Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Берері мол алтын күз

07 қазан 2019, Дүйсенбі
Категориясы: Тәрбие сағаты
Тақырыбы: «Берері мол алтын күз»
Мақсаты: Осындай сайысты өткізе отырып, оқушылардың дүниетанымын кеңейту.
Өзін қоршаған ортаға деген сүйіспеншілігін арттыру, табиғатты сүюге, аялауға, молшылық айы күзді бағалауға тәрбиелеу.

Көрнекілігі: суреттер, түрлі - түсті шарлар, нақыл сөздер

Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі:
а) Сайысқа қатысушыларды ретпен тұрғызу, таныстыру.
ә) Әділқазыларды таныстыру
Балғындардың өнерлерін көріңдер,
Ой сараптан әділ баға беріңдер.
Бойларында тұнып тұрған өнер,
Өнеріне қане құлақ түріңдер.

ІІ. Кіріспе бөлім
Жапырағы ағаштардың сарғайса,
Ұшып кетсе алыстарға құс біткен.
Жаңбыр жауып аспан егер түнерсе,
Бұл мезгілдің аты онда күз екен.

Қиқуласқан құстарда,
Сайрауынан қалады.
Жылы жаққа ығысып,
Ұшып кетіп барады.
Жомарт күздің біздерге,
Берерін алып қалайың.
Күзгі кеште сіздерге,
Көтеріңкі көңіл - күй силасын!

ІІІ: Негізгі бөлім
1. Сайыс тақырыбын, мақсатын таныстыру.
2. Сайыс бөлімдері
1 - сыныптар үшін
1. Мәнерлеп өлең оқу
2. Сурет салу (жеміс - жидектер)
3. Өз өнерін көрсету

2 - сыныптар үшін
1. Мәнерлеп өлең оқу
2. «Күз сыры» тақырыбында сурет салу
3. Өз өнерін көрсету

І бөлім: Мәнерлеп оқу
Сары ала көйлегін желбіретіп,
Жапырағын ағаштардың селдіретіп.
Тойға бөлеп елімізді күз келді,
Нұр тамшысын аспанның мөлдіретіп дей отырып, ортаға күз туралы жырларымен сайысқа қатысушыларымызды шақырамыз.

ІІ бөлім: Жұмбақ шешіп көрейік, жауабын дұрыс берейік.
1) Бақшадан жер қазып,
Жиып алдым жез қазық. (Сәбіз)

2) Доптар жатыр желісі бар,
Қабат - қабат терісі бар. (Орамжапырақ)

3) Тігіп алып көк шатыр,
Қызыл күрек доп жатыр. (Қызылша)

4) Жұдырықтай қызыл шар,
Тілді үйірген шырын бал. (Алма)

Олай болса
Түрлі - түсті қалам ап,
Жеміс - жидек салайық.
Күзгі дала бейнесін,
Суретпен еске алайық дей отыра 1сыныптар жеміс - жидек, 2 сыныптар күзді бейнелеу.

ІІІ бөлім: «Өнерлінің өрісі кең» дегендей
1. Кіп-кішкене бөбектер,
Би билейді дөңгелеп.
Биші қыздар ортаңда,
Айналып шыр көбелек.
Би өнерін көрсетеді 1 сыныптар --------------------------

2. Әуелетіп әнге салса,
Әнші балдар ортада.
Қошеметпен қол соғыңдар
Жиылған мынау баршаңда дей ортаға 2 сынып оқушылары әндерімен

ІҮ Қорытынды
Бойларыңда от бар екен байқадым,
Жүректерде шоқ бар екен байқадым.
Әрқашанда осы шоқты өшірмей,
Жалындатып, шарықтаңдар, әрдайым.

Ырысымыз несібеміз мол болсын,
Күзгі бақта жапырақтар жайнасын.
Мынау бейбітшілік заманда,
Бүлдіршіндер күлім қағып ойнасын.
Күз жақсылықтарға толы болып, молшылыққа кенеле берейік.
Әділқазылар алқасы жеңген топтарды мақтау қағаздарымен марапаттайды.
21 289
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Алма бағы
Алма бағы
Балалардың күз мезгілі жайлы түсініктерін кеңейту, күздің ерекшеліктерін, белгілерін атай отырып, қоршаған ортаға сүйіспеншілігін арттыру. Алма ағашының құрылысының ерекшеліктеріне сәйкес оның бөліктерін, бір - біріне қатынасын дұрыс бере білуді
Арайлы алтын күз күзгі бал кешінің сценарийі (8 - 10 сыныптар аралығы)
Арайлы алтын күз күзгі бал кешінің сценарийі (8 - 10 сыныптар аралығы)
Қайырлы күн, қымбатты ұстаздар мен оқушылар! Бүгінгі біздің мектебімізде өткелі отырған «Арайлы алтын күз» атты күзгі бал кешіне қош келдіңіздер! Берекелі, мерекелі алтын күз құтты болсын. Қасиетті күз мезгілінің бір сөзбен айтып жеткізу мүмкін
Алтын күз
Алтын күз
Алтын Күз сайысына қатысушылардың арасынан Күз ханшайымын және Күз ханшасын анықтау. Күз айлары туралы білетіндерін ортаға сала отырып, оқушылардың сайысқа деген қызығушылығын, ынтасын арттыру.
Мерекелі берері мол Алтын күз!
Мерекелі берері мол Алтын күз!
Табиғаттың ерекше маусымы - күз туралы білімдерін тереңдетіп, дүниетанымдарын арттыру. Мәдени іс - шараларда белсенділік танытып, көпшілік алдында өз өнерлерін көрсете білу дағдысын қалыптастыру
Алтын күз
Алтын күз
Күз туралы түсініктерін кеңейту. Сөздік қорларын дамыту. Балаларға мерекелік көңіл – күй сыйлау.
Алтын күз
Алтын күз
Атырау облысы, Қызылқоға ауданы, Тасшағыл орта мектебіінің бастауыш әдіс бірлестігінің жетекшісі Молдағалиева Бақтыгүл Тыныштыққызы
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×