Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Жарқырап күн көгімде, Жеңістің туы, желбіре

05 ақпан 2016, Жұма
Категориясы: Тәрбие сағаты
Ақтөбе облысы, Ойыл ауданы,
Екпетал мектеп балабақшасы
Математика пәні мұғалімі:
Әжікерейқызы Мөлдір

Тақырыбы: Жарқырап күн көгімде, Жеңістің туы, желбіре
Мақсаты:
Білімділік: Оқушыларға Ұлы Отан соғысы туралы мағлұмат беру, Отан үшін жанын салған аға - апаларымыздың ешқашан ұмытылмас ерен еңбектерін үлгі ету.
Дамытушылық: Оқушыларды адамгершілікке баули отырып, Отанға деген сүйіспеншілігін арттыру.
Тәрбиелік: Батырлыққа, батылдыққа, аға - апаларының құрметтеуге, ешқашан ұмытпауға тәрбиелеу.
Көрнекіліктер: Плакат, суреттер, шар, слайд

Барысы:
Мұғалім: Құрметті Ұстаздар, оқушылар Жарқырап күн көгімде, Жеңістің туы, желбіре
атты ашық тәрбие сағатымызға қош келдіңіздер!
Міне, бүгін Ұлы Жеңіске 70 жылда толды. Сол бір қасіретті сұм соғыс қаншама әке, аға - апа, бауырдан айырды. Қамқорсыз өмір бір күнде 4 жыл 1418 күнге айырбастады. 1418 күн Отан үшін, халқы үшін, бостандық үшін жанын қиған аға - апаларымыздың ерен еңбектері, тарих беті жаңаланып отырса да, ешқашан, мәңгілік ұмытылмайды.
Ән: Ана туралы баллада
Сахналық қойылым:
Жігіттер, қыздар вальс билеп жатады. Кенеттен музыка тоқтап, радиодан диктор Левитанның дауысы естіледі:

Кеңес үкіметінің бюросынан. 22 маусым таңғы сағат 4 - тер шамасында фашистік Германия еш хабарлаусыз Кеңес Одағына шабуыл жасады.
Оқушылар: Соғыс! Соғыс! соғыс!
Мұғалім: Шаттанған жастардың жадыраған күнін фашистік Германия бір күнде, қара түтінге айналдырды. Адамдардың тыныш өмірі бұзылды. Отан үшін, халқы үшін жастарымыз соғысқа аттанды.
Анамен баланың қоштасуы:
Ана: Айналайын құлыным! Бізді тастап жауыздың жазасын беруге кетіп барасың, артыңда қалған отаның, халқын үшін жаныңды сал балам, тек жеңіспен орал. Әттең, өмір - ай саған не жаздық.
Бала: Анашым мен үшін қамықпа, біз міндетті түрде жеңіспен ораламыз мені уайымдама. Әрқашан біздің Жеңіспен оралуымызды тілеңіз. Қош бол, анашым!

Мұғалім: Қаншама, күлкісіз, қиындық күндер, ұйқысыз түндер өтіп жатты. Апаларымыз майданнан ұлын, аға - інісін, жолдасын күтті, сөйте тұра, бала тәрбиелеп, егін екті, Десе де,
Әр жүректе сағыныш, бір үміт Жеңіс деген.

Ананың хаты:
Құлыншағым аман ба?
Қолыма тиді сенен хат.
Хабарыңды есітіп,
Қуанып қалды ғаламат.
Күніге тоқсан тілеймін,
Құлыным кел деп саламат.
Жүрегім – жалын, ішім у,
Жанымда ауыр жарақат.
Көзімнің жасы төгіліп,
Ұйқыдан кетті рахат.
Отаның үшін қарағым,
Арың қымбат жаныңнан.
Бөбектерің аман - сау,
Ас жейді әзір қолымнан.
Ербеңдеген ермегім,
Тастамаймын қолымнан.
Көңілімде алаң жоқ,
Жаны сүйген жарынан.
Уһілеп кейде демалып,
Шығады түтін жалыннан.
Хабарыңды жиі жаз.
Өтпесін көп күн арадан.
Талқандап жауды аман қайт,
Бұлт серпіліп көгімде.
Жазылсын жүрек жарадан!

