Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Дін және салт - дәстүр

01 ақпан 2016, Дүйсенбі
Категориясы: Тәрбие сағаты
Шығыс Қазақстан облысы,
Ұлан ауданы, Жанұзақ ауылы.
Дене шынықтыру пәнінің мұғалімі
Мукантаева Нургуль Кайратовна

Тақырыбы: «Дін және салт - дәстүр»
Мақсаты: - Ұлт тарихын білу;
- Ұлттық салт - дәстүрді дәріптеу
Күтілетін нәтиже: Оқушылар ұлттың құндылығын біледі.
Ұлт тарихының тереңдігін түсінеді.
Қолданатын ресурстар: бейне материал, А3 қағаз, «9 ромб», «Рефлексивті нысана», «СМС хабарлама», стикерлер, маркер, топқа бөлуге арналған қима қағаздар.
Мақсаты: Оқушылардың көңіл – күйлерін көтеру, жұмысқа деген қызығушылықтарын арттыру

1. Ұйымдастыру
«Кемпірқосақ» қыздыру жаттығуы.
Іс - әрекеттер
Сынып сағатына дайындау үшін «Кемпірқосақ» қыздыру жаттығуын түсіндіріп, ойнатады.
Нәтижесі: Ойынға қатысып, зейіндері жинақталады, көңіл - күйлері көтеріледі.

2. Топқа бөлу
Кері байланыс Қима қағаздар арқылы топқа бөлінеді.
1 – топ Салт - дәстүр
2 – топ Әдет - ғұрып
3 – топ Ырым - тыйым
Топтасып отырады

3. Негізгі бөлім
Тақырып бойынша мағлұмат беру
Бүгін Қазақстан бейбітшілік пен өзара келісімінің ішінде 140 этника мен 40 конфессия өмір сүруде. Республикамызда көпұлтты және көпдінді қоғам тұрады. Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев айтқандай: «Қазақстан бұл ортақ мекен, ортақ ұлт пен діннің тоғысқан жері.

Барлық қазақстандықтарды ұлтаралық және дінаралық келісімдерді сақтауға шақырамыз. Бұл біздің мықты құндылығымыз. Бұл біздің мәңгі еліміз бен Астанамыздың мақтанышы»
Діндер, өркениеттер, мемлекеттер арасында ынтымаққа, бейбітшілік пен келісімге үндейтін диалог алаңы ретінде халықаралық қауымдастықпен мойындалып үлгерген Қазақстан бастамаларының ауқымы мен маңызы жыл сайын артып келеді. Діндер Съезі алғаш рет қазақ даласында туын тіккенде оған қатысушылар саны 17 елден 17 делегатты ғана құраған еді. Ал, соңғы Съезде әлемнің 50 мемлекетінен 100 - ге жуық делегация жиналды. Қазақстанның беделінің өскені шығар, делегация құрамында әлемдегі ықпалды дін басшылары болды.
Елбасы айтпақшы, бұл процестер Съездің жаһандық маңызының жыл сайын артып, салмағының сапалы түрде өсіп келе жатқанын дәлелдейді.

Ой салу
Нақыл сөздер айтады:
Үлкенге құрмет, кішіге ізет
Әдептілік тәрбие бастауы
Жақсыдан үйрен, жаманнан жирен

4 «Дін және салт - дәстүр»
Бейне материал көру арқылы оқушыларға ой салу.

5 «9 ромб»
Салт - дәстүр туралы ой қозғау Оқушыларға салт - дәстүр мен мерекелердің тізімін береді
1) Асату
2) Наурыз мерекесі
3) Байғазы
4) Халықаралық әйелдер күні
5) Шілдехана
6) Айт мерекесі
7) 9 мамыр
8) Конституция күні
9) Тулақ шашу
10) Тоқымқағар
11) 16 желтоқсан
12) 1 мамыр
13) Қалжа
14) Бастаңғы
15) Бесікке салу
16) Тілашар

6. «Ойлы болсаң, тауып көр» Сұрақтарға жауап беру
Тақырыпқа байланысты сұрақтар беріледі.
1 - топ.
1 - Ерулік дегеніміз не? (Жаңадан көшіп келген көршіні үйіне қонаққа шақыру).
2 - Қазақ ұзынсары деп қай жыл мезгілін айтқан? (Көктем).
3 - Асату деген не? (Еттен кейін ақсақал балаларға қалған еттен беру).
4 - Аманат дегеніміз не? (Бір адамның екінші біреуге сақтауға берген заттары. Аманатқа қиянат жасауға болмайды).
5 - Баланы бесікке салғанда қандай той жасалады? (Бесік той).
6 - Сүйінші дегеніміз не? (Қуанышты хабарды жеткізу ).
7 - Қарашаңырақ сөзінің мағынасы? (Үлкен үй).

