Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Өмір – өзен...

20 желтоқсан 2014, Сенбі
Категориясы: Тәрбие сағаты
Сабақтың тақырыбы: «Өмір – өзен...»
Сабақтың мақсаты: Өмір – өзенде адам өз бойындағы қасиеттерді бағалай білуге тәрбиелеу.
Сабақтың барысы
1. Ұйымдастыру:
Мұғалім сөзі:
– Құрметті оқушылар бүгінгі тәрбие сағатымыздың тақырыбын «Өмір – өзен» деп алдым. Сендер дүниеге шыр етіп келгеннен бері 14 – 15 жылдай уақыт өтті. Ертең мектеп қабырғасынан шығып, үлкен өмірге жолдама аласыңдар. Өмірдің әр түрлі соқпақтарына кездесесіңдер. «Өмір – өзен» деп алуым өзен тоқтамай ағып жатқан сияқты, өмір де тоқтамайды, өз арнасымен ағып жатады. Мысалы, өзімнің өмірімнің бір ағысын алайын. Осы сынып жетекшілер сайысына қатысып, осы сабақты сендермен бірге өткізіп тұруым өмірімнің бір сәті. Жалғыз ағаш орман болмайды дегендей, жалғыз адам өмірде толыққанды өмір сүре алмайды. Сол себепті өмірімнің осы сәті біздің сабағымыздың сәтті немесе сәтсіз өтуі сендерге байланысты. Яғни адам күні адаммен дегендей...

І. Қызығушылықты ояту.
Өмір – теңіз жүзем онда демеңіз,
Ізгіліктен жасалмаса кемеңіз.
1) Өмір қай сәттен басталады?

2)
Нәресте
↓-----------------------------------------------------------↓
Ұл ------------------------------------------------ Қыз (қалай қабылдайды?)
↓--------------------------------------------------------------↓
Ұрпақ жалғастырушы ------------- Өрісін кеңейтуші (өз ойларын айту)

3)
Осы қуанышқа лайық болып жүрміз бе?
Әр ісіміз арқылы ата - анамызға, туған - туысқа қуаныш сыйлап жүрміз бе?
Өздеріңе ойланатын сұрақ болсын.
Келістік бе?
Бұл сұрақ сендерге ұнады ма?
Ойланып, таразылап, қорытынды шығаратын сұрақ.
4) – Құрметті оқушылар сіздерге «Өмірге мына бізді ала келген, дүние қымбат еткен анаменен» дегендей «Ана» туралы көрініс ұсынамын. Бұл көріністі көрсету себебім – өзімізге жақын адамдардың жан күйінішін ұғынуға, оған қол ұшын беруге, «Өмір – өзенде» бірге жүзуге тырысамыз ба? Осы ойды қозғау.
5) «Ана» көрінісімен бізді ************** таныстырады.
«Ана» көрінісі.
6) Көрініс туралы ойды түйіндейік (оқушылар өз ойларын айтады).
7) Түйіндейтін ой – «Өмір – өзен» кемесінде жақын адамдар мен бір кемеде мақсатың бір боп жүзбеген соң өмірдің мәні бар ма?
– Осы ойды дамытыңдаршы!
– Қатыгез жігіт Сингапурда тұрса да байлығы, жұмысы болса да өз үйіне бәрібір бас сұқты. Жігіт өкінді.
Қорытынды. «Өмір – өзен» кемесінде туған - туыс, дос - жараңмен бірге бірлікте өмір сүр. Келісесіңдер ме – балалар?

ІІ. Сергіту сәтіне кезек келді.
Сергіту сәтін өткізу*******************бұйырған еді. Сөз сізде. Психологиялық ойын. Әр оқушыға төртке бөлінген бір бет қағаз таратылады.
Ашық -------- Жабық
Арена -------- Соқыр

Осы төрт сөздің ішінен қажет бір сөзді сызып тастайды.
«Ашық» сөзі сызылса – «Менің білгенімді басқалар да білсін дейді». «Жабық» сөзі сызылса – «Өзім де, өзге де білмей - ақ қойсын дейтін адам». «Арена» – «Өзім ғана білем, өзгелер білмей - ақ қойсын деген адам».
«Соқыр» – «мені ешкім байқамаса екен».
Бұл жаттығу әркімнің өзіне қалдырылады. Әр оқушы өзінің қандай адам екенін тексеріп көрсін.