Мұғалім: Соғыс! Тек естілер жарылыс дауыстары. Соғыста олар тек соғысып қана қоймай, қимай шығарып салған ардақты ана, сүйікті жар, сәбилерін, Отанын, үйін де естерінен шығармады.
Олар да, сағынды, сағыныштарын жеткізді.
Солдаттар өзара әңгімелесіп отырады.
Солдат сағынышы:
Хат жазамын майданнан,
Мейірімшіл ғазиз - анама
«Жақыным - жарым» дегенмен,
Анаңдай жақын бола ма?
Көңілінде тілек, көзде жас,
Екі қолың жағаңда.
Қасірет шегіп, қан жұтып,
Сарғайдың ба санаға?
Сағынған соң мен ойлап,
жүрегің оттай жана ма?
Ет бауырың елжіреп,
Қайғыра берме балаңа.
Сабырдың суын бере көр,
Жаныңдаға жараңа.
Ажалсыз адам өлмейді.
Мезгілсіз шөлмек сына ма?
Ердің басы ел үшін,
Арыма жаным садаға.
Бұлт жамылып қар төсеп,
Мен жатырмын далада.
( Ананың хат алуы)
Ана сөзі: Қызым майдандағы ағаңнан хат келді, кел оқиық. ( хат оқылады)
О, Құдайым бір өзің жар бола көр, балаларымыз аман – есен Жеңіспен оралса екен.
Радиодан: Левитанның дауысы естіледі.
Солдаттар: Ура, біз жеңдік, фашистік Германияны басып алдық!
Соғыстың күні кесілген білек
Соғыстың күні кесілген жүрек
Соғыстың күні төгілген дастан
Соғыстың күні егілген аспан

Ән: «Бейбіт күн тілегі»
Мұғалім: Ұлы Отан соғысы бүкіл ел үшін ауыр болды. Осындай ерлік пен, батырлықпен бейбітшілік күн сыйлаған аға - апаларымызды 1 мин үнсіздікпен еске алайық!

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.
7 052
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Жігіт сұлтаны - 2023
Жігіт сұлтаны - 2023
7 мамыр - Отан қорғаушылар мерекесі мен Ұлы Жеңістің 78 жылдығы да келіп жетті. Осынау айтулы мерекенің қай кезде де орны бөлек. Олай болатыны, абзал азаматтарымызға деген ыстық сезім, алғыс пен құрмет ешқашан сөнбек емес.
Ұлы Жеңіске - 70 жыл!
Ұлы Жеңіске - 70 жыл!
Атырау қаласы, №8 «Ақбота» шипа - жай типті бөбекжай балабақшасы. Ересектер тобының тәрбиешісі Гилажова Айгул Мауфихқызы
Ешкім де, ешқашан да ұмытылмайды
Ешкім де, ешқашан да ұмытылмайды
ШҚО, Үржар ауданы, Барқытбел ауылы, Барқытбел орта мектебінің бастауыш сынып мұғалімдері: Ковнашарова К.К., Алиппаева С.К.
Елімнің есіл ерлері
Елімнің есіл ерлері
Тәрбие сағаты: «Елімнің есіл ерлері»
Жеңіске жеткен ұлы күн
Жеңіске жеткен ұлы күн
Маңғыстау облысы, Бейнеу ауданы, Ы.Алтынсарин атындағы орта мектебінің бастауыш сынып мұғалімі Накеева Ақмарал
Біз жеңістің ұрпақтарымыз
Біз жеңістің ұрпақтарымыз
Бастауыш сынып мұғалімі: Гулшат Акимова
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×