Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Білім биржасы зияткерлік ойыны

22 қараша 2017, Сәрсенбі
Категориясы: Тәрбие сағаты
Тақырыбы: «Білім биржасы» зияткерлік ойыны
Мақсаты:
Білімділік: Оқушылардың экономикалық, стратегиялық ойлау қабілеттерін қалыптастыру. Технологиядан алған білімдерін еске түсіріп, тиянақтау;
Дамытушылық: Оқушылардың білімге деген құштарлығын арттыру, қызықтыру арқылы білімін тереңдету, зияткерлік қабілетін дамыту. Сөздік қорларын байыту;
Тәрбиелілік: Оқушыларды Отансүйгіштікке, бір - бірін сыйлауға, ұжымшылдыққа тәрбиелеу.
Қажетті құралдар: тест тапсырмалары, жауап парақтары.

Барысы:
Қайырлы күн, құрметті қонақтар, ұстаздар мен білімге құштар жас өрендер!
«Білім биржасы» зияткерлік ойынына қош келдіңіздер!
Бұл ойында №3 мектептің 8 «а» сынып оқушылары өз білімдерін сынамақ.
Ендеше ойын шартымен таныстырсақ:
Ойынға 6 оқушыдан тұратын 3 топ қатысады. Ойын 4 турдан тұрады.
І тур. Білім аукционы. Экономикалық ойынның шартымен оқушыларға 6 сұрақ қойылады. Дұрыс жауап беру арқылы өз ақша қорын жинайды.
ІІ тур. «Эрудиттер сайысы». Әр топ тест тапсырмаларына жауап беріп, әр дұрыс жауапқа ақша жинайды.
ІІІ тур. Таңдау – табыс. Әрбір таңдаған сан бойынша берілген тапсырманы орындайды.
ІҮ тур. Сыйлықтар аукционы. Жинаған ақша қорын сыйлықтарға айырбастайды.
«Болашақ»- білімділер тобы.
Ұраны:
Болашақтың ұрпағымыз білімді,
Сайыста көрсетпекпіз мектепте алған білімді.
«Эврика» – тапқырлар тобы
Ұраны:
Тапқырлық таныту мақсатымыз,
Біліммен шықсын тек жақсы атымыз.
«Асыл тас» білгірлер тобы
Ұраны:
Асыл тастан шығады ұранымыз
Мектептің көкке шырқар қыранымыз.

Әр топтың жинаған капиталын есептеп отыратын экспертпен танысып алайық мектебіміздің технология пәні мұғалімі Оразбаев Алмат Андақұлұлы.
«Адам байлығының ішіндегі ең тамашасы – білім», – деген екен шығыс ғұламасы Әбу - р - Райхан әл Бируни. Ендеше, білім байлығы саудаға түсер аукционымызды бастайық.

Аукцион шартымен таныс болыңыздар. Бүгінгі аукционымызда сауда «теңге» атты ақша бірлігімен жүргізіледі. Әзірше әр топтың қорында 50 теңгеден бар. Бұл – бастапқы капитал. Өз капиталыңызды көбейту – өз қолдарыңызда.
Аукционға технология пәнінің өткен тақырыптарынан қойылады. Сұрақтың бастапқы бағасы – 10 теңге. Топ бағаны 5 теңгеден жоғарылата алады. Ең жоғары баға ұсынған соң сұрақ оқылады. Егер дұрыс жауап айтылса – баға құны сол топқа беріледі, ал қате жауап айтылса, онда топ өз капиталынан сол ақшаны қайтарады. Ескерту: егер топ қорында бар барлық сомаға сұрақ сатып алып қателессе, онда – банкрот, өкінішке орай, ол топ аукционға қатыса алмайды.

Сонымен, «Білім – біліктілікке жеткізер баспалдақ, ал біліктілік – сол білімді іске асыра білу дағдысы», – деген ұлы ұстаз Ахмет Байтұрсыновтың сөздеріне сүйеніп, «Білім аукционы» атты І турды бастайық.
Аукционға 1.«Қауіпсіздік ережесі» бөлімінен қойылады. Сауданы бастаймыз. Бастапқы баға – 10 теңге. Қай топ жоғары баға береді? тобы бір, тобы екі, тобы үш. Сатылды! Дұрыс жауап берген жағдайда топ өз қорына теңге қосады.

Сұрағы: Материалды аралағанда қандай құралды пайдаланамыз?
Жауабы: Материалды аралаған кезде, құралдың жүзін демеу үшін арнайы бағыттағышты пайдалану керек.

2. Аукционға тағыда «Қауіпсіздік ережесі» бөлімінен қойылады. (Сауда жүргізіледі)
Сұрағы: Станокқа дайындаманың дұрыс бекітілгенін неше минут сайын тексеру керек?
Жауабы: 2 - 3 минут сайын станокты сөндіріп тексеру керек.

3. Аукционға «Егіншілік шаруашылығы» бөлімінен қойылады. (Сауда жүргізіледі)
Сұрақ: Арнайы дайындалған топыраққа тұқымдықты салу.
Жауабы: Арнайы дайындалған топыраққа тұқымдықты салу егу деп аталады.

