Білімділер поралы
загрузка...

Нашақорлық – шын қорлық

Тақырыбы: Нашақорлық – шын қорлық
Мақсаты: Жас желектей жайқалып өсіп келе жатқан жас жеткіншектеріміздің санасына ішімдік, темекі, нашаның адам баласын аздыратынын, одан аулақ болу жақтарын мысалдармен дәлелдеп түсіндіру. Салауатты өмір салтына тәрбиелеу.
Түрі: жарыс сабақ.
Құрал - жабдықтар: плакаттар, суреттер, жемістер, стикер, видеоролик, слайдтар.

Мұғалім сөзі:
Армысыздар құрметті ұстаздар және оқушылар! Бүгін сіздерге 8 «А» сынып оқушыларының «Нашақорлық – шын қорлық» атты ашық тәрбие сағатымызды ұсынып отырмыз.
Елбасының «Қазақстан - 2030» жолдауында көрсетілген өзекті мәселелердің бірі салауатты өмір сүру, оны насихаттау мәселесі. Салауатты өмір салты дегеніміз не? Ол әлеуметтік тұрмыстарды жақсарту, бос уақытты тиімді пайдалану, зиянды әрекеттерден аулақ болу деген сөз. Қазіргі кезде етек алған заманымыздың келесі дерттері шылым шегу, нашақорлық. Өмір - өмір сүру үшін беріледі. Сондықтан да жат қылықтардан аулақ болуға тәрбиелеу және салауатты өмір салтын насихаттау.
Грек тілінде « ұйқы» мағынасын білдіретін «narke» сөзі ағылшын тілінде « narkotik» деген сөзге айналып, ұйықтату, жансыздандыру, сезімсіздендіру деген мағынаны береді.

I. Ой қозғау. «Тәні саудың – жаны сау» (сұрақ — жауап).
1. Шылымның зияны тиетін мүше? (Өкпе)
2. Салауатты өмір салты деген не? (Салауатты өмір салты – спортпен шұғылдану, күн тәртібін сақтау, жеке бас гигиенасын сақтау, оң эмоциялардың көп болуы, маскүнемдіктен, нашақорлықтан, шылым шегуден аулақ болу)
3. Адамға ең қымбат. Ол не? (Денсаулық)
4. Денсаулыққа зиянын тигізетін қандай факторларды білесіңдер? (Шылым шегу, ішімдік ішу, нашақорлық, аз қозғалу, жеке бас тазалығын сақтамау)
5. Құрамында этил спирті бар. Ол не? (Ішімдік)
6. Гигиена деген не? (Грек тілінен аударғанда «денсаулық әкелуші» деген мағына береді)
7. Темекіден туындайтын ауруларды ата? (қолқа демікпесі, өкпе ауруы).

II. Бейнефильм «Ұрпақ шежіресі»
Өмірге адам бір - ақ рет келеді,
Жастық шағың өміріңнің кемелі.
Күте білсең саулығыңды өрелі,
Табиғаттың бергеннен көп берері. Әр топ өздерінің тобының аттары мен ұрандарын айтады.
1 - топ аты. Өз өміріміз үшін күресе білейік! Ұраны: Шынықсаң шымыр боларсың.
2 - топ аты. Салауатты өмір салтын қолдаймыз! Ұраны: Нашақорлыққа жол жоқ.
3 – топ аты. Өмірімізді ұзарту да, қысқарту да өз қолымызды! Ұран: Талпынған жетер – мұратқа.
III. Топпен жұмыс:
«Жақсыдан үйрен, жаманнан жирен» деп ата - бабаларымыз айтып кеткендей, әр топқа атадан қалған асыл сөздер мен мақал - мәтелдер беремін, жалғасын табады. 1 – топ.
1. Денсаулық – зор байлық.
2. Ауру батпандап кіріп,
Мысқылдап шығады.
3. Жан ауырса тән азады.
4. Тәні саудың – жаны сау.
5. Тәуіптің жақсысы – ауруға ауру қоспағаны.
6. Бас аманда мал тәтті.
Бас ауырса, жан тәтті.
2 – топ.
1. Ауруын жасырған өледі.
2. Сырқат – тән жарасы.
Қайғы – жан жарасы.
3. Денің сау болса,
Жарлымын деме.
Жолдасың көп болса,
Жалғызбын деме.
4. Тазалық – саулық негізі,
Саулық – байлық негізі.
5. Ауырып ем іздегенше,
Ауырмайтын жол ізде.
6. Емнің алды – еңбек.
3 – топ.
1. Аурудың жақсысы жоқ,
Дәрінің тәттісі жоқ
2. Өмірімізді ұзарту да қысқарту да өз қолымызда.
3. Бірінші байлық – денсаулық,
Екінші байлық – ақ жаулық,
Үшінші байлық – он саулық.
4. Салауатты өмір, көңілді көңіл.
5. Араққа жолама, жетелейді молаға.
6. Шынықсаң шымыр боларсың.

