Білімділер поралы

Ел маңдайындағы ерен жұлдыз - Еңбек Ері Зылиха – қыз!

Ел маңдайындағы ерен жұлдыз - Еңбек Ері Зылиха – қыз!

Мақсаты: Ауыл шаруашылығы өндірісінің білгір жетекшісі Зылиха Тамшыбаеваның өмірі мен еңбек жолынан ғибрат алып, оқушыларды еліне, жеріне деген сүйіспеншілігін арттырып, адамгершілік қасиеттерге баулу.
Көрнекілігі: слайд, буклеттер, кітаптар көрмесі.

Жүргізуші: Армысыздар құрметті қонақтар, ұстаздар мен оқушылар! Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласы аясында «Тағзым. Құрмет. Өнеге» тақырыбында қазақ халқының мақтанышы, қоғам қайраткері, ауыл шаруашылығы өндірісінің білгір жетекшісі, Социалистік Еңбек Ері, екі мәрте Ленин орденінің кавалері, Октябрь Революциясы, Еңбек, Қызыл Ту ордендерінің иегері, «Парасат», «Құрмет» ордендерінің иегері Алматы облысының Құрметті азаматы Зылиха Тамшыбаеваның арналған еске алу кешімізге қош келдіңіздер.

Жүргізуші: Бүгінгі кешіміздің негізгі мақсаты - Зылиқа апамыздайұйымдастырушылық қабілеті жоғары кемеңгер апаның мүддесін түсіну, рухани тарихымызды тану, тұлғаның аяулы бейнесін бүгінгі және келер ұрпақтың есінде қалдыру.

Жүргізуші: Зылиха Тамшыбаеваның өмірі мен еңбек жолы жас ұрпаққа жарқын үлгі болып тарихта мәңгі қалады. Өскелең ұрпақ оның өнегелі жолын жалғастырады деп сенеміз. Зылиха апа – еліміздің, Жетісудың мақтанышы, еңбек майданындағы ұлағатты ұстаз.

Жүргізуші: Қаршадай күнінен бастап еңбекке араласқан қазақтың қарапайым біртуар қызы бүкіл ғұмырын туған жерін гүлдендіруге, ауыл тұрғындарының әлеуметтік - тұрмыстық жағдайын жақсартуға арнады.

Жүргізуші: Осы алып тұлғаның аңызға айналған жетістігі, шыққан биігі, қажырлы еңбегі туралы бүгін еске алудың сәті келген сияқты.

Жүргізуші: Ауыл шаруашылығы саласының шебер көшбасшысы атанған Зылиха Тамшыбаеваның өмірбаянын 5 - сынып оқушысы баяндап береді. (слайд көрсетіліп тұрады)

Жүргізуші: «Жетісу жұлдызы» әні орындалады./әні мен сөзі Темірбек Мизамбекұлыныкі/

Жүргізуші: Зылиха апайдың өнегелі өмірі, қажырлы еңбегі, азаматтық істері кейінгі ұрпаққа үлгі боларлық. Ол - өзінің қарапайым еңбегімен, қамқорлыққа толы көнілімен, жібектей жарқын жүзімен халқының жүрегіне жол тапқан Жетісудың маңдайында жарқыраған жұлдызы.

Жүргізуші: Зылиха Жанболатқызы Тамшыбаева 1981 жылы ауыл шаруашылығындағы айрықша әрі жемісті еңбегі үшін Социалистік Еңбек Ері жоғарғы атағына ие болды. Екі мәрте Ленин орденінің кавалері және «Октябрь Революциясы», «Еңбек Қызыл Ту», «Парасат», «Құрмет» ордендерімен марапатталды, «Қазақ ССР - інің еңбек сіңірген ауыл шаруашылығы қызметкері» құрметті атағына ие болды. Кеңес Одағы және Қазақстан Компартиясының бірнеше съездеріне делегат, Республика Жоғарғы Кеңесінің төрт мәрте депутаты болып сайланды. Бұл біздің елдің тарихында жазылып қалған мұрағат, өткен өмір күндерінің жемісті де жеңісті еңбек адамына көрсетілген зор құрмет еді.

Жүргізуші: Зылиха Тамшыбаева өзінің өмірі туралы оқырманға беретін тәлім - тәрбиесі мол «Жер туралы жыр» деген кітап жазды. Бұл шығармада оқырман қызығып оқитын, шексіз үлгі - өнеге шуағын төккен аяулы ана, ардақты жанның ғұмыр жолы бейнеленген.
Келесі кезекті әдеби монтажды тамашалау үшін мектебіміздің оқушыларына береміз. (Өлеңдері, арнаулары оқылады).
Еліміздің гүл - қызы
Жетісуда жағалай жасыл желек,
Қалаларын көркейткен биік терек.
Көк аспанға өзен - тау ылайық боп,
Туған жердің әркімге орны бөлек.
Еліміздің Гүл - қызы,
Маңдайдағы жұлдызы.
Көре берші қызығын,
Бақытты боп ұл - кызың.

