)
4. Тіктөртбұрыштың ауданы 16 см2, ені 2 см ұзындығы нешеге тең? (8 см)
5. Бірдей 9 ыдыста 45 кг бал бар. Осындай 12 ыдыста неше кг бал бар? (60 кг)
6. Әлібек 1 айда 7 қызықты ертегі оқиды. Осы қарқынмен 1 жылда қанша кітап оқиды? (84)
7. 100 саны шығу үшін 55 - ке қандай санды қосу керек? (45)
8. 10 – ды он есе арттырып, оған 99 қос? (199)
9. Ең үлкен 4 таңбалы санға 1 - ді қоссаң неше шығады? (10 000)
10. 2700: х = 9
«х» нешеге тең? (300)
11. Доп ойнауға жиналған 12 бала 2 топқа тең бөлінді. Әр топта неше бала болды? (6)
12. Асық ойнауға келген 4 баланың әрқайсысының бес - бестен асығы болды. Балаларды барлығы неше асық бар? (20)
13. 200 бен 300 сандарының қосындысын 5 - ке кеміт? (100)
14. 90 және 50 сандарының қосындысының 7 - ге бөліндісін есептеп тап? (20)
15. 100 000 – ның 1000 – ға бөліндісі нешеге тең? (100)
16. Мыңның мыңға көбейтіндісі нешеге тең? (1000 000)

Жүргізуші: Енді екі турдан аз ұпай жинаған бір оқушымен қоштасамыз. Әрі қарай жалғастырамыз.

ІІІ тур. «Полиглот»
Құрамында сан есімі бар сөздерден жұмбақ шешу. Жұмбақтың шешуін қазақ және орыс тілдерінде айту.
Жұмбақ:
1. Жүз мүйізі бар,
Үстінде киізі бар. (киіз үй – юрта)
2. Қос құлақты, жүз тісті,
Жүзінен бір - ақ із түсті. (ара – пила)
3. Бір санға өсіреді,
Өзі қалып орнында.
Бізді алға көшіреді. (сынып – класс)
4. Сақталады 6 ай жаз,
Сандығында сары – май (тоңазытқыш – холодильник)
5. Қалқиып екі құлағы,
Елеңдеп қорқып тұрады. (қоян – заяц)
6. 2 аяқпен кезек - кезек тебеді,
Ол тынымсыз домалап,
Зыр жүгіре береді. (доп – мяч)
7. Ағайынды 5 туыс,
Жамылатын тоны бар.
Бесеуінде бір қуыс,
Сырттан кірер жолы бар. ( қолғап – перчатка)

8. Бір қораға қамалғандар,
Жану үшін жаралғандар. (сіріңке – спичка)
9. Болса да көкті мекені,
Кездеспейді екеуі. (ай мен күн – луна и солнце)
10. Кіп - кішкентай екі көзі,
Қалай көреді өзі.
Қолы екен ұзын мұрыны,
Сол мұрынмен
Тамақ тауып жүреді. (піл – слон)

Жүргізуші: Сайысымыздың үшінші кезеңі аяқталады. Осы турда ұпай саны аз оқушымен қоштасамыз.
Білімдерің әрі қарай шыңдала берсін. Келесі сайысымызды қабыл алыңыздар.

ІҮ тур. «Кім көп мақал біледі»
Күш – білімде,
Білім - кітапта, дей келе оқушыларға кезек береміз.

Ү тур. «Жорға»
Ұяшықтың астында 4 пәнге байланысты сұрақтар жасырылған. Оқушылардың таңдауы бойынша ұяшықтар ашылады. Егер сұраққа дұрыс жауап берсе көрсетілген ұпайды алады. Бұл турдан кейін ұпайды аз жинаған бір ойыншы сайыстан шығады.
Қазақ тілі
1. Бір ғана тиянақты ойды білдіретін дара сөйлем дегеніміз не? (жай сөйлем) 20
2. Сөйлемнің біріңғай мүшелері дегеніміз не? 30
Сөйлемде бір сұраққа жауап беріп, бірдей тұлғада айтылған сөздерді сөйлемнің
біріңғай мүшесі дейміз.
3. Мәтіннің қандай түрлері бар? (3 түрі - әңгімелеу, сипаттау, пайымдау) 10