IV. Топтастыру:
Енді балалар, нашақорларды теледидардан немесе өмірден көріп жүрміз, баспасөзден оқып жүрміз, ал олардың зардаптары туралы не білеміз, нашақорлық неге апарып соқтырады, осы сұрақтарға жауап іздейік. Сонымен, балалар нашақорлықтың шын мәнінде қоғам үшін, отбасы үшін зардабы зор екенін білдік. Енді мынандай жұптық жұмыс істеп көрейік. Алдарыңыздағы үлестірмені таңдап, тапсырмаға жауап береміз.
1 - топ.
Нашақор адам мен дені сау адамды салыстыру.
2 – топ.
Нашақорлықпен күресу жолдарын іздеу.
3 – топ.
Салауатты өмір сүруге қандай әрекеттер кері ықпалын тигізеді?

V. «Біз болашақ салауатты, тәрбиелі білімді жас ұрпақпыз!»
“Темекі ” сөзінің бас әріптеріне мақал — мәтел немесе қанатты сөз жазу.
Т — тазалық денсаулық кепілі.
Е — екі ауру бір келсе ажалыңның жеткені.
М — маскүнем арақтан өледі.
Е — ескермеген ауру жаман.
К — күлкі денсаулық кепілі.
І — ішің ауырса аузыңды тый.

Нашақорлық – шын қорлық. жүктеу
Материал рейтингісі:
  • 0
барлық дауыс бергендер: 0
Басқа жаңалықтарды оқу:
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Үздік жаңалықтар
Бәйге бөлімі
  • Having fun. Abilities.

    To learn and practise Can/can't. To develop the pupil's habits of reading, speaking and writing, to support an interest to the English lesson.
  • Әртүрлі саладағы модельдер

    модель түрлерімен ажырата білуге, модель түрлерін анықтауға, модельдеудің қажеттілігін, оның пайдасын түсіндіру; оқушының шығармашылығын, ойлау қабілетін арттыру; еркін пікір білдіру мен өзара ...
  • Жұлдызды аспан

    Жұлдызды аспан – шоқжұлдыздар мен жұлдыздар олардың атаулары мен белгіленулері туралы ақпарат беру, айырмашылығын көрсету.
  • Зат есімнің септелуі

    Зат есімнің септелуі туралы түсінік беру. Септік жалғауларымен таныстырып, олардың сұрақтарын меңгерту. Оқушылардың топпен жұмыс істеу, ойлау, есте сақтау, зерделеу қабілеттерін дамыту.
  • Жұмбақ математика

    1 - ден 5 - ке дейін тура және кері санау, геометриялық пішіндерді ажырату; жұмбақ құрастыру, логикалық тапсырмаларды орындау арқылы балалардың тілін, ой – өрісін, ойлау қабілетін дамыту. ...
  • «Наурыз» С. Сейфуллин

    С. Сейфуллиның «Наурыз» өлеңді мәнерлеп оқиды. Сыни ойлауға үйренеді. Өлеңді жан - жақты талдайды. Жеке тұлға ретінде шығармашылыққа, іздемпаздылыққа баулу.
  • Ш. Мұртаза «Эльза – кішкентай періште»

    Жазушының өмірі мен шығармашылығынан мәлімет беру, үзіндіні толық талдау арқылы оқырманның рухани жан дүниесін байытудағы көркем шығарманың күш - қуатын таныту, идеялық мәнін ашу.
  • Презентацияларды құру. Безендіру шаблондары

    Презентацияны құру технологиясы туралы білімдерін қалыптастыру. Презентацияны жасауда өз шаблондарын құру технологиясын үйрену және оны практикада қолдана білу.
Соңғы пікірлер
Загрузка...
Өз пікіріңді білдір
5 күндік оқу кестесі дұрыс па?
Ия керемет
Бұрыннан күткем
Еш өзгеріс келтірмеді
Маған бәрібір
Жоқ бұрынғысы дұрыс еді
Сайтта кім бар
Барлығы: 289
Қолданушылар: 0
Қонақтар: 289
Роботтар: 2
Ілмек сөздер
Сайт статистикасы
Яндекс.Метрика