Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Қазақшаңыз қалай

05 қазан 2016, Сәрсенбі
Категориясы: Тәрбие сағаты
Қазақшаңыз қалай? атты отбасылық сайыс

Сәлеметсіздер ме құрметті қонақтар, сайысқа қатысушы отбасылар. Қош келдіңіздер! Жыл сайын елімізде қыркүйек айының үшінші жексенбісінде Қазақстан халқының Тілдері күні мерекесі аталып өтіледі. Осыған орай ауданымызда 7 - қыркүйектен бастап Тілдер онкүндігі өтіп жатыр. Сонымен қатар 11 - қыркүйекте тойланатын Отбасы күні мерекесі биыл осы онкүндікке сәйкес келді. Сондықтан біздің бүгінгі «Қазақшаңыз қалай?» атты отбасылық сайысымыз осы екі мерекеге арналады.

Тіл – әрбір елдің, ұлттың мақтанышы. Тіл халықпен бірге өмір сүріп дамиды, себебі әр ұлттың тілі - оның бақыты, тірегі. Тілдің тағдыры – елдің тағдыры. Тілге деген құрмет, отанға сүйіспеншілік сияқты қасиеттер отбасында қалыптасады. "Отан отбасынан басталады" деген жақсы сөз бар. Біздің арамызда мемлекеттік тілді отбасымен үйреніп жүрген жерлестеріміз бар. Осындай бірнеше отбасы – бүгінгі біздің сайысымыздың қатысушылары. Ендеше оларды таныстырып өтейік: 1 отбасы: Лозинскийлер отбасы, анасы - Татьяна Ильинична мен ұлы Дмитрий, Товмасяндар отбасы - ағалы – інілі Сергей мен Юра және олардың туысы........., Ковалевтар отбасы - апалы - сіңлілі Ольга және Надежда және, Полянскийлер отбасы - апалы - сіңлілі Наталья мен Ольга және Ольганың қызы Арина.
Бұл енді сайыс болғандықтан, оны әділ бағалайтын әділқазылар алқасымен танысып қойыңыздар, әділқазылар алқасының төрағасы: Мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің басшысы Қарсыбаева Дина Садуақасқызы, Тілдерді оқыту орталығының директоры Қайрмденова Арайлым Есболатқызы және Орталық оқытушысы Мадиева Айман Кәрібайқызы

1 - кезең «Отбасын таныстыру» кезекпен ортаға шығып өздеріңізді таныстырасыздар.
Бірінші кезекте ___________________ отбасы. Өте жақсы, орындарыңызға отырыңыздар.
Екінші кезекте ___________________ отбасы. Тамаша, сіздермен де жақсылап таныстық, орындарыңызға отырыңыздар
Келесі кезекте ___________________ отбасы.
Келесі кезекте ___________________ отбасы.
Сайысымыздың екінші кезеңі «Жорға» деп аталады. Берілген сұрақтарға мейлінше тез жауап беру қажет. Берілген дұрыс жауаптың санына қарай ұпай беріледі.
___________________ отбасы.

2 - кезең «Жорға»
І топ
1. Бір жылда неше ай бар? (12 ай)
2. Қыс айларын атаңыз (желтоқсан, қаңтар, ақпан)
3. Қазақстан Республиканың туының авторы кім? (Шәкен Ниязбеков)
4. Қазақстан Республикасының мемлекеттік тілі
5. Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күнін қашан тойлаймыз?
(16 желтоқсанда)
6. «Моя Родина – Республика Казахстан» сөйлемін қазақ тіліне аударыңыз.
7. Қазақ тілінде жалғаудың неше түрі бар? (жалғаудың 4 түрі бар)
8. 6 - шілде қандай мереке? (Астана күні)
- Жақсы, рахмет, ал енді келесі отбасына көшейік.

ІІ топ
1. Бір айда неше апта бар? (4 апта бар)
2. Көктем айларын атаңыз. (наурыз, сәуір, мамыр)
3. 1. Қазақстан Республикасының елтаңбасының авторлары кім?
(Жандарбек Мәлібеков, Шота Уәлихан)
4. Қазақстан Республикасының елтаңбасында не бейнелген?
(қанатты пырақтар, алтын жұлдыз, күн сәулесі)
5. Қазақстан Республикасының Конституциясы күнін қашан тойлаймыз?
6. «Үш тұғырлы тіл» саясатына қандай тілдер кіреді? (қазақ, орыс, ағылшын)
7. Қазақ тіліне тән неше дыбыс бар? (9 дыбыс)
8. «Казахский язык – государственный язык» сөйлемін қазақ тіліне аударыңыз.
- Өте жақсы, Көңіл - күйлеріңіз қалай? Сұрақтарға жауап беруге дайынсыздар ма?