Ана тілі
1. Қарлығаш әулие мәтінінің авторы кім? (Төле би) 20
2. Енді атына мінеді,
Жамбыға қарай жүреді.
Кетіп бара жатқанда,
Ой, қозым, деп зарлаған,
Саулы інгендей аңыраған,
Бір адамның даусы,
Құлағына келеді – деген өлең жолдары қай жырдан алынған үзінді?
(Алпамыс батыр) 30
3. Қырдың жас түлегі деп кімді айтады? (Ш. Уәлиханов) 10
Дүниетану
1. Әлемнің неше кереметі бар? (7) 10
2. Құрлық бетінің тегіс немесе сәл белесті алқаптарын не деп атайды? (жазық) 20
3. Ауа қоспасында ең көп газ? (азот) 30
Математика
1. Бес ғасырда неше жыл бар? (500) 10
2. Көбейтіндінің қай заңы ауыстырымдылық? (а * в = в * а) 20
3. Тіктөртбұрыштың ұзындығы 19см, ені 6см ауданын есепте?(19*6 = 114) 30
Жүргізуші: Жетіліктің сұрағы көп сабақтан,
Шәкірттердің білгірі алға шағады.
Асықпаңдар, ойланыңдар жақсылап,
Білім деген сарқылмайтын шырақ.

ҮІ тур «Тамаша бестік»
Оқушылар тақтадағы жемістердің біреуін таңдайды. Сол таңдаған жемістердің астындағы пән бойынша жауап береді. Әр жауапты ойлауға 30 секунд уақыт беріледі. Бұл турдан ұпайы аз бір оқушымен қоштасамыз.

Ана тілі (апельсин)
«Жетім» мәтінінің авторы кім? Қашан, қай жерде дүниеге келген?
М. Әуезов 1897 ж дүниеге келген. Шығыс Қазақстан облысы, Абай ауданы.

Қазақ тілі (жүзім)
Құрмалас сөйлем дегеніміз не? Ережесін айт мысал келтір.
Екі немесе одан көп жай сөйлемнен құралған сөйлемді құрмалас сөйлем дейміз.

Дүниетану (клубника)
Қазақстан Республикасының жері неше шаршы км
2 млн 700 мың шаршы км

Бейнелеу (шие)
Түстік рең дегеніміз не? (түстердің бір - бірімен дұрыс үлестірілген түрін айтамыз)

Математика (алма)
1 кв м – де неше кв дм бар? (1 кв м – де – 100 кв дм бар)

ҮІІ тур «Тірі сұрақ»
Бұл бөлімде математикаға байланысты сұрақтар қойылады. Оқушылар сұрақты мұқият тыңдаңыздар. Ойлануға 30 секунд беріледі.
1. Есдәулетов Қанат бүгін,
Атап өтпек туған күнін.
Тойлауға Таңат келді,
Марат, Манат, Манап келді.
Жанат, Жанақ, Талғат келді,
Сағат келмей, Самат келді.
Бірақ Самат қайтып кетті,
Жай - жапсарын айтып кетті
Жанат та енді Саматқа ерді.
Одан кейін Талап келді,
Одан кейін Орақ келді
Бәрі қанша қонақ келді? (8 қонақ)
2. Су құйып ем астауға,
Үш қаз ұшты аспанға.
Үш қасқалдақ бір қазан,
Екі үйрек, бір сазан.
Бір көксерек, бір қарға,
Қосылды кеп бұларға,
Айт неше құс ұшып жүр. (10 құс)

3. Бес бұтақты қайыңда
Бұтақ сайын бес алма.
Біреуін бер Сайынға,
Сонда қалмақ неше алма? (5*5 = 25, 25 – 1 = 24)

4. Ағам бізді жинады,
8 қолғап сыйлады.
Қамқор болған ағамыз
Үйде неше баламыз. ( 8: 2 = 4 адам)

5. Біздің үйде көжек көп,
Іштерінде өжет көп.
Әсіресе бас көжек,
Маған нағыз дос көжек,
Қолымнан кеп жем жейді.
Басқалары келмейді,
Бес көжекке достасқан
Сәбіз бердім қос - қостан
Бір сәбізім соңында
Қалып қойды қолымда
Сәбізімді әуелгі
Санап берші ал енді. (5*2 = 10 11 – 10 = 1)

Жүргізуші: Ең қиыны жарыстың жеңімпаз келді,
Мықтылары қалыпты жеңсін енді.
Тез жауап бер ойланып тұрып қалмай,
Осы ойыннан көреміз ерен ерді.