Жүргізуші: Зылиха Жанболатқызын - қазақ қыздарына өшпес өнеге болатын ғажап тұлғаны прототип етіп алған Қуандық Шаңғытбаев пен Қанабек Байсейітовтің «Беу, қыздар - ай» пьесасынан, Еркеғали Рахмадиевтің «Жетісудың қыздар - ай» әніңен, Файзолла Абсолямовтың «Ее время пришло» деректі фильмінен де айқын көреміз.
Ақын Күләш Ахметова:
«Таңданам кеңдігіне даламыздың,
Айналған арқауына ән - аңыздың.
Туғызған қазақ деген жомарт халық,
Бірісің ғасырдағы дана қыздың!» — деп жүрек толғанысын білдірсе, Ақын Ахмет Кендірбекұлы:

«Жасынан еңбек болып ән ұраны,
Еліктеп өсті елімнің сан ұланы.
Алыстан ақ ордадай көз тартады,
Құт қонған шат - шадыман шаңырағы», — деп сырлы шумақтарын арнады. Тіршілігінде ғұмырнамасы сан шығармаларға арқау болған Зылиха Жанболатқызы Тамшыбаева Жетісу өңірінің ғана емес, тұтас қазақ халқының мақтанышына айналды.

Жүргізуші: Құрметті көпшілік, қадірменді қонақтар! «Өлі разы болмай, тірі байымайды» дегендей, алып тұлғалардың есімін, еліне сіңірген еңбегімен үлгілі ісін насихаттау, оларды ұрпақтан – ұрпаққа мирас етіп қалдыру – біздің азаматтық парызымыз.

Жүргізуші: Қоғам қайраткері, Жетісу өңірінің, тұтас қазақ халқының мақтанышы Зылиха Жанболатқызы Тамшыбаеваға арналған «Ел маңдайындағы ерен жұлдыз - Еңбек Ері Зылиха – қыз!» атты еске алу кешіміз өз мәресіне жетті.

Көріп тамашалағандарыңызға көп, көп рахмет.

«Көксу ауданы, Мұқыры ауылы
Жапсарбаев атындағы орта мектебі»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
математика пәнінің мұғалімі Ж. Ә. Сабырқұлова
Материал рейтингісі:
  • 0
барлық дауыс бергендер: 0
Басқа жаңалықтарды оқу:
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Үздік жаңалықтар
Бәйге бөлімі
  • Having fun. Abilities.

    To learn and practise Can/can't. To develop the pupil's habits of reading, speaking and writing, to support an interest to the English lesson.
  • Әртүрлі саладағы модельдер

    модель түрлерімен ажырата білуге, модель түрлерін анықтауға, модельдеудің қажеттілігін, оның пайдасын түсіндіру; оқушының шығармашылығын, ойлау қабілетін арттыру; еркін пікір білдіру мен өзара ...
  • Жұлдызды аспан

    Жұлдызды аспан – шоқжұлдыздар мен жұлдыздар олардың атаулары мен белгіленулері туралы ақпарат беру, айырмашылығын көрсету.
  • Зат есімнің септелуі

    Зат есімнің септелуі туралы түсінік беру. Септік жалғауларымен таныстырып, олардың сұрақтарын меңгерту. Оқушылардың топпен жұмыс істеу, ойлау, есте сақтау, зерделеу қабілеттерін дамыту.
  • Жұмбақ математика

    1 - ден 5 - ке дейін тура және кері санау, геометриялық пішіндерді ажырату; жұмбақ құрастыру, логикалық тапсырмаларды орындау арқылы балалардың тілін, ой – өрісін, ойлау қабілетін дамыту. ...
  • «Наурыз» С. Сейфуллин

    С. Сейфуллиның «Наурыз» өлеңді мәнерлеп оқиды. Сыни ойлауға үйренеді. Өлеңді жан - жақты талдайды. Жеке тұлға ретінде шығармашылыққа, іздемпаздылыққа баулу.
  • Ш. Мұртаза «Эльза – кішкентай періште»

    Жазушының өмірі мен шығармашылығынан мәлімет беру, үзіндіні толық талдау арқылы оқырманның рухани жан дүниесін байытудағы көркем шығарманың күш - қуатын таныту, идеялық мәнін ашу.
  • Презентацияларды құру. Безендіру шаблондары

    Презентацияны құру технологиясы туралы білімдерін қалыптастыру. Презентацияны жасауда өз шаблондарын құру технологиясын үйрену және оны практикада қолдана білу.
Соңғы пікірлер
Өз пікіріңді білдір
5 күндік оқу кестесі дұрыс па?
Ия керемет
Бұрыннан күткем
Еш өзгеріс келтірмеді
Маған бәрібір
Жоқ бұрынғысы дұрыс еді
Сайтта кім бар
Барлығы: 341
Қолданушылар: 3
Қонақтар: 338
Роботтар: 2
Ақгүл Гульсана Dinashka
Ілмек сөздер
Сайт статистикасы
Яндекс.Метрика