Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Менің Президентім

29 қараша 2015, Жексенбі
Категориясы: Тәрбие сағаты
Менің Президентім
Мақсаты: 1. Оқушыларға Президентіміз Н. Ә. Назарбаев туралы мәлімет беру, сан қырлы талант иесі, құдіретті тұлға екенін таныту.
2. Елімізге еңсе тіктетіп, мемлекетімізді мығымдап берген, халқымызды әлемге танытып, алаш баласының абыройын ақсақтатқан Елбасының кісілік келбетін меңгерту.
3. Отанын сүюге, елжандылыққа, елі сүйген Елбасынан үлгі алуға тәрбиелеу.
Көрнекілігі: Елбасы суреттері, интерактивті тақта, бейнероликтер

Жүру барысы:

I. Ұйымдастыру кезеңі.
Психологиялық әзірлік. Арнайы репортаж көрсетіледі «Менің Президентім»
Мұғалім:
- Қазақстан Республикасының тұңғыш президенті Нұрсұлтан Назарбаев Әбішұлы сияқты талантты тұлғаның, халқын сүйетін ұлтжанды азаматты
білмейтін адам баласы жоқ. Алты жастағы баладан алпыс жастағы қартта
амандығын тілеп, тілеулес болып отырады.
Президент Нұрсұлтан Назарбаев 1 желтоқсанды «Қазақстанның Тұңғыш Президентінің Күні»ретінде атап өтетін заңға қол қойды. Оған сай 1 желтоқсан енді мемлекеттік ресми мерекелер қатарына енеді. Бұл біздің үлкен қуанышымыз, үлкен жетістіктеріміздің бірі. Ендеше «Менің Президентім» тақырыбына арналған сынып сағатымызды бастаймыз.
Ел болдық, ерік алдық астаналы
Енді кімнен қазағым жасқанады?
Тәуелсіз мемлекеттін шежіресі,
Нұрсұлтаннын атымен басталады.
Тақтаға «Назарбаев » және «Қазақстан» сөздері ілінеді. Бұл екі сөзді бір - бірінен бөлуге болмайды. Егіз ұғым. Назарбаев десек Қазақстанды айтамыз, Қазақстан десек алдымен Назарбаевты айтамыз. Солай емес пе? Онда осы егіз ұғымды сөзді сөйлетейік.
1 - топ: «Қазақстан» сөзі бойынша сөйлеп, жұмыстарын қорғайды (слайд, бейнеролик көрсетіледі)
2 - топ - «Назарбаев» сөзі бойынша сөйлеп, жұмыстарын қорғайды (слайд, бейнеролик көрсетіледі)
Өмірдің судай ағып өзегімен,
Келеді президенттер кезегімен.
Елбасы - Назарбаев – егіз ұғым,
Жасайды мәңгі бірге өз елімен!

Мұғалім: Егеменді ел болып, Тәуелсіздіктің көк байрағын көтерген сәті – Қазақстанның әр азаматы үшін қуаныш, көл – көсір зор оқиға, тарихтың үлкен бетбұрысы болғаны анық. Ғасырлар бойы бостандықты аңсаған қазақ халқы үшін бұл шынында да айтып жеткізілмейтін мол бақыт, асыл арманның жүзеге асуы еді. Осының бәрі еліміздің тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтің арқасында! Бүгінгі сынып сағатының соңында сіздерден Президент деген кім? деген сұраққа жауап алғым келеді.
(оқушылар бір сөйлеммен немесе бір сөз арқылы жауап береді)
Мұғалім:
Қорыта айтқанда, Нұрсұлтан Назарбаев – ғасыр тұлғасы, елінің жанын ұғатын, халқын замана көшімен аман алып келе жатқан қамқоршы. Айналасына нұрын төккен, жылу шашқан Нұрсұлтан Назарбаевтай тұлғалардың қоғамдағы алар орны ерекше. Елбасының бергенінен әлі де берері мол екеніне кәміл сенемін. Елбасыға тілерім көк туымызды биіктерде желбірету жолындағы еңбегіңіз жана берсін!
Айдынбаева Айгерімнің «Елбасына арнау» атты көркем сөзі тыңдалады.
Барлығы:
Ақыл парасатымен, есті істерімен еліне ұйытқы болған қазақтың күре тамырына нәр берген менің Президентім мәңгі жасай берсін!


Атырау қаласы, № 23 орта мектебінің
орыс тілі пәнінің мұғалімі
Бозжигитова Ляззат Конакбаевна
3 202
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Менің тұңғыш президентім
Менің тұңғыш президентім
Қазақ халқының тұңғыш президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың өмір жолы, туып - өскен, оқып білім алған, қызмет еткен жерлері туралы мағлұмат беру.
Елбасым – мақтанышым
Елбасым – мақтанышым
Жас ұрпаққа Нұрсұлтан Назарбаевты құдіретті тұлға екенін таныту. Елімізге еңсе тіктетіп, мемлекетімізді мығымдап берген, халқымызды әлемге танытып, алаш баласының абыройын асқақтатып Елбасының кісілік келбетін меңгеру.
Менің тұңғыш Президентім!
Менің тұңғыш Президентім!
Бастауыш сынып мұғалімі: Матина Жанар Ескендровна
Бір Отан, бір тағдыр, бір Елбасы!
Бір Отан, бір тағдыр, бір Елбасы!
Б. Момышұлы атындағы № 12 жалпы орта мектебінің бастауыш сынып мұғалімі Қосжанова Меруерт Мүсілімханқызы
Елін сүйген, жерін сүйген – ер  аға
Елін сүйген, жерін сүйген – ер аға
Ақтөбе қаласы, № 30 қазақ орта мектебінің информатика пәні мұғалімі Самбаева Турсынай Байдаулетовна
Менің тұңғыш Президентім!
Менің тұңғыш Президентім!
Бастауыш сынып мұғалімі: Қарабатырова Қалимаш
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×