ҮІІІ тур «Жеңімпаз»
(логикалық сұрақ қойылады, ойлануға 1 минут уақыт беріледі)
Балалар, сұрақты мұқият тыңдап ойланып, бірінші болып жауап берген оқушы сынып көшбасшысы атанады.
- Ата, жасыңыз нешеде? – деп сұрағанда Қожекең
- Ең үлкен төрт таңбалы санды 9 есе кемітіп, одан ең кіші төрт таңбалы санды шегерсе менің өтірік жасым шығады. Оны халық біледі, - депті.
- Қожанасырдың жасы нешеде екен?
(9999: 9 = 1111 – 1000 = 111 жаста)

Жүргізуші: Балалар, біз міне бүгін 9 оқушының ішінен суырылып алға шыққан сынып көшбасшысын таптық:

ІХ тур «Көшбасшы» (жеке сұрақ қойылады)
1. Математика пәнінің өмірде пайдасы қандай?

Заманның білімге бай жастары көп,
Ғалым боп әлемді орап жатқаны көп.
Әркімнің өзі салған сүрлеуі бар,
Арман сол – қалсам елдің Асқары боп, - деп ақын ағамыз жырлағандай.

Мына білім сайыста қатысып жеңімпаз атанған оқушымызға талабың өрдеп, биік шыңдардан көрініп, еліміздің білімді де білгір азаматы болуға тілегімізді білдіреміз.

Бүгінгі сайысымызды қорытындылап құттықтап марапаттау қағазын тапсыру үшін әділ қазылар алқасына сөз береміз.
Осымен бүгінгі өткізіліп отырған «4 сынып көшбасшысы» танымдық ойын сайысымызды аяқтаймыз. Қош сау болыңыздар!
І тур: «Бәйге»
1. 16 желтоқсан қандай мереке? (Тәуелсіздік күні)
2. Қ. Р. конституциясы қашан, қай жылы қабылданды? (30 тамыз, 1995 ж)
3. Бір жылда неше ай бар? (12 ай)
4. 64 қай санның квадраты? (8 санының)
5. «Кел балалар оқылық» өлеңнің авторы? (Ы. Алтынсарин)
6. Еліміздің рәміздерін ата? (Елтаңба, ту, әнұран)
7. Әнұран авторлары? (Ж. Нажмадинов, Н. Назарбаев, Ш. Қалдаяқов)
8. Қазақ алфавитінде қанша әріп бар? (42)
9. Қазақ әліпбиінің атасы? (А. Байтұрсынов)
10. Қазақта жаңа жылды қай айда тойлайды? (наурыз)
11. Жыл санаудағы жыл басын ата? (тышқан)
12. Сәулелі жұлдыз іздеген адам? (Ш. Уәлиханов)
13. Балаға ең жақын адам кім? (ана)
14. Ұлттық валютамыз не? (теңге)
15. Домбырамен күй шертетін адам кім? (күйші)
16. Жыл мезгілдерін ата? (қыс, көктем, жаз, күз)
17. Оқушыны оқытатын маман кім? (мұғалім)
18. Жеңіс күні мерекесі қай күн? (9 мамыр)
19. Қ Р мемлекеттік тілі? (қазақ тілі)
20. Ең әділ, ең сенімді, ең шыншыл досың? (кітап)

ІІ тур. «Көкпар»
1. Ұзындығы 9см, ені 7см тіктөртбұрыштың ауданы нешеге тең? (63)
2. Шаршының 1 қабырғасының ұзындығы 8см, ауданы нешеге тең? (64)
3. Тіктөртбұрыштың ұзындығы 11см, ені 8см периметрін тап? (38)
4. Тіктөртбұрыштың ауданы 16 см, ені 2см ұзындығы нешеге тең? (8 см)
5. Бірдей 9 ыдыста 45 кг бал бар. Осындай 12 ыдыста неше кг бал бар? (60 кг)
6. Әлібек 1 айда 7 қызықты ертегі оқиды. Осы қарқынмен 1 жылда қанша кітап оқиды? (84)
7. 100 саны шығу үшін 55 - ке қандай санды қосу керек? (45)
8. 10 – ды он есе арттырып, оған 99 қос? (199)
9. Ең үлкен 4 таңбалы санға 1 - ді қоссаң неше шығады? (10 000)
10. 2700: х = 9 «х» нешеге тең? (300)
11. Доп ойнауға жиналған 12 бала 2 топқа тең бөлінді. Әр топта неше бала болды? (6)
12. Асық ойнауға келген 4 баланың әрқайсысының бес - бестен асығы болды. Балаларды барлығы неше асық бар? (20)
13. 200 бен 300 сандарының қосындысын 5ке кеміт? (100)
14. 90 және 50 сандарының қосындысының 7 - ге бөліндісін есептеп тап? (20)
15. 100 000 – ның 1000 – ға бөліндісі нешеге тең? (180)
16. Мыңның мыңға көбейтіндісі нешеге тең? (1000 000)
ІІІ тур. «Полиглот»
Құрамында сан есімі бар сөздерден жұмбақ шешу. Жұмбақтың шешуін қазақ және орыс тілдерінде айту.