2 - топ.
1 -«Тулақ шашу» дәстүрі туралы не білеміз? (Қазақ әйелдері жүн сабар алдында «ісіміз сәтті болсын» деп тулақ шашу жасайды, яғни тамақ дайындалып, шай ішетін дәстүр).
2 - Тілашар тойы қашан жасалады? (Бала алғашқы оқуға барғанда).
3 - Қоңақкәде дегеніміз не? (Қоңаққа келген адамның өнерін көрсетуі).
4 - Бастаңғы дегеніміз не? (Үйдің үлкені жол жүріп кеткенде, жастар сол үйге жиналып бастаңғы жасайды).
5 - Байғазы қай кезде сұралады? (Жаңа затты көргенде).
6 - Сыбаға дегеніміз не? (Құрметті қоңаққа немесе өздерінің жақындарына сақтаған ет мүшелері).
7 - Шашу дегенімз не? (Бала дүниеге келгенде, келін түскенде, құда келгенде, қуанышты күндерде тәттілермен шашу шашады).

3 - топ.
1 - Тоқымқағар дегеніміз не? (Жас жігіт алғаш жолға шыққанда жасалатын дәстүрлі бас қосу).
2 - Сыңсу қай тойда айтылған? (Қыз ұзату).
3 - Жеке үй, отау болып шыққан жастарға ата - анасы не береді? (Енші).
4 - Жас босанған анаға сойылатын арнаулы мал? (Қалжа).
5 - Асар дегеніміз не? (Көлемді ауыр жұмысқа ауылдасты шақыру).
6 - Наурыз көжеге неше түрлі тағам салынады? (7).
7 - Киіз үйдің төбесі қалай аталады? (Шаңырақ).

7. «СМС хабарлама» Қорытындылау мақсатында хабарлама алу
- Оқушылар бүгінгі сынып сағаты бойынша сендердің пікірлеріңді білгіміз келеді. Сондықтан да бізге «СМС хабарлама» қалдыруды ұсынамын

8. «Рефлексивті нысана»
Диалогтік алаңнан алған әсерлерін, көңіл - күйлерін байқау мақсатында «Рефлексивті нысана» әдісін қолдану

Рефлексивті нысанаға стикер жабыстыруды ұсынады

Толық нұсқасын жүктеу
11 433
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Көшпелілердің салт - дәстүрі мен діни нанымдары
Көшпелілердің салт - дәстүрі мен діни нанымдары
Көшпелілердің салт - дәстүрі, діни нанымдары туралы біледі. Көшпелі тайпалардың өзіндік ерекшеліктеріне талдау жасай алады.
Халық даналығы – рухани байлық көзі
Халық даналығы – рухани байлық көзі
Ырым сөздер мен тыйым сөздердің айырмашылығын және мағынасын түсіндіру. Ата – баба дәстүрін құрметтеуге дағдыландыру. Шешендік сөздерден тағлым алуға тәрбиелеу.
Тізбектелген сабақтар топтамасы
Тізбектелген сабақтар топтамасы
Спорттық ойындардың техникасы мен тактикасын меңгеру. Спорттық ойындар арқылы оқушылардың ерік – жігері дамуы
Мәңгілік Ел мұратын жүзеге асыру басты міндетіміз
Мәңгілік Ел мұратын жүзеге асыру басты міндетіміз
Ата - ана мен мектеп арасындағы байланысты нығайту. Ата - аналардың мектеп өміріне деген қызығушылықтарын арттыру.
Дене шынықтыру сабақ жоспарлары
Дене шынықтыру сабақ жоспарлары
Шығыс Қазақстан облысы, Ұлан ауданы, Жанұзақ ауылы. Дене шынықтыру пәнінің мұғалімі Мукантаева Нургуль Кайратовна
Медеу Сарсеке "Рәсім"
Медеу Сарсеке "Рәсім"
Шығыс Қазақстан облысы, Ұлан ауданы, Мамай батыр ауылы, "М. Ломоносов атындағы орта мектеп" КММ бастауыш сынып мұғалімі Абраимова Н.С.
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×