Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Өз мәселелерімізді қалай шешуге болады

24 ақпан 2016, Сәрсенбі
Категориясы: Тәрбие сағаты
Тақырып: Өз мәселелерімізді қалай шешуге болады

Қош келдіңіздер оқушылар! Бүгін баршамыз «Өз мәселелерімді қалай шешуге болады» тақырыбындағы тренинг сабағына жиналып отырмыз.
Құрметті оқушылар! Сіздер сәбилік, балалық шақты, алғашқы мүшелді артқа тастап, жасөспірімдік шаққа келіп жеттіңіздер! Әрбіреуіңнің алдарыңа қойған басты мақсаттарың бар, бұл – білім шыңына талпыну, жүректеріңмен қалаған мамандықтарыңыздың иесі болып, өз елінің ертеңі, тірегі болу. Осыған орай біздің сабағымыз болашаққа барар жолда алда кездесетін мәселелер жайында болмақ.

«Автопортрет» жаттығуы. (5 минут)
Жаттығу шарты: Сізді таныс емес адаммен кездесу күтіп тұр делік, ол бірден сізді тану үшін өзіңізді сипаттап жазыңыз. Көпшіліктен өзіңізді ерекшелендіріп тұратын белгілеріңізді табыңыз. Бет - әлпетіңізді, жүрісіңізді, сөйлеу мәнеріңізді, киім киісіңізді, зейінді аударарлықтай ым - ишараларыңыз болса т. б...

І. Ой шақыру. ( 5 минут)
Барлықтарыңыз көптен естіп жүрген таныс сөз Мәселе (проблема) сөзін естігенде ең алдымен ойларыңызға не келеді. Сол ойларыңызды қағазға сурет немесе кесте түрінде бейнелеп қорғайсыздар. Жеке тізім жасайды, жұппен бөліседі, топта бірлесе отырып, ортақ ойларын жинақтап, ортада үлкен қағазға топтастырады.

ІІ. Топтарға берілген жеке жағдаяттарды шешу (10минут)
Мектепте оқу барысында көптеген қиындық туындауы мүмкін, сондай жағдайларға дайын болу үшін қазір сіздерге жағдаяттар беріледі. соны шешулеріңіз керек. Әр топқа жеке жағдаяттар беріледі. Жағдаяттың шешімін жеке бөліседі, ал басқа топтар өз ойларын қосуларына болады.
Жағдаят
1- топ
Сіз сертификат алдыңыз. Бірақ құжат тапсырар кезде сізге таңдаған мамандығыңыз бойынша толық ақпарат алған кезде көңіліңізден шықпады, (оқитын ғимараты ұнамауы мүмкін, оқитын пәндеріңіз қызықтырмауы мүмкін) сіз не істейсіз, сол мамандыққа тапсыра бересіз бе, әлде басқа мамандықты таңдар ма едіңіз

2 -топ
Сіз ОЖСБ тапсыру үстіндесіз, қатты қобалжып отырсыз, діріл пайда болып өзіңізді қолыңызда ұстай алар емессіз, білген сұрақтардың жауаптарын есіңізге түсіре алмаудасыз, осындай жағдайға тап болсаңыз қиындықтан қалай шығуға болады?

3 -топ
Сіз туралы ойдан шығарылған қауесет тарап кеткенін естідіңіз. Бұл ақпараттың таралуына кінәлі сіздің құрбыңыз болса; немесе бөтен қыз болса сіз не істер едіңіз?

Қорытынды сөз:
Аңыз
Екі адам шөл далада келеді. Күн күйдіріп барады. Оларға пальма сусынын тасушы кездесті.
- Сіз бізге сусыныңыздан бермес пе едіңіз? Өте шөлдедік - деді олар.
Сусын тасушы: Әуелі сендер маған есімдеріңді атаңдар,- деді.
— Менің есімім - «Біз - Қайдан - Келеміз»,- деді біріншісі.
— Менің есімім «Біз - Қайда - Барамыз», — деді екіншісі.
— «Біз - Қайдан - Келеміз», сенің есімің керемет екен, — деді сусыншы...
– Мен саған сусын беремін. Ал сенің «Біз – Қайда - Барамыз», есімің нашар. Мен сенің сусыныңды қандыра алмаймын...
Олар айтысып, осы мәселені шешетін адамды таппақ болады. Қазыны тауып оған болған жағдайды айтады. Қазы оларды тыңдап алып, былай дейді:
— Сусыншы, сен қателесесің, «Біз - Қайда - Барамыз» дұрыс айтады. Өйткені біз өткеннен кетіп қалдық, енді одан ештеңе ала алмаймыз. Ал жаңаны тек алдан, қайда барамыз, содан аламыз.
Сусыншы: - Иә, солай екен,- деп келіседі де «Біз - Қайда - Барамызға» сусын береді.
Иә, айтыс - тартысты шешуге көмектесетін біреудің болғаны қандай жақсы.
Міне сынып сағатымызда аяқталып қалды.
Талмасын қанат, сөнбесін үміт,
Армандар алға жалғансын.
Соқса да дауыл, өрт болып өмір

Қанаттар балғын талмасын.
Жандары қаламайтын аласаны,
Өрендер алда талай бел асады,
Әлемге туған халқын танытатын,
Шәкірттер – еліміздің болашағы!
Рефлекция: Бойымыздағы жаман қасиеттерді жазып себетке тастайық.
2 543
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Мен және менің ортам
Мен және менің ортам
Тренинг мақсаты: өмірде адамнан асқан құндылық жоқ екендігін түсіндіре отырып, бақытты өмір сүру үшін өзін - өзі психологиялық тұрғыдан дайындауға, жеке қасиеттерін білуге тәрбиелей отырып, дұрыс қарым - қатынасқа түсу мәдениетін және жағымды «Мен»
Екі айнымалысы бар сызықтық теңдеулер жүйесін қосу тәсілімен шешуге есептер шығару.
Екі айнымалысы бар сызықтық теңдеулер жүйесін қосу тәсілімен шешуге есептер шығару.
Екі айнымалысы бар сызықтық теңдеулер жүйесін қосу тәсілімен шешуге есептер шығару.
Айзенктің темпераментті анықтау тесті
Айзенктің темпераментті анықтау тесті
Сізге өзіңіздің тәртібіңіз және сезім ерекшеліктеріңізге байланысты бірнеше сұрақтар беріледі. Әр сұрақтың тұсында «ИӘ» немесе«ЖОҚ» жауабы үшін орын қалдырылған.
Олимпиада жоспары
Олимпиада жоспары
1 - 2 сабақ. Алгебралық теңдеулерді шешуге берілген есептер. 3 - 4 сабақ. Алгебралық теңдеулер жүйелерін шешуге берілген есептер
Өмір сүрудің ең жақсы жолы
Өмір сүрудің ең жақсы жолы
Өмірде адамнан асқан құндылық жоқ екендігін түсіндіре отырып, бақытты өмір сүру үшін өзін-өзі психологиялық тұрғыдан дайындауға, жеке қасиеттерін білуге тәрбиелей отырып, дұрыс қарым-қатынасқа түсу мәдениетін және жағымды «Мен» концепциясын
Бүгінгі мектеп түлегі – ертеңгі елдің тірегі (тренинг сабақ)
Бүгінгі мектеп түлегі – ертеңгі елдің тірегі (тренинг сабақ)
Үстірт орта мектебінің қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Баймуханова Толғанай
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×