Жұмбақ:

1. Жүз мүйізі бар,
Үстінде киізі бар. (киіз үй – юрта)
2. Қос құлақты, жүз тісті,
Жүзінен бір - ақ із түсті. (ара – пила)
3. Бір санға өсіреді,
Өзі қалып орнында.
Бізді алға көшіреді. (сынып – класс)
4. Сақталады 6 ай жаз,
Сандығында сары – май ( тоңазытқыш – холодильник)
5. Қалқиып екі құлағы,
Елеңдеп қорқып тұрады. (қоян – заяц)
6. 2 аяқпен кезек - кезек тебеді,
Ол тынымсыз домалап,
Зыр жүгіре береді. (доп – мяч)
7. Ағайынды 5 туыс,
Жамылатын тоны бар.
Бесеуінде бір қуыс,
Сырттан кірер жолы бар. ( қолғап – перчатка)
8. Бір қораға қамалғандар,
Жану үшін жаралғандар. (сіріңке – спичка)
9. Болса да көкті мекені,
Кездеспейді екеуі (ай мен күн – луна и солнце)
10. Кіп - кішкентай екі көзі,
Қалай көреді өзі.
Қолы екен ұзын мұрыны,
Сол мұрынмен
Тамақ тауып жүреді. ( піл – слон)
Ү тур. «Жорға»

Қазақ тілі
1. Бір ғана тиянақты ойды білдіретін дара сөйлем дегеніміз не? (жай сөйлем) 20
2. Сөйлемнің біріңғай мүшелері дегеніміз не?
Сөйлемде бір сұраққа жауап беріп, бірдей тұлғада айтылған сөздерді сөйлемнің
біріңғай мүшесі дейміз. 30
3. Мәтіннің қандай түрлері бар? (3 түрі - әңгімелеу, сипаттау, пайымдау) 10

Ана тілі
1. Қарлығаш әулие мәтінінің авторы кім? (Төле би) 20
2. Енді атына мінеді,
Жамбыға қарай жүреді.
Кетіп бара жатқанда,
Ой, қозым, деп зарлаған,
Саулы інгендей аңыраған,
Бір адамның даусы,
Құлағына келеді – деген өлең жолдары қай жырдан алынған үзінді?
(Алпамыс батыр) 30
3. Қырдың жас түлегі деп кімді айтады? (Ш. Уәлиханов) 10

Дүниетану
1. Әлемнің неше кереметі бар? (7) 10
2. Құрлық бетінің тегіс немесе сәл белесті алқаптарын не деп атайды? (жазық) 20
3. Ауа қоспасында ең көп газ? (азот) 30

Математика
1. Бес ғасырда неше жыл бар? (500) 10
2. Көбейтіндінінің қай заңы ауыстырымдылық? (а * в = в * а) 20
3. Тіктөртбұрыштың ұзындығы 19см, ені 6см ауданын есепте?(19*6 = 114) 30

ҮІ тур «Тамаша бестік»
Ана тілі
«Жетім» мәтінінің авторы кім? Қашан, қай жерде дүниеге келген?
(М. Әуезов 1897 ж дүниеге келген. Шығыс Қазақстан облысы, Абай ауданы)

Қазақ тілі
Құрмалас сөйлем дегеніміз не? Ережесін айт мысал келтір.
(Екі немесе одан көп жай сөйлемнен құралған сөйлемді құрмалас сөйлем дейміз).