ІІІ топ
1. Бір аптада неше күн бар? (7 күн)
2. Күз айларын атаңыз (қыркүйек, қазан, қараша)
3. Қазақстан Республиканың әнұранның авторлары кімдер? (Ж. Нәжімеденов; Н. Назарбаев, Ш. Қалдыаяқов)
4. Қазақстан Республикасында Наурыз мейрамы қашан тойланады?
5. 1 - желтоқсан қандай мереке.
6. Қазақ халқының ұлттық тағамдарын атаңыздар. (бешбармақ, бауырсақ, қуырдақ)
7. «Я живу в независимом государстве» сөйлемін қазақ тіліне аударыңыз.(Мен Тәуелсіз мемлекетте тұрамын)
8. Қазақ алфавитінде неше әріп бар?
- Тамаша, келесі соңғы отбасымен ойнайық

ІҮ топ
1. Бір жылда неше мезгіл бар? ( 4 мезгіл)
2. Жаз айларын атаңыз (маусым, шілде, тамыз)
3. Қазақстан Республиканың туда не бейнеленген?
(қыран құс, ою - өрнектер, күн сәулесі)
4. Қазақтың тұңғыш ғарышкері?(Тоқтар Әубәкіров)
5. Тілдер мерекесі қай айда тойланады? (қыркүйек)
6. Қазақ тілінде неше септік бар? Қандай? (7 септік)
7. «Казахстан – многонациональное государство» сөйлемін қазақ тіліне аударыңыз (Қазақстан – көпұлтты мемлекет)
8. Қазақстанның елордасы қай қала? (Астана)
Өте жақсы, осымен сайысымыздың бірінші кезеңін де аяқтадық. Келесі кезеңге көшейік.

3 - кезең «Қазақ есімдері» деп аталады. Қазір сіздерге бір - бір парақша таратамын, ондағы сөздерді аудару керек, аударғанда қазақ есімдері шығады.

Болсаңыздар оқыңыздар, содан соң әділ – қазылар алқасына беріңіздер.

4 - кезең «Тапқыр» деп аталады. Мына жұлдызшаларды аласыздар, жұлдызшаларда әріптер берілген. Берілген сұрақтардың жауаптары сол әріптен басталуы тиіс.
1 – топтың сұрақтары: А
1. Сіздің атыңыз кім?
2. Сіз қайда тұрасыз?
3. Сізге қандай жеміс ұнайды?
4. Сіз кіммен таныстыңыз?
5. Жазда демалысқа қайда барасыз?
6. Сіздің неше құрбыңыз бар?

Ақмола облысы,
Бурабай ауданының Тілдерді оқыту орталығының
әдіскері Махметова Жанар Қайртаевна

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.
2 181
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
22 қыркүйек күнгі тіл мерекесіне арналған "Қазақшаңыз қалай?" ойын - сайыс
22 қыркүйек күнгі тіл мерекесіне арналған "Қазақшаңыз қалай?" ойын - сайыс
Тәуелсіз елімізде өмір сүріп отырған ұлт өкілдері арасындағы достық пен бірлікті нығайту барысында мемлекеттік тілге құрмет сезімдерін қалыптастыру.
Шығарма: Отбасы бақыты
Шығарма: Отбасы бақыты
Отбасы кішкентай бір мемлекеттік ұя” деп бекер айтылмаған. Әдетте жақсылықтың бәрі отбасынан басталады.
Менің отбасым
Менің отбасым
Отбасы – ең жақын және туыс адамдар. Әр отбасында жақсы қарым - қатынас болуы өте маңызды. Отбасы мүшелерін отбасылық дәстүрлер біріктіреді.
Өзге ұлт мұғалімдері арасында «Қазақшаңыз қалай» сайысы
Өзге ұлт мұғалімдері арасында «Қазақшаңыз қалай» сайысы
Тіл - өте маңызды құрал. Тіл - халықтың ұлттық мақтанышы, атадан балаға қалған мұрасы. Тіл болмаса, адам өз ойын біреуге жеткізе алмас еді. Өткен тарихымыз, халқымыздың әдет - ғұрыптары дәстүрлері, бізге ана тіліміз арқылы жетеді.
"Отбасымен бірге" эстафеталық сайыс
"Отбасымен бірге" эстафеталық сайыс
Маңғыстау облысы, Түпқараған ауданы, Баутин ауылы, «Ақбота» балабақшасының дене шынықтыру жетекшісі Ермекбаева Аманкүл Ерсайынқызы
Қазақшаңыз қалай?
Қазақшаңыз қалай?
Қарағанды облысы, «Балқаш қаласы жалпы білім беретін №24 орта мектебі»КММ Қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Оспанова Жанат Нуроллаевна
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×