ІІІ. Топпен жұмыс.
Екі топқа мынадай ойлар таратылып беріледі.
1. Адамды киімімен қарсы алып, сөзімен шығарып салады.
2. Кім айтты саған?
Ақ көйлекті кірлемейді деп.
Қара ешкі мүжіген ағаш,
Қайтадан гүлдемейді деп. (Оқушылар өз ойларын айтады, сурет, скетч арқылы көрсетуге болады).
IV. «Өмір толқындарының жетегінде кетпей», күресе білуге бұл мысалдар бізді үйретеді.

V. Өмір дегеніміз, яғни әркімнің өмірі мәнді, сәнді өту үшін не қажет?
Өзен ағысы

Білім
Денсаулық
Адамгершілік
Сыйластық
Мәдениет
Өмірді мәнді өткізу, осы қасиеттерді игеру, кімнің қолында? Өмірің – өз қолында! Осы мақсатта адам не істеу керек? Өмірдің қиын - қыстау кезі де, қуанышы да бар.
– Адам өзін - өзі тәрбиелеу керек;
– Дамыту керек;
– Қоғамға қызмет ету керек.
Дұрыс пікір, келісеміз бе? Ал өзін - өзі тәрбиелеу үшін, дамыту үшін, не істеу керекпіз? «Өмір – өзендегі» уақыт сылдыр су болып ағып кетпеу керек. Уақытты үнемді пайдалану керекпіз, яғни әр сағат саған қызмет жасау керек. Оны ұйымдастыратын кім? – өзің. Өмірің - өз қолында!

VI. Бұл жерде мен сендерге үлкен ой салар тағы бір көрініс ұсынамын. Көріністі ************ таныстырады.

VІI. Көрініс «Нығмет».
А) Өмір – әр нығмет қолда бар нәрсеге қанағат қылып, қадірлеуге шақырады.
Б) Бүгінгі сабақтан алған өмірлік қағидамыз қандай?
2 оқушы – Өмірде әр минутымызды пайдалы өткізуге тырыссақ, қоғамға қажетті азамат болуымызға сөзсіз.
– Құрметті оқушылар, аға ұрпақ өкілдері елуден асқан соң артына көз жіберіп қарасаң, мен не тындырдым деген сұраққа жауап іздейсің. Ал біз әрқайсысымыздың өткен өмірімізге риза болатындай жоспарлауымыз керек. Өміріміздің мәнді өтуі өз қолымызда!
Үш – ақ нәрсе адамның қасиеті,
Ыстық қайрат, нұрлы ақыл, жылы жүрек. (Абай)
5 758
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Өмір — теңіз
Өмір — теңіз
Өмір — ол үлкен жол. Өмір адамға бір – ақ рет берілген үлкен сый. Өмірдің мәні адалдық, адамдықта. Өмір арнасы кең өзен, сол өзеннен өз арнамызды тауып ағу біздің басты мақсатымыз.
Өмір, қымбатсың сен маған!
Өмір, қымбатсың сен маған!
Қызылорда облысы, Арал ауданы, Беларан ауылдық округі, №77 орта мектебінің орыс тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Қазбағанбетова Жанна Байкаловна
Өмір теңіз жүзем онда демеңіз, Ізгіліктен жасалмаса кемеңіз.
Өмір теңіз жүзем онда демеңіз, Ізгіліктен жасалмаса кемеңіз.
Қ. Сәтбаев атындағы орта мектебінің қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Сабырова Жамиля Сатыбалдықызы
Өмірді таңда
Өмірді таңда
Өмір – адамға бір - ақ рет берілетін баға жетпес қымбат сый. Осындай сыйды бізге сыйлаған кім? Әрине, саған осындай баға жетпес сый сыйлаған ең қымбат адамдарың - ата – анаң
Өмір шексіз керуен
Өмір шексіз керуен
Атырау облысы, Исатай ауданы, Х. Наубетов атындағы орта мектептің өзін - өзі тану пәнінің мұғалімі Жанғалиева Айнагүл
Өмір теңіз
Өмір теңіз
Атырау облысы, Исатай ауданы, Нарын селосы, жалпы білім беретін Нарын орта мектебінің қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Бөбек Есмағанбетова Ғалымжанқызы
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×