Дүниетану
Қазақстан Республикасының жері неше шаршы км
(2 млн 700 мың шаршы км)

Бейнелеу
Түстік рең дегеніміз не?(түстердің бір - бірімен дұрыс үлестірілген түрін айтамыз)

Математика
1 кв м – де неше кв дм бар? (1 кв м – де – 100 кв дм б

ҮІІ тур «Тірі сұрақ»
Бұл бөлімде математикаға байланысты сұрақтар қойылады. Оқушылар сұрақты мұқият тыңдаңыздар. Ойлануға 30 секунд беріледі.

1. Есдәулетов Қанат бүгін,
Атап өтпек туған күнін.
Тойлауға Таңат келді,
Марат, Манат, Манап келді.
Жанат, Жанақ, Талғат келді,
Сағат келмей, Самат келді.
Бірақ Самат қайтып кетті,
Жай - жапсарын айтып кетті
Жанат та енді Саматқа ерді.
Одан кейін Талап келді,
Одан кейін Орақ келді
Бәрі қанша қонақ келді? (8 қонақ)

2. Су құйып ем астауға,
Үш қаз ұшты аспанға.
Үш қасқалдақ бір қазан,
Екі үйрек, бір сазан.
Бір көксерек, бір қарға,
Қосылды кеп бұларға,
Айт неше құс ұшып жүр. (10 құс)

3. Бес бұтақты қайыңда
Бұтақ сайын бес алма.
Біреуін бер Сайынға,
Сонда қалмақ неше алма? (5*5 = 25, 25 – 1 = 24)
4. Ағам бізді жинады,
8 қолғап сыйлады.
Қамқор болған ағамыз
Үйде неше баламыз. (8: 2 = 4 адам)
5. Біздің үйде көжек көп,
Іштерінде өжет көп.
Әсіресе бас көжек,
Маған нағыз дос көжек,
Қолымнан кеп жем жейді.
Басқалары келмейді,
Бес көжекке достасқан
Сәбіз бердім қос - қостан
Бір сәбізім соңында
Қалып қойды қолымда
Сәбізімді әуелгі
Санап берші ал енді. (5*2 = 10 11 – 10 = 1)

ҮІІІ тур «Жеңімпаз»
(логикалық сұрақ қойылады, ойлануға 1 минут уақыт беріледі)
Балалар, сұрақты мұқият тыңдап ойланып, бірінші болып жауап берген оқушы сынып көшбасшысы атанады.
- Ата, жасыңыз нешеде? – деп сұрағанда Қожекең
- Ең үлкен төрт таңбалы санды 9 есе кемітіп, одан ең кіші төрт таңбалы санды шегерсе менің өтірік жасым шығады. Оны халық біледі, - депті.
- Қожанасырдың жасы нешеде екен?
(9999: 9 = 1111 – 1000 = 111 жаста)

ІХ тур «Көшбасшы» (жеке сұрақ қойылады)
1. Математика пәнінің өмірде пайдасы қандай?
5 215
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
ХХІ ғасыр көшбасшысы
ХХІ ғасыр көшбасшысы
Халқымыздың ғасырлар бойы жинақталған тәжірибелері мен тәлім - тәрбиесін, адамгершілік қағидаларын оқушы бойына сіңіру. Сөз байлығын, ойлау қабілетін дамыту.
Натурал сандардың бөлінгіштігі
Натурал сандардың бөлінгіштігі
Уа халайық! Халайық! Бәріне жар салайық Бүгінгі ойын төрінде Математика елінде Математика тілінде Есеп шешіп жарысып Жұмбақ шешіп аңдысып Шабыттасып шалқысып Есеппен ән салысып Көңілді ойын жасайық
ХХІ ғасыр көшбасшысы
ХХІ ғасыр көшбасшысы
ОҚО, Бәйдібек ауданы, Шаян ауылы, №1 жалпы орта мектеп - интернатының информатика пәні мұғалімі Пиралиева Айкерим
ХХІ ғасыр көшбасшысы
ХХІ ғасыр көшбасшысы
Жамбыл облысы, Байзақ ауданы, С. Абланов атындағы орта мектебі Нурпайзова Айнур Кенесбаевна
Жігіт сұлтаны
Жігіт сұлтаны
Асқақтаған ән дайын Күмбірлеген күй дайын Ал, қанекей қырандар Босқа қарап тұрмаңдар Бастап жігіт өнерін Алыстарға самғаңдар
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×