Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Өмір – таңғажайып әлем

15 қаңтар 2018, Дүйсенбі
Категориясы: Тәрбие сағаты
Тақырыбы: «Өмір – таңғажайып әлем»
Мақсаты: Өмірдің ғажайып дүние екендігін насихаттау
Күтілетін нәтижелер:
• Өзінде бар құндылықтарды бағалай біледі;
• Бақытқа қол жеткізе алатынына сенім туғызады;
• Өмірге деген құштарлықтары, қызығушылықтары оянады,
• Өмірдің мәні туралы ой пікірлерін ортаға салады, өмірге жақсы көзқараспен қарауға, қадірлей, бағалай білуге тәрбиеленеді;
• Өмірден өз орындарын таба біліп, айналасына қуаныш сыйлай білуге үйренеді.
Түрі: тренинг
Формасы: топтық
Қатысушы: 1 - 2курс студенттері
Құрал - жабдық: қағаз, қалам

Барысы:
І. Қызығушылықты ояту:
Шыда, шыда
Шыдай түс, шыда тағы
Шыдамдыны мына өмір ұнатады
Үміттің Құлан иек құла таңы,
Әйтеуір бір атады, бір атады…
Өкінбе, өкпелеме, бүгініңе,
Өмір, өмір!
Болмайды түңілуге,
Мәңгі сені жазбаған сүрінуге,
Қайта тұрып, қақың бар жүгіруге
Түсінемін жаныңның ауырғанын,
Шыдадың ғой, шыдай түс, дамылдағын.
Иогтардың тәсілін қабылдағын,
Басқасына бас ұрып, табынбағын.
Шыда, шыда!
Шыдай түс, тағы шыда!
Тау құлатқан тасқынның ағысына,
Кір жуытпай, кіршіксіз намысыңа,
Қарысуға болады, алысуға…

Жоғарыдағы М. Мақатаевтың өлең жолдары бойынша сұрақтарға жауап алынады.
1. Осы өлең жолдарынан нені аңғаруға болады?
2. Бұл өлең сөздерінен қандай әсер алдың?
3. Бейнероликтен алған әсерің қандай?
Берілетін уақыт: 7 минут

ІІ. Мағынаны тану:
1. Өмірге деген қызығушылықты арттыру мақсатындағы бейнеролик көрсетіледі. Содан алған әсерлері ойынша «Өмір – таңғажайып әлем» деген тақырыпта презентация дайындайды.
Қатысушылар 4 топқа бөлінеді. Әр топта 7 студенттен болады. Қалған студенттер көрермен ретінде ескеріледі.
Берілетін уақыт: 15 минут
1-топ: «Тек қана, алға!».
2-топ: «Бәрі де өз қолымызда!».
3-топ: «Біз, саған сенеміз!»
4топ: «Біз біргеміз!»
Кейін әр топ өз презентацияларын қорғайды. Қорғау тәртібі топ шешімімен байланысты болады.
2. Есте қалған қызықты оқиға
Топ дөңгеленіп отырып, қатысушыларға доп беріледі. Допты бір - біріне кезектесіп беріп, есте қалған қызықты оқиғаларды айтады.

3. «Мен өз әлемімнің қожайынымын» жаттығуы.
Нұсқау: Қазір - бір - бірлеп орынан тұрып, омыртқаны тік ұстап, екі иықты түзулеп, үлкен қуаныш және мақтанышпен: «Мен - өз әлемімнің қожайынымын. Өмірімнің әр сәтіне жауапкершілік пен алдағы арманымның да жүзеге асуын өз міндетіме аламын», деген сөзді айту керек.
4. «Өмір, қымбатсың, маған!»» тақырыбында эссе жазу ұсынылады. Оны қатысушылардың барлығы да орындайды.
Берілетін уақыт: 7 минут
5. Төменде берілген жағдаяттарды сен қалай шешер едің. Осы баланың қабылдаған шешімі дұрыс деп ойлайсың ба? Жағдаятты рөлдік ойын түрінде сахналап түсіндіру керек.
Жағдаяттар:
1. Ата - анасы ішімдікке салынған. Үйінде өмір сүруге жағдай жоқ, қара нан мен қара шайдың өзі сирек кездеседі.
2. Ата - анасынан айырылған. Отбасында жетекшілері жоқ. Өмір сүрудің жолын білмейді. Өлімнен басқа жол жоқ деп ойлайды.
3. Тірлігі басқалардан төмен. Жұртпен бірдей киініп, ойнап күле алмайды. Достарымен бірге жүрмейді. Осыны өзінің кемшілігі деп санайды. Досы жоқ жалғыз қалады.
Шешімі қоштасу болады.
Жауабы:
1. Осы балаға берер кеңесіміз өмірден түңілмеуі керек, әке - шешесінің жолына түспеу керек. Осы өмірдің бір қадамы болуы керек. Өзінің бар өмірі алда екенін түсініп, өзінің әке - шешесіне ермей, өзінің жақсы өмір сүруіне талпыну керек. Егер әр адам басына түскен қиыншылықты жене алмай, өз - өзіне қол жұмсаса, адамзат әуелі құрып кетер еді.
2. Ата - анасынан айырылған адамдар қазіргі заманда өте көп. «Жетім көрсең, жебей жүр» деген сөз бар. Ол өзін ешқашан жетім деп санамауы тиіс. Бұл да өмірдің бір сынағы. Басыңды тік көтеріп, тек қана алға қара. Қиындықтың бәрін өліммен шешуге болмайды. Өзіне жақын адамдарды таба аласың, сондықтан еңбек етіп, өмірде өз орныңды тап. Ыбырай Алтынсарин атамыз айтқандай «Сен де бір кірпіш дүниеге, кетігін тап та, бар қалан!»

Досмұхамедов атындағы педагогикалық колледж
Педагог – психолог: Есенова Л. С.

Өмір – таңғажайып әлем. жүктеу
3 100
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Өмір мәні... (суицид туралы)
Өмір мәні... (суицид туралы)
Оқушыларға өздері қоғамның болашағы екендігін, сол болашақтың тағдыры осы өздерінің қолдарында екендігін ұғындыру
Тренинг: Өмір, өмірдің мәні
Тренинг: Өмір, өмірдің мәні
Өмірге деген ой пікірлерін ортаға салдыру, олардың адамгершілікке, ізгілікке, қайырымдылыққа, достыққа, сыйластыққа үйрету;
Жетім көрсең жебей жүр
Жетім көрсең жебей жүр
Жетім - сөзінің мән-мағынасын аша отырып, оқушыладың ұғымын кеңейту, өмірге деген құштарлықтарын, қызығушылықтарын ояту.
Өмір сен маған қымбатсың
Өмір сен маған қымбатсың
«Өмір», «бақыт» ұғымдарына тереңірек үңілуге ықпал жасау; Өзінде бар құндылықтарды бағалай білуге үйрету;
Мен өмірді сүйемін
Мен өмірді сүйемін
Өмірге деген құштарлықтарын, қызығушылықтарын ояту. Өмірдің мәні туралы ой пікірлерін ортаға салу, өмірге жақсы көзқараспен қарауға, қадірлей білуге, бағалауға тәрбиелеу. Өмірден өз орындарын табуға, айналасына қуаныш сыйлай білуге үйрету.
Өмір теңіз жүзем онда демеңіз, Ізгіліктен жасалмаса кемеңіз.
Өмір теңіз жүзем онда демеңіз, Ізгіліктен жасалмаса кемеңіз.
Қ. Сәтбаев атындағы орта мектебінің қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Сабырова Жамиля Сатыбалдықызы
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×