4. Аукционға тағыда «Егіншілік шаруашылығы» бөлімінен қойылады. (Сауда жүргізіледі)
Сұрақ: Органикалық тыңайтқыштарды атаңдар.
Жауабы: көң, тезек, қорда, жасыл тыңайтқыш, шымтезек

5. Аукционға «Егіншілік шаруашылығы» бөлімінен қойылады. (Сауда жүргізіледі)
Сұрақ: Калийдің дәнді дақылға өсері.
Жауабы: Өсімдіктердің ауруға қарсы тұру қабілетін, жемісті сақтағанда сақталғыштығын, тасымалдағанда шыдамдылығын арттырады. Эстетикалық және дәмдік сапасын жақсартады.

6. Аукционға «Егіншілік шаруашылығы» бөлімінен қойылады. (Сауда жүргізіледі).
Сұрағы: Екі фазалы егін жинау бір фазалыға қарағанда неше күн ерте жиналады?
Жауабы: Жинау ылғалдылығы 25 - 35 пайыз ақшыл - сұр тартып піскеннен кейін бір фазалыға қарағанда 4 - 12 күн ерте басталады.

Осымен І – тур аяқталды. Кезекті экспертке берсек (Үш топтың жинаған ұпайларын айту).
Біздің екінші турымыз «Эрудиттер сайысы» деп аталады. Әр топқа тест тапсырмалары беріледі. Олар бірлесе отырып тапсырманы орындайды. Әрбір дұрыс жауап құны – 10 теңге. Ендеше,
«Тіл қаруы – сөз, сөз қаруы – ой, ақылды ой, алғыр сөз – адамның ең жоғарғы қасиеті» – деген Ғабиден Мұстафиннің сөзімен сайысты бастаймыз. Дайынбыз ба?
ІІ – тур. Эрудиттер сайысы.
Тест тапсырмалары:
1. Металды шапқанда...... ки.
а) қолбақ
ә) алжапқыш
б) көзілдірік
в) бас киәм
2. металды қайшымен кескенде.... ки.
а) қолбақ
ә) алжапқыш
б) көзілдірік
в) бас киім
3. Минералдық тыңайтқыштар.
а) көң, тезек, фосфор
ә) калий, фосфор, азот
б) тезек, қорда, жасыл тыңайтқыш
в) қорда, азот, шымтезек

4. Азоттың дәнді дақылға әсері.
а) энергия мен сутегін жеткізеді
ә) зиянкестерден қорғайды
б) денесі мен массасы ұлғаяды
в) тасымалдағанда шыдамдылығы артады
5. Астық өсу айналымы бойынша..... болып бөлінеді.
а) жаздық, қыстық
ә) көктемдік, күздік
б) жаздық, күздік
в) көктемдік, қыстық
6. Астықтың орташа өнімділігі
а) 9 ц/га
ә) 7 - 8 ц/га
б) 10 - 13 ц/га
в) 15 - 20 ц/га
ІІ – тур қорытындысын шығару. Кезекті экспертке берсек (Үш топтың жинаған ұпайларын айту).
«Білекке сенген заманда – ешкімге есе бермедік,
Білімге сенер заманда қапы қалып жүрмейік», – деген Абылай ханның ойлы сөзімен келесі турымызға көшейік.

Білім биржасы зияткерлік ойыны. жүктеу
3 565
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
«Smart Student» зияткерлік ойыны
«Smart Student» зияткерлік ойыны
Ойын сабақтары арқылы оқушылардың танымдық белсенділігін, пәнге деген қызығушылығын арттыру, зияткерлік қабілетін дамыту, логикалық ойлау жүйесін қалыптастыруға болады. Сондай - ақ бұндай ойындар оқушыларды шапшаңдылыққа, жүйелілікке,
«Білім биржасы» зияткерлік ойыны
«Білім биржасы» зияткерлік ойыны
Алматы облысы, Ұйғыр ауданы, Шонжы ауылы, Ж.Құдайбергенов атындағы орта мектебінің тарих пәнінің мұғалімі Матаева Назерке Сембековна
Білім биржасы (зияткерлік ойын)
Білім биржасы (зияткерлік ойын)
Сарсенова Мейрамгул Арыстановна Ақтөбе облысы, Мұғалжар ауданы, Ақкемер орта мектебі Мұғалімдердің «Шамшырақ» ғылыми - әдістемелік қоғамы «Талапкер» жас ұстаз мектебі
Білім биржасы
Білім биржасы
Нұрлы үмітпен арқалаған арқаға, Жан сәулесін тарататын баршаға. Шын пейілмен құрметімізді көрсетіп, Сайыскерлерді шақырайық ортағы.
Білім биржасы (зияткерлік ойын)
Білім биржасы (зияткерлік ойын)
Қалымбетова Айман Класы: 7 Сайыстың тақырыбы: «Білім биржасы» зияткерлік ойыны
"Білім биржасы" зияткерлік ойын
"Білім биржасы" зияткерлік ойын
Шиелі ауданы, Көкшоқы елді мекені №127 Ш.Уәлиханов атындағы орта мектеп-лицейінің бастауыш сынып мұғалімі Рахманбергенова Айнұр
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×